1 наурыз «Алғыс – сөздің асылы» атты қоңырау кезінде өткізілген жиынның мәліметі. » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыз «Алғыс – сөздің асылы» атты қоңырау кезінде өткізілген жиынның мәліметі.
01
март
2022

1 наурыз «Алғыс – сөздің асылы» атты қоңырау кезінде өткізілген жиынның мәліметі.

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

 2021-2022 оқу жылы  1 наурыз  «Алғыс – сөздің  асылы»  атты қоңырау кезінде өткізілген  жиынның  мәліметі.



Мақсаты: білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;  ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;  үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;  әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. 

                     Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. 


Басқа адамдарға жақсылық жасап халықты татулыққа біріктіретін 1 наурыз алғыс айту күніне орай мектепте 5-11 сыныптарда «Алғыс – сөздің  асылы» атты жиын өтті. Өскелең ұрпақты толерантты, бейбіт өмір сүруге, отансүйгіштік және сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында күнделікті өмірде алғыс айтудың мән-мағынасы туралы әңгіме қозғалды. 

                  Жиын барысында оқушылар бір-біріне жүректен шыққан жылы сөздерін арнап,  ән, би, монолог оқыды.  Сыни сұрақтар арқылы сынып сағатының тақырыбы ашылып, «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында стенд жасаолды, оқушылар мектеп мұғалімдері мен достарына тілектер жазды. Оқушылар «Алғыс», «Ризашылық» сөздері туралы ой-толғамдарын сурет сала отырып  өз ойларын айтты.


 



Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!

Отбастарыңызға бақ орнасын!
 Ырыс - несібе үйлеріңізден кетпесін!
 Ұл - қыздарыңыз аман болсын!
 
Абыройларыңыз асқақтай берсін!!!
 Ізгі тілек, жылы лебізін білдіруші


                 Стендке бір-біріне алғыстарын, әсерлері туралы жазды. Жиынға оқушылар белсенді қатысты, өз дәрежесінде өтті.








                                                   ДТЖО                      А.Баймахан

                  Педагог  ұйымдастырушы                    А.Рысдаулетова