1 наурыз «Алғыс – сөздің асылы» атты қоңырау кезінде өткізілген жиынның мәліметі.
«Қ.ОрымбетовСредняя школа имени » отдела образования Шуского района
2021-2022 оқу жылы 1 наурыз «Алғыс – сөздің асылы» атты қоңырау кезінде өткізілген жиынның мәліметі.
Мақсаты: білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Басқа адамдарға жақсылық жасап халықты татулыққа біріктіретін 1 наурыз алғыс айту күніне орай мектепте 5-11 сыныптарда «Алғыс – сөздің асылы» атты жиын өтті. Өскелең ұрпақты толерантты, бейбіт өмір сүруге, отансүйгіштік және сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында күнделікті өмірде алғыс айтудың мән-мағынасы туралы әңгіме қозғалды.
Жиын барысында оқушылар бір-біріне жүректен шыққан жылы сөздерін арнап, ән, би, монолог оқыды. Сыни сұрақтар арқылы сынып сағатының тақырыбы ашылып, «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында стенд жасаолды, оқушылар мектеп мұғалімдері мен достарына тілектер жазды. Оқушылар «Алғыс», «Ризашылық» сөздері туралы ой-толғамдарын сурет сала отырып өз ойларын айтты.
Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!
Отбастарыңызға бақ орнасын!
Ырыс - несібе үйлеріңізден кетпесін!
Ұл - қыздарыңыз аман болсын!
Абыройларыңыз асқақтай берсін!!!
Ізгі тілек, жылы лебізін білдіруші
Стендке бір-біріне алғыстарын, әсерлері туралы жазды. Жиынға оқушылар белсенді қатысты, өз дәрежесінде өтті.
ДТЖО А.Баймахан
Педагог ұйымдастырушы А.Рысдаулетова