«Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі » Е.ОрымбетовСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.ОрымбетовСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі
24
май
2024

«Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі

«Қ.ОрымбетовСредняя школа имени » КММ

2023-2024 оқу жылының 05.02-15.02 аралығында «Білім.Өнер.Еңбек» онкүндігінде бірлестіктің атқарған жұмыстары


Мектебімізде биылғы оқу жылының 05.02 – 15.02 аралығында онкүндік   басталды. Онкүндікке мектеп дәлізі тақырыпқа сай безендіріліп, онкүндік  жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар, сайыс , сыныптан тыс сабақтар, көңілді ойындар, көрмелер ұйымдастырды. Бірлестікте химия, биология, көркем еңбек , музыка пәндері бойынша сабақтар қамтылды. Онкүндіктің ашылуына бейнеролик шақырылу жіберілді.

  


 

  


 

Қ.ОрымбетовСредняя школа имени ” КММ “ Білім.Өнер.Еңбек” онкүндігінде  оқушылармен “Көңілді қоңырау” рубрикасы, “ Өнерлі қолдар” .


"Қ.ОрымбетовСредняя школа имени "КММ Білім.Өнер.Еңбек онкүндігінде "Көңілді қоңырау" рубрикасы

 


Мектебімізде “Білім.Өнер.Еңбек” онкүндігінде  Ұстаздар арасында “Қыс қызығы” тақырыбында қысқы спорт ойындары өткізілді. 

Сайысқа 7 бірлестік қатысты.Сайыс 5 кезеңнен құралды.

І кезең. Ұран

ІІ кезең. Шаналар жарысы

ІІІ кезең. Кім күшті

ІV кезең. Қаппен жүгіру

V кезең. Галерея

Ұстаздар сайысты қызықты ойындармен, белсенділіктерімен, тапқырлығымен қатысып, күлкіге бөленді. Ойын барысында Ұранмен топтарын таныстырып, шаналарр жарысы болды. Сайыс тартысты қызық өтті. 3 орын- орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігі ,2 орынды- тарих ,география және қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігі,1 -орын-МИФ бірлестігі, бас жүлде -бастауыш сынып бірлестігі иеленді. Бірлестіктер марапатталып бағалы сыйлықтар берілді. 






Ұжым ұстаздарына қолдаукөңілдерін көтеру мақсатында көңілді бейнероликтер түсірілді.  

 

 



     “Қ.ОрымбетовСредняя школа имени ” КММ

“ Білім.Өнер.Еңбек” онкүндігінде мұғалімдермен “ Жаңа форматтағы мұғалім” тақырыбындағы коучинг. 

Жауапты мұғалім:Б.Алимжанова

Мақсаты: Мұғалідер  игерген оқыту стратегияларын қолдану қажеттілігін білу, әдіс тәсілдердің бағытталуын ұғыну.

Қатысушыларды қарсы алу, амандасу. «Қуант, Есім» тренингі арқылы өз есімдерінің бас әрпінен келетін әдемі тілектерді оң жақ көршісіне айту.

Б-бақытты бол, биіктей бер, бірлі болсын.

«ШЕБЕР» әдісі.

Тақырыпты презентациялау

«Жаңа форматтағы мұғалім» тақырыбы. «Джонсон» үшбұрышына өз ойларын орналастыру.  Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім – мектептің  жүрегі» деген.   Біріншіден, мұғалім тәуекелшіл болуы тиіс. Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болуы керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Екіншіден, психолог болуы  тиіс. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек. Үшіншіден, білікті педагог болуы тиіс. «Педагог» сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына өте жақын. Төртіншіден, көшбасшы болу – басты міндет. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса, сол ортада көшбасшы бола білуі керек.Бесіншіден, заманауи технологияны игере білуі тиіс. Бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты да заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру болып саналады. Алтыншыдан, рухани бай болу керек. Қай елде болсын мұғалімдер жаны рухани құндылықтарға бай болып, елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде таптырмас құрал саналады. Жетіншіден, әмбебеп мұғалім болуы өте маңызды. Коучинг барысында ұстаздар жаңашыл мұғалім образын негізгі мысалдармен келтіріп, ойларын қызықты етіп жеткізді.


    Қ. ОрымбетовСредняя школа имени КММ Білім Өнер Еңбек онкүдігінде 07.02.2024жылы 7 Ә сынып оқушыларымен. Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу. Бұйымның дизайны. Тақырыбындағы ашық сабақ 

Бейнелеу өнері және сызу 

Мұғалім: С. Архаров                                 

 Күні; 07.02.2024 Тақырып; Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу. Бұйымның дизайны 

Оқушыларга сабақ бастамас бұрын Психологиялық ахуал қалыптастыру; Қызыл гүлім-ай  би 

Әнді жалғастыр: 

Мақсаты; қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция турғызу.

Жаңа сабақты түсіндіру. Білу және түсіну 

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады 

Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу. Бұйымның дизайны 

Жариялау әдісі 

Әрбір оқушы берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. 

Оқушылар маған қарап; тақтадағы сурет салу сурет дәптерге 

Түстерді ажырата білу қарандашпен дұрыс жұмыс істеу 

Аяақталуы; Обратная связь жасадым 

3*3*1 әдісі арқылы

3-жаңалық (нені білдің)

3-сұрақ (нені білгің келеді)

1-ұсыныс (немен бөліскің келеді)

 

Білім.Өнер,Еңбек онкүндігінің жоспарына сәйкес биология пәні бойынша 07.02.2024 күні кезекті ашық сабақ ұйымдастырылып,өткізілді. Ашық сабаққа жауапты пән мұғалімі Хапсемет Айгерим,сынып 10 «ә» сыныбы.Сабақ барысында сабақ кезеңдеріне сәйкесінше тиімді әдістер пайдаланды. Оқушылар сабақ барысында барынша белсенді болды. Әр оқушы өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстырып, мақсатқа жете алды. Мақсаттың орындалғандығы оқушылардың қорытынды сұраққа,тапсырмаға нақты әрі толық жауап берулерінен байқалды. Сабақта уақыт әр кезең тапсырмасы мен тақырыпты ашу,яғни мағынаны тану бойынша тиімді пайдаланылды. Оқушылар топпен де,жеке жұмыста да уақытты және нақты ақпаратпен бөлісуді ескере алды. Сабақа қатысты мәліметтерді толық қамтыды. Сонымен қатар оқушылардың үнемі биология сабағында белсенді екендігі оқушылардың тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер жинақтап, өз беттерінше дайындалатындарынан байқалды. Оқушылар ашық сабақ тақырыбына сай интернет ресурстарынан статистикалық мағұлматтар ұсынды. Сабаққа қатысып өзара тәжірибе алмасқан мұғалімдер де өз ұсыныстарымен бөлісіп, кері байланыс берді.

Білім.Өнер,Еңбек онкүндігінің жоспарына сәйкес биология пәні бойынша 14.02.2024 күні сабақтан тыс сабақ ұйымдастырылып,өткізілді. Сабаққа жауапты пән мұғалімі Хапсемет Айгерим,сынып 10 «А» сыныбы.


Сабақтан тыс сабақ ұйымдастырудың басты мақсаты: ойын элементтерін пайдалана отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сайыс түрінде өткізілген сабаққа оқушылар өте жақсы белсенділікпен қатысты. Сабақ барысында қамтылған барлық кезең сұрақтарына жақсы жауап беріп, сайыс шарттарын мұқият орындады. Оқушылар сабақтан тыс сабақ барысында топпен жұмыс жасау дағдыларын, яғни ұжымдық татулық, өзара келісе жауап беру, топтық тәртіп ережелеріне бағыну сияқты дағдыларды айқын көрсете алды. Оқушылар сайыс барысында жеке сұрақтар бойынша ұпай алып отырды. Сабақ соңында екі топта теі ұпайға ие болды. Ең бастысы сабақтың мақсаты орындады,оқушылар өте белсенді болды.

 

Сайыс қыздарғатехнология пәні бойынша сайыс сабақөнерлі болсаңозып көршеберлікұқыптылық.

«Өнерлі болсаңозып көр» 

Қатысушылар: 8 сынып қыздары арасында 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың техникалық пәнінен алған білімдерін іс — тәжрибемен ұштастыра және толық мұғлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
 Білімділік мақсаты: Білім деңгейін көрсету, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.
 Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту,
 ұлттық мақтанышын, сезімін ояту.
 Тәрбиелік мақсаты: Өз елін, халқын, Отанын сүюге, құрметтеуге, шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тәрбиелеу;
 


«Қ.ОрымбетовСредняя школа имени » КММ,     10 «А»   сынып  оқушыларымен өтілген ашық сабаққа талдау.05.02.2024 ж күні «2 (ІІ)-топ элементтерінің химиялық қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.Оқу мақсаттары: 10.2.1.5 2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық  және  химиялық қасиеттерінің  өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу.Сыныпта оқушылар түгел болды. Сабақтың мақсатына сәйкес оқушылар ІІ топ металдары болып жұптасты. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар жұптарына  сәттілік тілеп, жақсы тілектер айтты. Оқушылар өздері таңдаған металл бойынша химиялық қасиеттерін айтып  реакция теңдеулерін жазып теңестірді.  Бірінші тапсырма бойынша ІІ а топша элементтерінің жалынның түсін бояуы бойынша видео көрсетілді, видео бойынша реакция теңдеулерін жазып, теңестіріп, түзілген затты атау керек болған. Көпшілік оқушы орындады, орындай алмаған оқушылар да болды.   Екінші тапсырма «тәжірибелер алаңы» болды, металдардың сумен және қышқылмен әрекеттесіп, түзілген сутекті сапалық анықтап көрсеттім. Бариймен  сульфат анионын сапалық анықтауды және кальций сарбонатын алыну сапалық реакциясын көрсеттім.  Оқушылар химиялық рреакция теңдеуін жазып, теңестіріп, түзілген заттарды анықтады, тапсырмаларды  тексеріп отырдым, бағалауды өзім жүргіздім.   Үшінші тапсырма ІІ А топша элементтерінің қолданылуына байланысты болды, ауызша және жазбаша тапсырмалар орындалды.   Оқушылар сабақта тиісті балдарын алып, домтапсырмасы берілді. Білім алушылар өз деңгейлерінде білімдерін көрсете алды. 


«Ғажайып химия» атты тақырыпта сыныптан тыс сабақ 10 «А»  сынып және 10 «Ә» сынып оқушылардың  дарындыларының арасында жарыс өткізілді. Жарыс мақсаты: оқушылардың химия пәніне қызығушылықтарын арттырып, білім арқылы ақша табуға болатынын дәлелдеу.     Жарысқа жеті оқушы қатысты: Әсенқызы Назым, Кличева Жансая, Өмірхан Нұрай, Есимова Ақбота, Муслим Жібек,   Кульбай Дарая, Адешбай Аяулым қатысты.     Бірінші оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып, презентация жасалынды, сынып бөлмесі безендірілді.Бірінші тур QUIZIZZ  платформасымен он есеп берілді, оқушылар есептерді шығарып, тапсырманы орындады.   Бірінші турдан кейін  аз балл жинаған Кульбай Дараямен Адешбай аяулым ойыннан босатылды.Екінші тур Padlt  тақта платформасы бойынша бес тапсырма берілді, тапсырмалар реакция теңдеін жаз, сапалық реакциялар бойынша кесте толтыру, химиялық заттардың табиғатта таралуы мен қолданылуы туралы тапсырмалар болды. Екінші турдан кейін Муслим   Жібекпен Есимова Ақбота шығарылды.Үшінші тур «ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕ» көрстілді. Үшінші турда тәжірибені үш оқушы жақсы жасап бірдей балл берілді. 

Қорытындылай келе Өмірхан Нұрай бірінші орын иеленіп 6000 теңге алып , екінші орын Әсенқызы Меруерт 5000 теңге , үшінші орын Клычева Жансая 4000 теңге  иеленді. Оқушыларды марапаттауға кәсіп одақ басшысы Казибаева Роза демеушілік жасап 10000 қосты және жеңімпаздарды марапаттап, қолдарын алды. 5000 теңге ақшаны өз қалтамнан шығарып және тәттіні барлық қатысушыларға тараттым. Оқушылар өз білімдерін көрсете алды. 


Білім.Өнер,Еңбек онкүндігінің жоспарына биология пәні бойынша 09.02.24 күні кезекті ашық сабақ  ұйымдастырылып өткізілді.Ашық сабаққа жауапты пән мұғалімі Телеуова Роза,сынып 7 «в» сыныбы.Сабақ барысында сабақ кезеңдеріне сәйкесінше тиімді әдістер пайдаланылды.Оқушылар сабақ барысында барынша белсенді қатысты.Оқушылар өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстырып ,мақсатқа жете алды.Сабақта өз ойын дұрыс мағынада білдіріп ,талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандырылып отырды.Интерактивті тақтадан видеолар көрсетіліп сұрақтарға жауап бергіздім.Оқулықты оқып танысып ,тірек сөздермент танысып дәптерлеріне жазып алды.Сабаққа қатысып өзара тәжірбие алмасқан  мұғалімдер өз ұсыныстарымен бөлісіп,кері байланыс берді

  .Сыныптан тыс сабақ  «Биология әлеміне саяхат» тақырыбында 8 «б»,8 «в» сыныптар аралығында «Бәйшешек» және   «Раушангүл» тобы арасында өтілді.Сабақтан тыссабақ ұйымдастырудың мақсаты:ойын элементтерін пайдалана отырып ,оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақ барысында берілген барлық кезеңдер қамтылып ,сұрақтарға жақсы жауап беріп,сайыс шарттарынмұқият орындады.Оқушылар сабақтан тыс сабақ барысында топпен жұмыс жасау дағдыларын ,ұжымдық татулық, өзара келісе отырып жауап беру,топтық тәртіп ережелеріне бағыну сияқты дағдылардыайқын көрсете алды.Екі топ тең ұпайға ие болып оқушылар марапатталды.Пәнге деген қызығушылықтары жақсы байқалды.

Білім.Өнер,Еңбек онкүндігінің жоспарына сәйкес жаратылыстану пәні бойынша 09.02.2024 күні кезекті ашық сабақ ұйымдастырылып,өткізілді. Ашық сабаққа жауапты пән мұғалімі Болысбаева Айнура,сынып 5 «б» сыныбы.


      Сабақ барысында сабақ кезеңдеріне сәйкесінше тиімді әдістер пайдаланды. Нақтырақ айтатын болсақ «Спиннер әдісі» оқушыларға өте қызықты болды,Оқушылар сабаққа өте жақсы ат салысты. Әр оқушы өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстырып, мақсатқа жете алды.

Сабақ барысында жеке жұмыс,топтық жұмыстар орын алды.Аталған жұмыстарда оқушылар белсенділік көрсете алды. Сабақта уақыт әр кезең тапсырмасы мен тақырыпты ашу,яғни мағынаны тану бойынша тиімді пайдаланылды. Сабаққа қатысты мәліметтерді толық қамтыды. Сонымен қатар оқушылардың үнемі жаратылыстану   сабағында белсенді екендігі оқушылардың тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер жинақтап, өз беттерінше дайындалатындарынан байқалды.Қорытынды бөлімінде Оқушылардан кері байланыс ретінде «Терминдік диктант», «Ұстазға хат»  жаздырылды.Осы әдістер арқылы қызықты кері байланыс орнатылды.Оқушылар өз ойларын ашық әрі нақты жеткізе білді. Сабаққа қатысып өзара тәжірибе алмасқан мұғалімдер де өз ұсыныстарымен бөлісіп, кері байланыс берді.

«Қ.ОрымбетовСредняя школа имени »КММ 2023-2024  оқу жылында 

«Білім,өнер,еңбек» онкүндігі аясында көркем еңбек пәні бойынша

 7 «А»сынып оқушыларымен өткізілген ашық сабақтың мәліметі

15.02.2024ж «Жиынтық құрастыру.Бөлшектерді пішу.Жеке бөлшектерді өңдеу.Бөлшектерді біріктіру және бұйымды өңдеу.Бұйымды әшекейлеу» тақырыбында 7 «А»сыныбына ашық сабақ өттім.Сабақ басында оқушылар көңілді сәлемдесу тақпақтарын айтты.

Сабақ мақсаты:Еліміздің мәдениетіне деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылығын қалыптастыру.Қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланып,бұйым жасауды үйрену.

Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында  «қар кесегі»тәсілі арқылы сұрақтар қойылды.

Содан кейін жаңа тақырып түсіндірілді.Көрнекіліктер ретінде әртүрлі суреттер,қолөнер бұйымдарын қолдандым.Оқушылар топтық жұмыста дайын гүл суретіне бисер жабыстырды және мозайка жұмысын жасай білді.Сергіту жаттығуына ой –өрістерін дамыту мақсатында сөзжұмбақ шешкіздім,тақырыпқа сай жұмбақтар жасырылды.

Обратная связь жасау үшін «бір сұрақ,бір үнсіздік»әдісі арқылы түсінгендерін тексердім.Сабаққа байланысты мәліметтерді толық қамтыды.

Рефлексия жасалды.Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін «Бас бармақ»тәсілі арқылы білдірді.Сабақта мақсатқа жеттім деп ойлаймын,өйткені оқушылар топтық жұмысты жасай алды,әшекейлеуді үйренді.Оқушылар қызығып,белсенді жұмыс жасады.Школьникам жеткілікті,керемет,жарайсың,тамаша деген мадақтамалар айтылды.



«Қ.ОрымбетовСредняя школа имени »КММ

«Білім.Өнер.Еңбек» онкүндігінде «ДосБолLike» көңілді тапқырлар клубы ойындарының мәліметі

Мақсаты:Оқушылардың өзбеттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытты тиімді пайдануға, Достық құндылықты арттыруға үйрету.

 «Білім.Өнер.Еңбек» онкүндігінің жоспарына сәйкес «ДосБолLike!»  тақырыбында көңілді тапқырлар клубы ойындары өтті. 

Ойынға 8-10 сыныптар қатысты. Ойын барысында балалардың тақырыпқа сай әзіл ойнауы , сахна мәдениеті, киім киістері бағаланды. 

Ойын нәтижесі бойынша: 

І орын-10 «Ә» сыныбы

ІІ орын- 8 «Б» сыныбы

ІІІ орын- 8 «Д» сыныбы иеленді.


«Қ.ОрымбетовСредняя школа имени » КММ- сінің  биология пәнінің мұғалімі Телеуова Р.А. 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмысына есебі.

2023-2024 оқу жылында апталық жүктеме биология және жаратылыстану пәні бойынша 24 сағат жүктеме бойынша жұмыс   жасадым. Оқушылармен білім сапасын арттыру бойынша  топтық және жұптық жұмыстар жүргізіліп, оқушылар өз бетінше білім алуына мүмкіндік берілді. Оқушылардың пән бойынша білім сапасы мен оқу жетістіктері бойынша көрсеткіштері төмендегі кестедегідей болды.

сыныптар

Пәні 

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

1

7 «А»

Биология

100

57

2

7 «Ә»

Биология

100

76

3

«Б»

Биология

100

78

4

7 «В»

Биология

100

72.73

5

7 «Г»

Биология

100

71.43

6

8 «А»

Биология

100

62.96

7

8 «Б»

Биология

100

58.62

8

8 «В»

Биология

100

61.54

9

9 «В»

Биология

100

56.52

10

9 «Б»

Биология

100

68.38

11

5 «А»

жаратылыстану

100

68

12

5 «Ә»

жаратылыстану

100

88.89


орташа


100


«Білім, еңбек, өнер» бірлестігінің онкүндігінде  7 «В» сыныбымен «Нейрондардың құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Ашық сабақта барлық оқушы бағаланды, жұптық және топтық жұмыс жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.   8 «Б» 8 «В» сынып оқушылары арасында «биология әлеміне саяхат» тақырыбында сыныптан тыс сабақ интерактивті платформаларды қолданып өткізілді. Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын ояту мақсатында өтілген сыныптан тыс сабақта оқушылар белсенді қатысып, білімдері бойынша марапатталды.



2023-2024 оқу жылында Сәтпаев атындағы орта мектебінде өтілген «Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер» тақырыбында өтілген семинарға қатысып, іс -тәжірибе алмастық. 

2023 жылы тамыз айында биология пән мұғалімдерінің құзыреттілігін арттыру мақсатында «Биология пәнін оқытудың әдіс тәсілдері» тақырыбында өтілген біліктілік арттыру курсына қатыстым.


   1. 2023-2024  оқу жылында көркем еңбек пәнінде оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, жылдың оқу жоспарын толық оқытып,оқу сапасын көтердім.

2.Осы оқу жылында мектепшілік іс-шараларға қатыса отырып, оқушылардың жасаған табиғи материалдардан ,ермексаздан,түсті қағаз жұмыстарынан көрме ұйымдастырдық.

3. 6-7сынып оқушыларының қолөнер бағытын дамыта отырып тоқыма тоқу, бисермен жұмыс,өру бағытындағы қолөнер заттарын жасатып үйреттім.

4. Оқушылармен  жұмыс жүргізіп,қолөнер тақырыбындағы жұмыстарды оқушылармен бірге жасадық.

5. Оқу жоспарын игерумен қатар,оқушылардың сәндік-қолданбалы өнерге, қолөнерге деген қызығушылығын тиімді әдіс-тәсілдермен арттыру жұмыстары жүргізілді.

6. Жыл бойы жоспар бойынша ашық сабақтар ,сыныптан тыс сабақтар, көрме ұйымдастырылды.

 5 «Г»сынып оқушыларымен 10.11.2023 ж  аптадан –аптаға айдары бойынша «Ою-өрнектің түрлері мен қысқаша тарихы.Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегі» тақырыбында ашық сабақ өтілді.


Халықаралық «Бояулар құпиясы» атты конкурста көркем еңбек бағыты бойынша 5 –сынып оқушылары Ернатқызы Маржан мен Мамырқызы Нұрила 1 дәрежелі дипломдарын алды.


7 «А»сыныбымен «Жиынтық құрастыру.Бөлшектерді пішу және бөлшектерді өңдеу.Бөлшектерді біріктіру және бұйымды өңдеу.Бұйымды әшекейлеу»тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

 

Бастауыш мектепте апталықтың басталуына орай  «Ұлттық құндылықтар»тақырыбында көрме ұйымдастырылды .


 5-16.02.2024 ж   апталықтың онкүндігінде бірлестікпен бірге «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты көрме ұйымдастырылды.


6 .Халықаралық «CRAND STAR AZIA» атты байқауда қолөнер аталымы бойынша 6 «В» сынып оқушысы Дәулетбек Інжу бас жүлдені жеңіп алды .


Республикалық   «Самға самұрық» байқауында қолөнер аталымы бойынша 6 «В»сынып оқушысы Дәулетбек Інжу  1-орынды иеленді.




«Қ.ОрымбетовСредняя школа имени » отдела образования Шуского района 

 2023 – 2024 оқу жылы еңбек пәнінің мұғалімдері Бұхабай Гулмайра мен   Рысдаулетова  Айнаштың  жылдық шығармашылық есебі.

                   Көркем еңбек пәнінің мақсаты: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. 

              2023 - 2024 оқу жылында орта мектептерде жалпы білім берудің стандарттарына сәйкес жасалған жоспардағы  барлық тақырыптар толық оқытылды. Оқу сапасына аса үлкен мән берілудің арқасында тәжірибелік жұмыстар да толық жүзеге асырылды. Бейнелеу және технология сабағында орындалатын жұмыстар – тоқыма, пластика, халықтық үлгідегі кәсіпшілік және қолөнер, кулинарлық өнімдер, сызбалық жұмыстар, техникалық шығармашылық жұмыстар, дизаин жатады

                Көркем еңбек" оқу пәнінің бағдарламасы:

  1. қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға;
  2. Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге;
  3. өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға;
  4. зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытуға;
  5. оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы);
  6. жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;

                7 ) эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға;

8)  уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға;

              9 )оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.

              Мектебімізде көркем  еңбек, химия, биология, музыка пән бірлестігін апталығында көркем еңбек пәнінен көрме өтті,  оқушылар мен мүғалімдерге көңілді қоңырау өткізілді. Апталықта  оқушылардың танымдылық қабілеттері, шығармашылық ойлау, өздігінен құрай білу, ақпараттық кеңістікке бейімделе білу, сыни тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін көрсетті.


              «Сәндік қолданбалы өнер элементеріндегі материалдарды технологиялық көркем түрде өңдеу» бағдарламасының бөлімі бойынша 8 сынып оқушылар арасында    сайыс сабақ өткізілді.  Тақырыбы: «Өнерлі болсаң, озып көр». Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көрсету, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру. 



               5  сынып оқушылары арасында сабақ сайыс өткізділді. Сайыста  тігістің түрлерін тігу,  сәнді қорапшалар, әртүрлі жіптерден, салфеткалардан, қалдықтардан, моншақтардан әдемі  жасалған бұйымдар мен өз қиялдарымен суреттерді аяқтау арқылы өздерінің қиялдарын дамытып, сурет арқылы өз ойларын ашық бейнелеп береді.



Көркем еңбек пәнінің негізінде балалардың бойында шығармашылыққа деген қызығушылықтары артып, еңбектенуге үйренеді. Менің мақсатым — білімімді, қабілетімді оқушылардың бойына дарыту. Әрдайым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жұмыс барысында оқытудың түрлі технологияларын кеңінен қолданудамын.


                                                                   ӘБ жетекшісі            Б.Алимжанова