Бастауыш сынып мұғалімі Аманбаева М.М. қаңтар айының ашық сабағы » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып мұғалімі Аманбаева М.М. қаңтар айының ашық сабағы
08
январь
2024

Бастауыш сынып мұғалімі Аманбаева М.М. қаңтар айының ашық сабағы

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ- нің 2023 -2024 оқу жылында бастауыш сынып апталығында 3 «Ә» сыныбында математика пәнінен өткізілген ашық сабақтың  мәліметі

               «Қ. Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ –нің  3 «Ә» сыныбында, сынып жетекшісі Аманбаева Маржан Маратовна  23.01.2024 жылы математика пәнінен «Есептеу. Қорытындылау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Есептеудің түрлі тәсілдерін пайдалана отырып есептер шығару. Өткен тақырыпты «Математикалық диктант» ала отырып пысықтады. Жаңа тақырыптың тақырыбы мен мақсатын оқушылар өздері айтты. Сабақтың басында симфониялық оркестр мен аспаптар туралы қосымша мәлімет беріп өтті. 1-тапсырмада Симфониялық оркестр аспаптарының атауын табу үшін өрнектердің мәнін тапты. Оқушылар өздерін  «домбыра» әдісі арқылы бағалап отырды. Келесі тапсырмада «Сурет пен сызба» әдісі   арқылы оқушылар есептің шартын құрастырып есеп шығарды. «Құлпының кілтін тап» әдісі арқылы күрделі теңдеулерді шешті.   «Ойлан, топтас, талқыла» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізілді. Сергіту сәті «Нейрогимнастика». Оқушыларға тапсырмалар жазылған аспаптар таратылды, өрнектің мәнін тауып баллдарын алып отырды. Келесі тапсырманы жұптаса отырып орындады. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өздерін әр тапсырманың дескрипторына сай бағалап отырды. Сабақ соңында үйге тапсырма беріліп, «Білім қоржыны» әдісі бойынша кері байланыс берілді. Сабақ өз мақсатына жетті. 


              Сынып жетекшісі: Аманбаева Маржан Маратовна