Жас мамандармен жүргізілген жұмыстың есебі » Е.ОрымбетовСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.ОрымбетовСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Жас мамандармен жүргізілген жұмыстың есебі
05
июнь
2024

Жас мамандармен жүргізілген жұмыстың есебі

Педагогикалық тандем  жұмысын ұйымдастыру

Әдістемелік жәрмеңке жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Оқу үрдісі (сабақ барысы)
  • Оқу-тәрбие үрдісі (тәрбие бағытындағы жұмыс)
  • Сыныптан тыс шаралар
          Қатысушылар ұсынылған бағыттар бойыншабір бағытты таңдап,келесі жұмыс түрлерін ұсынуға болады: ықшам сабақ,шағын тренинг, шебер-класс, ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы, ортақ проект, т.б.өздері таңдайды. Жұмыс регламенті 10 минут. 
Бағалау критерийлері:
  • тәлімгер мен жас маманның бірлескен  (жұптасқан) жұмыс барысы;
  • өзектілігі, жаңашылдығы;
  • белсенді оқыту әдістерін қолдану;
  • аудиторияның назарын бірден өзіне аудара алу шеберлігі;
  • жүйелілігі мен бірізділігі;
  • тәрбие аспектісінің ерекшелігі;
  • тіл мәдениетіне қойылатын талаптардың сақталуы;
  • теориялық білімділігі.
   Төмендегі шығармашылық топ мүшелері әділқазылар алқасы болып тағайындалды. 
    Жоғарыда көрсетілген бағалау критерийлері бойынша  бағалап, қорытындысын шығарды.
Құдайбергенова Айдана - І орын 
Нурғожаева Биғайша – ІІ орын
Жармағанбетова Мақпал – ІІ орын
Амангелді Темірлан – ІІІ орын

     2023-2024 оқу жылының 19-29  ақпан күндері жас мамандардың онкүндігі ұйымдастырылды. Биыл оқу жылында мектебімізде 14 жас маман жұмыс жасайды. Жас мамандар өздерінің ашық сабақтарын жоспар бойынша өткізді.                 

    13.02.2024 күні Құдайберген Айдана ағылшын тілі пән мұғалімі 5 ә сынып оқушыларымен «The Peart of  Kazahstan»   тақырыбында ашық сабақ өткізді. Психологиялық ахуал тудырды. Оқушыларды топтарға біріктіріп, домжұмысы тексерілді. Жаңа тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстырды. Сабақта оқушылар 5 тапсырма орындады. Әр тапсырмаға дескриптор берілді. Бағалау 10 балдық жүйе бойынша жүргізілді. 

13.02.2024 күні Тұрап Бекболат физика пән мұғалімі 9 ә сынып оқушыларымен «Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері» тақырыбында ашық сабақ   өткізілді. Жаңа сабақ видео көрсетіліп, жаңа сабақ түсіндірілді. Жұптық жұмыс беріліп, есептер шығарды. Жаңа тақырып бойынша тсет тапсырмасы берілді. Обратная связь жүргізілді. Қорытынды: есептер шығаруға уақыт жеткіліксіз болды. Тапсырма бойынша берілген балл саны 10-ға жетпеді. Жаңа тақырыпты түсіндіруге көп уақыт бөлінді.

     14.02.2024 күні Нурғожаев Биғайша орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі  8 б сынып оқушыларымен «Янка Мавр. Сын воды» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үй жұмысы тексерілді. Жаңа тақырып бойынша мәтінді мұғалім өзі оқып таныстырып шықты. Мәтінді оқушыларға тізбектеп қайта оқытты. Мәтін бойынша «Жуан,жіңішке» сұрақтарға жауап берді. Сұрақтарға жауап беріп, кейіпкерлерге мінездеме берді. Қорытынды: сабақта оқушылардың белсенділігі төмен болды. Тапсырмаға дескриптор берілмеді. Бағалау аяқсыз қалды. Сабақта көрнекілітер, тиімді әдіс-тәсілдер қолданылмады.        15.02.2024 күні Самандаров Бекзат ағылшын пән мұғалімі 4 б сынып оқушыларымен «Unit  revision»   тақырыбындағы сабағының қорытындысы. Үй жұмысы тексерілді. Болымды, болымсыз етістіктерді қайталап өтті. Жазбаша тапсырмалар орындалды. «Әуе шары» әдісі арқылы бағалау  жүргізілетінін айтып өтті. Қорытынды: тақтадағы оқушылардың қателерін түзету, тиімді әдіс –тәсілдерді қолдану, тапсырмаларды түрлендіру, балл саны 10-ға жетпеді, өз бетінше  орындап отырған оқушыларды бағалап отыру.

15.02.2024 күні Бекболат Ақерке ағылшын тілі пән мұғалімі 4 а сынып оқушыларымен «Healthy bodies 1» тақырыбындағы ашық сабақ өткізді. Үй жұмысы бойынша сөздерді орындарына қойды. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылды. Жаңылтпаш оқыту арқылы жаңа сөздерді жаттады. Сабақта оқушыларға пайдалы,пайдасыз тағамдар туралы берілді. Қорытынды: сабақта жас маман тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана білді. Бағалалау жүргізілді. Тақтадағы жаңа сөздерді үлкен қағазға шғару керек еді. 

   15.02.2024 күні Райханова Жұлдыз қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі 7 г сынып оқушыларымен «Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» тақырыбындағы ашық сабағы. Оқушылармен психологиялық ахуал тудырды. «Спиннер» әдісі арқылы шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап берілді. «Авторға хат» әдісі арқылы «Егер мен автор болсам шығарманы қалай аяқтар едім?»  тақырыпта хат жазды. Венн диограммасы жүргізілді. Қазіргі уақыттағы балалар мен Ұлы Отан соғысы уақытындағы балалардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы жазылды. «Зерде» әдісі арқылы кері байланыс және бағалау  жүргізілді. 

16.02.2024   күні Өмірзақ Айнұр қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі 8 а сынып оқушыларымен «М.Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылды. Тапсырмалар топтық жұмыс ретінде берілді. Қорытынды: оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, әдебеттік теорияға кеңірек тоқталу. Жас ерекшелітеріне қарай тапсырмаларды түрлендіріп дебат ретінде алу ұсынылды. Берілген тапсырмалар топтық болғандықтан өте жеңіл болды. Оқушылардың білімі мұғалім тарапынан бағаланып отырды.       16.02.2024 күні Куспекова Айзада орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі 4 б сынып оқушыларымен «Земля – наш общий дом» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Психологиялық ахуал тудырып, домжұмысы сұралды. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылды. Сурет бойынша жаңа тақырып түсіндірілді. Школьникам ащщы су мен таза судың пайдасы туралы , неліктен таза су азайып бара жатқаны туралы толығырақ айту керек еді. Топтық жұмыста оқушылар тақырып бойынша жарнама құрастырды. Қорытынды: сабақта 5 тапсырма орындалды. Уақыт жетекіліксіз болды

                       Қорытынды: жоспар бойынша іс-шаралар толық өткізілді. Жас мамандардың ашық сабақтары бойынша өздеріне ұсыныстар айтылды.