«Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» психологиялық тренингі » Е.ОрымбетовСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.ОрымбетовСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» психологиялық тренингі
09
сентябрь
2021

«Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» психологиялық тренингі

«Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» психологиялық тренингі


Мақсаты:қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Міндеті:қыздардың бойында қызға тән бейне және қызға тән мінез – құлық, әдеп ережелері туралы ұғым қалыптастыру;

Тәрбиелеу:қыз балалардың санасы қызға тән мінез – құлық, жүріс – тұрыс сипаттарына баулу;

Дамыту: қыз балалардың өзін – өзі тәрбиелеу, өз-өзіне жауапкершілікпен қарау мүмкіндігін дамыту.

Сабақтың әдісі:психологиялық жаттығулар. Видео роликтер, сауалнама 

Жүру барысы:

  «Шашты жайып жүруге болмайды» видео  ролик,   


Ойын –тренинг : «Өз таңдауым » 

Мақсаты: қыздарды кез келген жастар ортасында, ағымында болған жағдайда да өздерінің әлеуметтік ортаның нормасына сәйкес қыз бала бейнесін сақтап қалуға көмектесу. Қыздарға видео ролик бойынша сұрақтар қойылады. Қыздар өз таңдауын жасап, өз ойымен бөліседі.  


Қыздарға кеңес

Қай кезде де түзу болсын сәлемін

Қадір тұтар сонда сені бар елің

Білімді бол ісмерлікке бейімді

Өміріңе керек болар кейінгі.

Жан болмасаң жасында әдеп көрмеген,

Үлкен жолын кесіп өтпе көлдеңен.

Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба,

Бетті бояп, қайшы салма бұрымға.

Ұятты бол, сақта арыңды жасыңнан

Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан,

Қума босқа мақтан менен желікті,

Қыз дегенің қылығымен көрікті.

Ісің бітпей әңгіме айтпа көпіріп,

Содан шығар өсекпенен өтірік.

Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін

Ата – анаңды сыйлап өту борышың.

Биязылық сенен тапсын жарасым,

Сақта есіңе, сен болашақ анасың.

Жастан үйрен ұлттық әдеп – ғұрыпқа,

Қазақ қызы екеніңді ұмытпа!


 
 

«Тілек айту » тренингі

Қатысушылар  ортаға шығып тілек жазылған парақшаны алып оқып,    оны  оқушыларға   қарап ол адамға тілек айтып, оны тақтаға жабыстырады.   

Соңында талдау жүреді.





Хаттама


Тақырыбы:«Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан»

Мақсаты:қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез-құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Контингент:8-11 сыныптың қыз балалары   

Өткізілген күні: 

Жүру барысы:тренинг барысында   жағымды ауа райы (атмосферасын) құру. Қыз балаларға өз бойынан өмірді қолдануға қажетті жағымды қасиеттерін табуға көмектесу мақсатында «Қазіргі қыз қандайсың » видео ролигі көрсетіліп, тренингі өткізілді. «Хиппи» тренингі кезінде, «Мен басқаның көзімен» тренингі кезінде оқушылар бір қызды таңдап сол қыздың бойындағы мінезін айтады. Қыздарға кеңес тақырыбында өлең жолымен кестер берілді. Әр жолға тоқталып талдау жасалды. «Сенімен қарым – қатынас жасаған ұнайды» трерингі барысында қатысушылар ортаға шығып кез – келген бір оқушыға қарап ол адаммен не себептен қарым – қатынас жасаған ұнайтының айтты. Бұл тренингте оқушылар бір бірімен жақсы қарым – қатынаста болғандарын айтып, жанындағы дос қыздарының мінездерін білді. Қыздар тренингке белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Тренинг қыздардың көңіл – күйлерін көтерді. Әр оқушы бойында сенімділік. Пайда болды.





 Педагог-психологтар:                            А.Шаденова 

                                                                К.Досанова     


 
 


Похожие публикации: