Бастауыш сынып пән бірлестігінің онкүндігі 15.01.-25.01 » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып пән бірлестігінің онкүндігі 15.01.-25.01
15
январь
2024

Бастауыш сынып пән бірлестігінің онкүндігі 15.01.-25.01

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ-нің 2 «Д» сыныбында өткен әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақтың мәліметі

17.01.24 ж «Әдебиеттік оқу» пәнінен ашық сабақ өткіздім. Сабаққа 18 оқушы қатысты. Сабақтың тақырыбы «Тісіңді күте біл». Сабақ барысында «Таңның тәртібі» өлең жолдарын жаттау үй тапсырмасы сұралды, тақырыпты ашу мақсатында «тіс, тіс пастасы және тіс щеткасы»тапсырмасы берілді. Тіс күтімі туралы видеожазба көрсетілді. Дәптерге жұмбақ жазды. Оқушылар мәтінді оқыды. «Еден, мұрын және төбе» арқылы сергіту сәті болды.Сабақты бағалау «Тіс щеткасы» әдісі арқылы жүргізілді.Кері байланыс «Ұстазға хат» әдісі бойынша алынды. Сабақ кезінде  мәтінде оқиғаның басталуы, дамуы, аяқталуы бойынша сахналық көрініс тапсырмасы берілді бірақ оқушылар ұялып өз өнерлерін көрсете алмады. Сабақта балалар өздерін еркін ұстап, өз ойларын еркін жеткізе алды, сабаққа белсене қатысты.

Сабаққа айтылған пікірлер: балалардың зейіні шашыраңқы болды, бағалау толық орындалмады, мәтінді тыңдалым болмады, сөздік жұмыс жүргізілмеді және үй тапсырмасы айтылмады деген ұсыныстар айтылды.