Бастауыш сынып мұғалімі Аманбаева М.М. қараша айының ашық сабағы » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып мұғалімі Аманбаева М.М. қараша айының ашық сабағы
07
ноябрь
2023

Бастауыш сынып мұғалімі Аманбаева М.М. қараша айының ашық сабағы

      «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ- нің 2023 -2024 оқу жылындағы 3 «Ә» сыныбында жаратылыстану пәнінен өткізілген ашық сабақтың   мәліметі

  «Қ. Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ –нің  3 «Ә» сыныбында  сынып жетекшісі Аманбаева Маржан Маратовна, 28.11.2023 жылы жаратылыстану пәнінен «Қан айналым жүйесінің жұмысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ тәжірибе сабақ түрінде өткізілді. Жұмбақ жасыра отырып психологиялық ахуал туындатты. Өткен сабақты тексеру мақсатында «Жедел жауап» әдісін пайлана отырып сұрақтарға жауап берді. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы суретке қарап зерттеу тақырыбы мен мақсатын анықтады. Жұптық жұмыс «Қанайналым шеңбері қалай жұмыс істейді?»сұрағына жауап бере отырып ойларымен бөлісті. Оқушылармен «1 минуттағы жүрек соғысы қандай?» зерттеу жүргізді. Эксперимент жоспарын құрды, әр оқушыға  кесте таратылды. Оқушылар секундомер көмегімен 1 минуттағы тыныш күйдегі жүрек соғысы мен қимыл қозғалыстан кейінгі жүрек соғысының жиілігін анықтап, кестені толтырды. Топтық жұмыста оқышылар өз деректерімен бөлісе отырып топ бойынша диаграмма құрды. Нәтижесімен бөлісті. Эксперимент сабағы оқушыларға өте қызықты болды. Сабаққа белсене қатысты. Сабақ  өз мақсатына жетті. 


Сынып жетекшісі:  Аманбаева Маржан Маратовна