11.10-21.10 аралығында ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырлды. » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 11.10-21.10 аралығында ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырлды.
11
октябрь
2021

11.10-21.10 аралығында ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырлды.

11.10-21.10  аралығында  ағылшын тілі    пән бірлестігінің  онкүндігі ұйымдастырлды.

 Қорытындысы төмендегідей:

 

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Тіл –халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеру керек.2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі тиіс»- деп айтқан еді. Үш тілді меңгеру қазіргі уақытта басты назарда болып отырғаны белгілі.

Апталықтың мақсаты:

Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру;

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру; 

Апталықта өткізілген ашық сабақтармен сыныптан тыс іс- шаралар және мектепішілік сайыстар өз уақыттарында өткізіліп отырды. Апталықтың ашылуы онлайын түріндеб видеоролик жасалды. Ватсаптағы мұғалімдер, оқушылар чатына жіберілді . 

Пән мұғалімі:Сейтқали Г

Тақырыбы: People and places

Өткізілген күні:14.10.2021

Мақсаты:

4.2.1 spell a growing number of familiar high-frequency words accurately during guided writing activities; 

4.12.1 use prepositions of location and position: in, in front of, near, next to, on, under, above to describe where people and things are, use prepositions of time: on, in, at to talk about days and times and no preposition last week

    Берілген сабақты жоспарлау барысында оқушылардың ерекшеліктері ескеріледі. Сабақ тақырыбы типтік бағдарлама және стандартқа сәйкес жоспарланып ұйымдастырылған. Себебі тақырыптардың мерзімді өткізі- луі және оқушылардың сыныптар бойынша білуге тиісті міндеттерді орындалуына тапсырмалардан құрылған.

     Ашық сабақ 4 «Б» сыныбында 14.10.2021 өткізілді.Сабақтың басында балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында 4 шумақ тақпақ оқытылды.Сабақ тақырыбын үй жұмысын тексерумен ,паззл құрау арқылы тексерілді.Сабақ жарыс сабақ түрінде өткізілді.3 топқа бөліну арқылы тапсырмаларды орындады.Тапсырмалар жауабын мұғалім доллар арқылы бағалап отырды.Балаларға мотивация ретінде жеңімпаз топтарға жүлделі орындарға сертификаттар берілетіндігін мұғалім айтып өтті.

    Оқушылар сабақ үстінде өте белсенді болды.Жаңа тақырыпты игеріп,жаңа сөздерді есте  сақтап алды,сонымен қатар өткен сабақты қайталап шолып шықты.

   Сабақ кезеңдері:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Жаңа материалды игеруге дайындық кезеңі 

III. Жаңа материалды меңгеру кезеңі

IV.Түсінігін тексеру кезеңі 

V. Үй тапсырмасы Бұл кезеңде негізгі тапсырмадан басқа шығармашылық тапсырма берілді.

VI. кезең Рефлексия. Сабақтағы оқушының және мұғалімнің іс әрекетіне өзіндік баға берілді.

Сабақтың түйіні Сабақ көзделген мақсатқа жетті, әр сабақ барысындағы кезеңдер байланысты болды.

Ұсыныс: әр тапсырмаға дескриптор құру, саралау жұмыстарын дайындау.

Пәнмұғалімі:  Рахаев Нұрдос Сламжанұлының

Тақырыбы: «Natural disasters:Prediction and prevention»

Өткізілгенкүні: 18.10.21

Рахаев Нұрдос Сламжанұлы педогог сарапшы

«Natural disasters:Prediction and prevention»тақырыбында 10А сыныбымен  ашық сабақ өтті.Сабақ табиғат апаттарына дайындық туралы болды,сабақтың мақсаты:оқушылар табиғи апаттардың алдын-алу шаралары жөнінде өз ойларымен бөлісу,қыскаша мәтін мен диалог құрау.Сабақ барысында оқушылар әр түрлі видеоматериалар көріп,жаттығулар орындады,Islcollective.com,liveworksheet.com желілерін қолданып жаттығулар орындады.Жаттығу жұмыстарын оқушылар қызығушылықпен өз деңгейлерінде орындап шықты.Үлгерімі төмен оқушыларға тақырыпқа сай суреттері бар қосымша карточкалармен сұрақтарға жауап берді.Оқушыларда мәтін құрауда тілдік қиындыққа байланысты қиыншылықтар болды,дегенмен мүмкіндіктерінше тапсырманы орындады.Тапсырмалар 10 баллдық жүйемен бағаланды.Сабақ синквейн әдісі арқылы қорытындыланды,сабақ соңында кері байланыс берілді.Жалпы айтқанда мен осы тақырыпта өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын,кеткен кемшіліктермен  кейінгі сабақтарда қайталау жүргіздім деп мүғалім өз сабағына кері байланыс берді. 

Ұсыныс: Уақытты тиімді пайдалану қажет, әр тапсырмаға дескриптор құру

Пәнмұғалімі:  Тлеубаева Асел 

Тақырыбы: «Animals»

Өткізілген күні: 19.10.2021

Тлеубаева Асел жас маман  19.10.2021 күні «Animals»тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ мақсаты жалпы және оқу тақырыптарының кең спектрі туралы сөйлесу үшін тиісті тақырыптық лексика мен синтаксисті қолдану. Сабақтың мақсатына жету үшін оқушыларға  Жануарлар туралы  презентация турінде берілді. Оқушылар белсене сабаққа қатысып Жануарлар туралы көптеген мәліметтер айтты. Сабақтың грамматикалық мақсатына жету үшін   үлестірме материалдар таратылды. Келесі тапсырма интерактивті тақтадан видео көру арқылы жануарларды  орнына қою болды. Сабақ соңында оқушылар бағаланып үй тапсырмасы берілді. Бұл сабақты топпен жұмыс және әр оқушыға тапсырмалар берілді. Сабақтың мақсатына жету үшін тапсырмалар көп болды және оқушыларға берілген тапсырмалар оқушылардың деңгейіне байланысты  берілді. Сабақ соңында мұғалім кері байланыс берді:   алдағы уақытта сабақ этаптарының барлығын қамтуға және сабақты оданда қызықты етіп өтуге тырысамын.  

Ұсыныс: әр тапсырмаға дескриптор құру, бағалауды жүйелі түрде жүргізу, саралау жұмыстарын дайындау.

Пән мұғалімі:   Казиханова А.Б,

Тақырыбы: “Daily life and shopping: A comment on a website

Өткізілген күні:14.10.21

Казиханова Айгүл Бахытжановна  жоғары білімді, педогог зеріттеуші мұғалім.  8д сыныбымен  14.10.21 жылы “Daily life and shopping: A comment on a website ”тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ балалардың күнделікті өмірі және интернетпен байланысы.Сабақтың мақсаты:оқушылар күнделікті жұмыс кестесі және интернет пен оның зияны, алдын-алу шаралары жөнінде өз ойларымен бөлісу,коментарий жазу.Сабақ барысында оқушылар әр түрлі видеоматериалар көріп,жаттығулар орындады,.agendaweb,liveworksheetcom желілерін қолданып жаттығулар орындады.Жаттығу жұмыстарын оқушылар қызығушылықпен өз деңгейлерінде орындап шықты.Үлгерімі төмен оқушыларға тақырыпқа сай суреттері бар қосымша карточкалармен сұрақтарға жауап берді.Оқушыларда мәтін құрауда тілдік қиындыққа байланысты қиыншылықтар болды,дегенмен мүмкіндіктерінше тапсырманы орындады.Тапсырмалар 10 баллдық жүйемен бағаланды.Сабақ  қорытындыланды,сабақ соңында кері байланыс берілді. Сабақ соңында мұғалім өз сабағына былай кері байланыс берді : Жалпы айтқанда мен осы тақырыпта өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын,кеткен кемшіліктермен  кейінгі сабақтарда қайталау жүргіземін.

Пән мұғалімі: Нестай Махаббат

Тақырыбы: «Helping Hands»

Өткізілген күні: 19.10.21

Нестай Махаббат жас маман  2А сыныбымен  19.10.21 күні  «Helping Hands»тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мазмұны   адамдарға көмек қолын созу туралы. Үйде біз ата-анамызға қалай көмектесеміз, көшеде үлкен немесе кішкентай балаларға қалай көмектесетініміз туралы талқыланды, таұырыпқа сай жаңа сөздерді өтті. Сабақтың мақсаты: көмек қолын созу жөнінде өз ойларымен бөлісу,қыскаша мәтін мен диалог құрау. Сабақ барысында оқушылар әр түрлі видеоматериалар көріп,жаттығулар орындады, Preposition of place тақырыбына байланысты жаттығулар орындады.Жаттығу жұмыстарын оқушылар қызығушылықпен өз деңгейлерінде орындап шықты. Топтық жұмыстарда болды. Үлгерімі төмен оқушыларға тақырыпқа сай суреттері бар қосымша карточкалар   беріліп,сұрақтарға жауап берді. Тапсырмалар 10 баллдық жүйемен бағаланды. Сабақ соңында кері байланыс берілді.Жалпы айтқанда мен осы тақырыпта өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын,кеткен кемшіліктермен  кейінгі сабақтарда қайталау жүргіземін.

Ұсыныс: көрнекілікті тиімді пайдалану, Тапсырмалары жүйелі түрде дайындау, әр тапсырмаға дескриптор құру, бағалауды жүйелі түрде жүргізу, саралау жұмыстарын жүйелі түрде  дайындау.

Пән мұғалімі: Самандаров Бекзат 

Тақырыбы: Sources of light

Өткізілген күні:13.10.2021

Самандаров Бекзат  жас маман жұмыс өтілі  2 жыл. 13.10.2021 күні «Sources of light»тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ мақсаты жалпы және оқу тақырыптарының кең спектрі туралы сөйлесу үшін тиісті тақырыптық лексика мен синтаксисті қолдану. Сабақтың мақсатына жету үшін оқушыларға  жарықтың көздері туралы  мәліметтер берілді. Оқушылар белсене сабаққа қатысып жарық көздері жайлы көптеген мәліметтер айтты. Сабақтың грамматикалық мақсатына жету үшін   үлестірме материалдар таратылды. Келесі тапсырма тоқпен және батареямен істейтін заттарды сәйкестендіру болды. Сабақ соңында оқушылар бағаланып үй тапсырмасы берілді. Бұл сабақты топпен жұмыс және әр оқушыға тапсырмалар берілді. Сабақтың мақсатына жету үшін  әр түрлі қызықты тапсырмалар  болды және оқушыларға берілген тапсырмалар оқушылардың деңгейіне байланысты  берілді.Сабақ соңында жас маман өз сабағына кері байланыс берді яғни алдағы уақытта сабақ этаптарының барлығын қамтуға және сабақты оданда қызықты етіп өтуге тырысатынын айтты.  

Ұсыныс: көрнекілікті тиімді пайдалану, Тапсырмалары жүйелі түрде дайындау, әр тапсырмаға дескриптор құру, бағалауды жүйелі түрде жүргізу, саралау жұмыстарын дайындау,тиімді әдіс тәсілдерді қолдану.



Пән мұғалімі: Аруенова Салтанат

Тақырыбы: «Sport stars of Kazakhstan»

Өткізілген күні:19.10.2021

Аруенова Салтанат  жас маман   9 а сыныбымен 19.10.2021 күні «Sport stars of Kazakhstan»тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ мақсаты жалпы және оқу тақырыптарының кең спектрі туралы сөйлесу үшін тиісті тақырыптық лексика мен синтаксисті қолдану. Және өткен шақта модаль етістіктерін қолдана білу, соның ішінде should\shouldn’t\have to модальді етістіктері. Сабақтың мақсатына жету үшін оқушыларға  Қазақстан спорт жұлдызы Серік Сапиев туралы қысқаша мәлімет презентация турінде көрсетілді, ал оқушыларға басқада спорт жұлдыздарының өмірбаяны, жеткен жетістіктері туралы ағылшынша мәлімет айту тапсырма турінде берілді. Оқушылар белсене сабаққа қатысып спортшылар туралы көптеген мәліметтер айтты. Сабақтың грамматикалық мақсатына жету үшін  үлестірме материалдар таратылды, яғни оқушылар should\shouldn’t\have to модальді етістіктерін қолдану арқылы бірнеше сөйлем жазды. Келесі тапсырма интерактивті тақтадан видео көру арқылы модальді етістіктерді орнына қою болды.Сабақ соңында оқушылар бағаланып үй тапсырмасы берілді. Бұл сабақты PPP(Presentation, Practice and Production) әдісін қолдану арқылы өтті. Сабақ соңында жас маман өз сабағына кері байланыс берді : алдағы уақытта сабақ этаптарының барлығын қамтуға және қызықты сабақ өтуге тырысамын.  

Ұсыныс: көрнекілікті тиімді пайдалану, Тапсырмалары жүйелі түрде дайындау, әр тапсырмаға дескриптор құру, бағалауды жүйелі түрде жүргізу, саралау жұмыстарын дайындау, тиімді әдіс тәсілдерді қолдану.



Пән мұғалімі: Турап Акерке Нұрбайқызы 

Тақырыбы: «Friend's names »

Өткізілген күні:12.10.21

 Турап Ақерке жас маман  2Ә сыныбымен   12.10.21 жылы «Friend's names »тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ Досымның аты деген тақырыпта болды,сабақтың мақсаты:оқушылар достарының  санын , бір бірімен жақын дос болуға адамға дос не үшін керек екенін,   өз ойларымен бөлісті.Сабақ барысында оқушылар әр түрлі видеоматериалар көріп,жаттығулар орындады.Жаттығу жұмыстарын оқушылар қызығушылықпен өз деңгейлерінде орындап шықты.Үлгерімі төмен оқушыларға тақырыпқа сай суреттері бар қосымша карточкалармен сұрақтарға жауап берді.Топтық жұмыс жасалды. Тапсырмалар 10 баллдық жүйемен бағаланды.Джигсо әдісін қолданды.Сабақ  соңында кері байланыс берілді:жалпы айтқанда мен осы тақырыпта өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын,кеткен кемшіліктермен  кейінгі сабақтарда қайталау жүргіземін.

Ұсыныс: әр тапсырмаға дескриптор құру, бағалауды жүйелі түрде жүргізу, саралау жұмыстарын дайындау.

Пән мұғалімі: Өмірхан Жадыра 

Тақырыбы: «People and places»

Өткізілген күні:15.10.21

Өмірхан Жадыра жас маман 15.10.2021 күні 4 Г сынып оқушыларымен «People and places» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 

Сабақтың мақсаты: 4.4.2.1 spell a growing number of familiar high-frequency words accurately during guided writing activities;  4.12.1 use prepositions of location and position: in, in front of, near, next to, on, under, above to describe where people and things are, use prepositions of time: on, in, at to talk about days and times and no preposition last week Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі, психологиялық ахуал болды. Сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылды. Үй жұмысына берілген сөздерді шариктерді жару арқылы оқушылар аудармасын айтты.  Жаңа сөздермен жұмыс жүзгізілді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындалды. Сабақтың тақырыбы орындармен байланысты болды, сондықтан тақтаға карта ілінді. Оқушылар сол картадағы орындарға саяхат жасады. Әр картадағы орындарда тапсырмалар болды, тапсырманы орындаған оқушыға келесі орынға баратын билет беріліп отырды. Сабақ соңында әр оқушы билеттерін санап сол билет санына байланысты формативті баға қойылды. Әр оқушыға жұлдызша таратылды, тақтаға ұшақ, машина, автобустың суреттері ілінді, оқушылар сабақты түсінгені бойынша жұлдызшаларды орналастырды. Үй жұмысы берілді. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті.

Пән мұғалімі: Коштаева З.А

Тақырыбы: «World animals.»

Өткізілген күні:16.10.21

Коштаева З.А.пелогог сарапшы . 16.10.21  күні 5 а сыныбымен  «World animals.»       атты тақырыпта  сабақ өткізді. Оқу мақсаты мен сабақ мақсаты сабақ басында таныстырылды. Сабақ мақсаты   оқушылардың оқылым, айтылым дағдыларын , өз идеяларын жеткізу, тапсырмаларды орындау арқылы дамыту. Жоспар бойынша үй тапсырмасы және бірнеше тапсырмалар дайындалған. Оқушылар жануарларды категориясына қарай бөліп, келесі тапсырмаға қадам жасады , келесі тапсырма жұптық жұмыс оқушы деңгейіне қарай пазлдар берілді . пазлдан жануарлар атауын белгілі бір уақытта табу қажет. Оқушыларға бұл тапсырма өте қызықты блды. Келесі тапсырма тақырыпқа байланысты сөздерді қолданып постер қорғау, яғни топтық жұмыс болды.Үй тапсырмпасы   қима қағаздар арқылы  арнайы сөздердің мағынасын айту. Әр тапсырмаға дескрипторлар құрылды, оқушыға кері байланыс жасалды, бағалау әр тапсырма соңында жүргізілді . Сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларға саралау тапсырмалары берілді. Сабақта әдіс тәсілдерді тиімді пайдаланды


Ұсыныс: Уақытты тиімді пайдалану

Апталықта өткізілген ашық сабақтармен сыныптан тыс іс- шаралар және мектепішілік сайыстар өз уақыттарында өткізіліп отырды.  Нұрбаев Нұрым , Наурызбаева Сымбат денсаулықтарына байланысты сабақтарын көрсете алмады, алдағы екінші тоқсанда бұл кемшілікті жоятындарын айтты.

Әр мұғалімге жүктелген сыныптан тыс іс шаралар өз уақытында қамтылды 

              «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» -дегендей, Елбасымыздың міндет етіп қойған

бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. 


Дене шынықтыру пән бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылды.Қорытындысы төмендегідей:

Жоспарға орай онкүндікке арналған жоспар құрылды .Онкүндік 18-ші қазан30-ші қазан аралығында өткізілді.Апталықтың  ашылу салтанатты өткізілді ,төмендегідей іс-шаралар өз уақытында жоспарға сай өткізіліп отырды.Пән мұғалімдері түгелдей ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарын көрсетті.Атап айтсақ,19.10. күні 5 -7сыныптар арасында «Мини футбол»жарыс өткізіліп ,пән мұғаліміС.Калыков пен А.Омарбеков20.10 күні Қ.Турғанбаев пен Худайбергенов.Ж «Спорттық ойындар»4сыныптар арасында,21.10 күні 7 «Д» сыныбымен Нурманов.Апен Искаков.Д «Жеңіл атлетика 60 м жүгіру»Кім жылдам  ,22.10күні 8сыныптар арасында «Стол теннис сайысы» Омарбеков.А пен Калыков.С,22.10 күні 6  сыныптар арасында Ахметов.НФутбол «допты алып жүру әдісі»,23.10 күні8 «Г» сыныбымен Нурпеисова.М «Волейбол»,25.10 күні 5.6.7 сыныптармен  Арқан тартыс Оразбаев.Д пен Нюков.М,26.10 күні 9-11 сыныптар арасында «Волейбол» жарысы өткізілді,27.10 күні  Нюков.М пен Искоков.Д 5.6.7 сыныптар мен жеке жеке сайыс өткізілді,.28.10 күні 3  сыныптары мен «Эстафетталық ойындар»,.29.10 күні Балтешов.Б10 «А» сыныбымен «Әскери тәртіп оның мәні мен маңызы»,онкүндіктің жабылуына орай бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен кеш өткізілді.Апталықтың соңғы күні оқушыларды жинап денешынықтырудың онкүндігіне белсене қатысып өздерін көрсетін үшін оқушыларға марапатау берілді.




Директордың әдістеме  жөніндегі орынбасары                     Г.Чонбаева