2020-2021 оқу жылы бойынша жылдық есеп » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
май
2020

2020-2021 оқу жылы бойынша жылдық есеп

                  Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім - мектептің жүрегі

Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болып табылады. 

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»демекші, еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Осыған орай,  мектеп бойынша   жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдер саны – 90 ,  Қысқа мерзімді 72 сағат көлемінде курста –  12, Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны – 13,Мектеп тренерлігінен   өткен  мұғалімдер  саны – 1, Робототехника  негіздері курсынан өткен мұғалімдер саны  - 2,«Биология», «Физика», «Информатика» және «Химия» пәндері бойынша тілдік деңгейін көтеру курсынан өткен мұғалімдер саны – 5,«Тәжірибедегі рефлексия» курсынан өткен мұғалімдер саны – 1,«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» бойынша курстан өткен мұғалімдер туралы мәлімет – 1. Осы көрсеткіштерге қарағанда мектептің педкадрларының кәсіби деңгейлері біршама жоғары.Карантин жағдайында қашықтан онлайн түрлі курстарға мұғалімдер қатысып кәсіби біліктіліктерін шыңдады. 

     Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін — өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады.

Олай болса,мектептің сапалық құрамы сабақ беретін ұстаздардың кәсіби дәрежесінен құрастырылады . 2019-2020   оқу жылында оқу үрдісін 96 мұғалім жүзеге асырса, оның ішінде магистр дәрежесі-1, жоғары білімдісі-74, арнаулы орта-22 болса, 2020-2021 оқу жылында оқу үрдісін 100 ұстаз жүзеге асырып, оның 26-сы   арнаулы орта , 5 ұстаз магистр дәрежесімен  оқу жылын аяқтады. «Ұстаз мәртебесі» заңының қабылдауына байланысты педогогтық қызметкерлердің сапалық әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі барларға 10 АЕК көлемінде қосымша ақы қарастырылған.

Педагогикалық кадрлардың білім деңгейі:



1-11 сыныптар

Мұғалімдер саны

Жоғары біліммен

Арнаулы орта біліммен

2018-2019 оқу жылы 

99

76

23

2019-2020 оқу жылы

103

86

17

2020-2021 оқу жылы

110

95

15


Мектеп ұжымының сапалық құрамы -сапалы білімнің кепілі.Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын құзыреттілікке және сапаға бағытталған тың бағдарлама. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы.


      24.08. – 11.09. 2020 аралығында    жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып мұғалімі Нурдаулетова Лаура, 07.09-18.09.2020 аралығында география пәнінің мұғалімі Толумбекова Салтанат, 12.10-.16.10.2020 аралығында Кочашвели Гульчишек , 26.10-06.11.2020 аралығында Махаметкеримова Шолпан  өз білімін жетілдір. БЖБ курсы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Нурбаева Ләззат, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байтуова Салтанат, математика пәнінің мұғалімі Расул Дана  екі апталық курс оқыды.  Пәндік курс бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байділдаева Ләззат оқыды.   

   Қыркүйек айында шығармашылық топ мүшесі Нурбаева Ләззат "ББЖ/ТЖБ тапсырмаларын дайындауға қойылатын талаптар"  тақырыбы бойынша өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Нурбаева Ләззат БЖБ тапсырмаларын құрастыру бойынша өз білімін жетілдірген боладын. Сол оқығаны бойынша БЖБ/ ТЖБ тапсырмаларын құруды түсіндерді.

Мұғалімдердің қайта даярлау курсынан өтуі:

Соңғы үш жылдағы мұғалімдердің білім көтеруі туралы   сандық есебі

2018-2019 оқу жылы

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

Қысқа мерзімді курстан өткендер

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткендер

Қысқа мерзімді курстан өткендер

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткендер

Қысқа мерзімді курстан өткендер

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткендер

8

25

11

25

25

5


Тілдік курстан өтен мұғалімдер.

Тілдік курстан өткен мұғалімдердің аты - жөні

пәні

санаты

деңгейі

1

Р. Телеуова

биология

Бірінші

А1,А2,В1,С 1 деңгейілі

2

А. Уразымбетов

Информатика

Бірінші

А1,А2,В1,С 1 деңгейілі

3

А. Хапсемет

Биология

Педагог-сарапшы

А1,А2,В1,С 1 деңгейілі

4

О.Қайрат

физика

Педагог-модератор

А1,А2,В1,С 1 деңгейілі

5

Т.Еркебаева

физика

Бірінші 

А1,А2,В1,С 1 деңгейілі

2020-2021 оқу жылында педагог- сарапшы-10, модератор-5 болса, 2020-2021 оқу жылында  педагог- сарапшы-5, модератор-8 мұғалім біліктілігін көтерді.

Мұғалімдердің біліктілігін көтеру

           2018-2019 оқу жылы           

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

Педагог-зерттеуші

Педагог-сарапшы

Педагог-модератор

Педагог-зерттеуші

Педагог-сарапшы

Педагог-модератор

Педагог-зерттеуші

Педагог-сарапшы

Педагог-модератор

1

5

3

-

10

5

-

5

8


     Мониторингте көрсеткендей педагогтарымыздың кәсіби дәрежесінің едәуір өскендігі байқалады. 

Мұғалім шығармашылығының  жемісі - дарынды балаларының жеңісі

Дарынды балаларды дамыту өзекті мәселе болып келеді.  Лидерлік, тұлғалық, даралық қабілеті бар оқушылардың шығармашылық потенциалының кең ашылуына жағдай жасау негіздемелері  дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі  ұйымдастыруды жолға қою мақсатында  жасалынды.

                     Дарынды оқушылармен  жұмыс бойынша «Жас  ғалым» оқушылардың қоғамы құрылды. Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Хапсемет Айгерім тағайындалды.  Мектепішілік пән олимпиадасы  12.10-16.10.2020 аралығында  8-11 сынып оқушыларының арасында  өткізілді. Пән олимпиадасының өз деңгейінде өткізілуіне бірлестік жетекшілері жауапты болды. Барлық негізгі пәндер бойынша қашықтықтан ұйымдастырылды. Қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар аудандық пән олимпиадасына ұсынылды:

  • Есмухамбет Анель – 10 сынып оқушысы-Қазақстан тарихы пәнінен;
  • Аблямитова Дилназ-9 сынып оқушысы-география пәні;
  • Ернияз Мөлдір- 10 сынып оқушысы-география пәні;
  • Құрамбай Айдана-9 сынып оқушысы-биология пәні;
  • Даулет Камшат – 9 б  сынып оқушысы- химия пәні;
  • Янгибаева Артыкгул-10 сынып оқушысы – химия пәні;
  • Жумаханова Алина-9 сынып оқушысы-орыс тілі мен әдебиеті пәні;
  • Хромов Бория- 11 сынып оқушысы – орыс тілі мен әдебиеті пәні;
  • Кониева Элина-10 сынып оқушысы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні;
  • Жанысбаева Анель-10 сынып оқушысы-ағылшын тілі пәні.
  • Уразалиев  - 9 сынып оқушысы – математика пәні ;
  • Әсет  Н- 9 сынып оқушысы- физика пәні;



23.10.2020 күні 5-6 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика , жаратылыстану , тарих пәндері бойынша  пән олимпиадасы ұйымдастырылды. Сандық мәлімен төмендегідей:

Мектеп атауы

математика

жаратылыстану

қазақ тілі мен әдебиеті

орыс тілі мен әдебиеті

ағылшын тілі

Қазақстан тарихы

Барлығы

1

"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп" КММ

5

6

барлығы

5

6

барлығы

5

6

барлығы

5

6

барлығы

5

6

барлығы

5

6

барлығы

6

6

12

1

9

10

2

4

6

5

5

10

4

6

10

11

8

19

67

Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар аудандық пән олимпиадасына ұсынылды.

Аудан

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Оқыту тілі

Білім беру ұйымы

Байланыс телефоны

Электронды мекен-жайы

1

Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы

Чачидзе Джалил

6 "Д"

қазақстан тарихы

орысша

" Қ. Орымбетов" атындағы КММ

87786042001

omuhtarova7@gmail.ru

2

Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы

Аязбекқызы Алуа

5 " А"

қазақстан тарихы

қазақ тілі

"Қ.Орымбетов" атындағы КММ

87026583029

Inkarim01@gmail.com

3

Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылы 

Қайрат Димаш

6 В

жаратылыстану

қазақ тілі

Қ.Орымбетов атындағы орта мектепКММ

87016653035

sandi_1988@mail.ru

4

Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылы 

Катиди Арина

5 Д

орыс тілі мен әдебиеті

орыс тілі

Қ.Орымбетов атындағы орта мектепКММ

87783157415

katidiarina@gmail.com

5

Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылы 

Жолдыбаева Мерей

6 Ә

орыс тілі мен әдебиеті

қазақ тілі

Қ.Орымбетов атындағы орта мектепКММ

87477371201

mereuzholdybaeva2010@gmail.com

6

Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылы 

Қайрат Назира 

5 Б

қазақ тілі мен әдебиеті

қазақ тілі

Қ.Орымбетов атындағы орта мектепКММ

87476792630

zxcwaed@mail.ru

7

Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылы 

Жумахмет Жансая

6 Б

қазақ тілі мен әдебиеті

қазақ тілі

Қ.Орымбетов атындағы орта мектепКММ

87756584498

baytuova84@mail.ru

8

Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылы 

Попова Василина Максимовна

5 Д

матаматика

орыс тілі

Қ.Орымбетов атындағы орта мектепКММ

87476779659

vasilinapopova04052010@gmail.ru

9

Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы

Сапаров Рамазан

6 Ә

матаматика

қазақ тілі

" Қ. Орымбетов" атындағы орта мектеп» КММ

87750521430

Saparovramazan8@gmail.com

10

Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы

Камил Шұғыла 

5 Г

ағылшын тілі

қазақ тілі

" Қ. Орымбетов" атындағы орта мектеп»  КММ

87074465316

tsandugash99@mail.ru

11

Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы

Жұмахмет Мөлдір

6 б

ағылшын тілі

қазақ тілі

" Қ. Орымбетов" атындағы орта мектеп» КММ

87078927493

zinaevsmuhanova57@gmail.ru


30.10.2020 күні өтетін Әл-Фараби атындағы пән олимпиадасына төмендегі  10- сынып оқушылары тіркеліп, жүлделі орындарға ие болды.

Оқушының аты жөні

пәні

Жүлделі орын 

Пән мұғалімі

1

Турдыбаев Ержан

Физика


Г.Магзан

2

Қайроллақызы Гаухар

Физика


Г.Магзан

3

Кежали Аружан

Физика


Г.Магзан

4

Базаркулов Жігер

Физика


Г.Магзан

5

Құралбай Еркебұлан

Математика 


С. Байгапалова

6

Базарқұлов Жігер

Математика 


С. Байгапалова

7

Каррибай Бақытгул

Жаратылыстану -математика

ІІІ орын

С. Байгапалова

8

Марат Нұрсұлтан

Жаратылыстану -математика

ІІ орын

А. Хапсемет

9

Янгибаева Артықгүл

Жаратылыстану -математика 

ІІІ дәрежелі диплом

Д.Ноканова 

10

Жақсылықова Динара

Жаратылыстану -математика

І дәрежелі диплом

А. Хапсемет

11

Құлжанбай Ғалия 

Жаратылыстану -математика

ІІ дәрежелі диплом

А. Хапсемет

12

Құттықожаева Әсем

Жаратылыстану -математика 


Д.Ноканова 


Қазан айында 9-сынып оқушылары «IQanat» олимпиадасына тіркелді. Математика пәні бойынша 4 оқушы, биология пәні бойынша 2 оқушы тіркеліп, 12.11.2020 күні аудандық олимпиадасына қатысты.

Математика пәні бойынша тіркелгендер:

Уразалиев Жандарбек Аманбайұлы

Адилова Адалят Алимжанқызы

Аблямитова Дильназ Гайратжановна

Рустам Зейнеп Омарқызы

Биология пәні бойынша тіркелгендер:

Норбаева Мафтуна

Масибаева Мадина

     9-сынып оқушыларының арасында өткен «IQanat» аудандық  олимпиадасынан төмендегі оқушылар облыстық кезеңге жіберілді.

  1. Масибаева Мадина  – 65 балл
  2. Аблямитова Дильназ – 55 балл
  3. Уразалиев Жандарбек-68 балл

  Аудандық ғылыми жобаға 10- сынып оқушысы  ағылшын тілі пәні бойынша  Каррибаева Бақытгулдің жобасы аудандық білім бөліміне өткізілді.Жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Казиханова.

 Аудандық пән олимпиадасына төмендегі оқушылар қатысып, төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.

Оқушының аты-жөні

сыныбы

Пәні

Оқу тілі

Жетекшісі

Аудандық пән олимпиада қорытындысы

1

Кониева Элина

10 сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті

орысша

М.Шеримова


2

Жумаханова Алина- оқушысы

9 сынып

Орыс тілі мен әдебиеті пәні

орысша

К.Шаймерденова


3

Құрамбай Айдана

9 сынып

Биология

қазақша

Р.Телеуова


4

Дәулет Камшат

9 сынып

Химия

қазақша

Б.Алимжанова

ІІІ дәрежелі диплом

5

Әсенқызы Назым

9 сынып

Физика

қазақша

О.Қайрат


6

Аблямитова Дильназ

9 сынып

География

қазақша

Ф. Махаметкеримова

ІІ дәрежелі диплом

7

Уразалиев Жандарбек

9 сынып

Математика 

Қазақша 

С.Байгапалова

ІІІ дәрежелі диплом

8

Есмухамбет Анель

10 сынып 

Қазақстан тарих

қазақша

А. Байтулакова  

ІІІ дәрежелі диплом

9

Жанысбаева Анель

10 сынып

Ағылшын тілі

қазақша

З.Коштаева



     Толумбекова Салтанат Республикалық «Жарқынның жарқын жолы» энциклопедиясының ұйымдастыруымен  «Жас зерттеуші» атты оқушылар арасында өткізілген ғылыми жоба байқауында  Жомарт Анель I дәрежелі Дипломмен марапатталды. 


      Нұрбаева Ләззат Республикалық әдістемелік – танымдық сайтында өткізілген Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Тәуелсіз – ел тұғыры» атты онлайн олимпиадасына оқушыларды қатыстырып, сертификаттарды иеленді.

 Республикалық Тарих пәні ұстаздар арасында олимпиадаға қатысып, сертификатқа ие болды.


    Мухтарова Ольга Николаевна 5-9 сынып оқушылар арасындағы «Тарих ата» Республикалық қашықтық олимпиадасына оқушыларды қатыстырып, 2 дәрежелі дипломды иеленді.

 Сонымен қатар оқушыларды белсене қатыстырғаны үшін өзіде сертификат иеленді. 



     Махаметкеримова Шолпан тарих пәні бойынша оқушыларын  II Республикалық «Жас тарихшы» олимпиадасына қатыстырып, 2 Дәрежелі Дипломды иеленді.

 Сонымен қатар оқушылары белсене қатысқаны үшін Сертификатқа ие болды. 




         Қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс республикалық және халықаралық деңгейде қатысуымыз әлі де болса төмен. Сондай-ақ информатика, химия , ағылшын  пәндері бойынша қабілетті деген оқушыларымыздың өздері аудандық пән олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінбеуі – аталған пәндер бойынша жұмыстың ақсауының көрінісі. Осы орайда аталған мәселені мектепішілік бақылауға қойылуы назардан тыс қалып қалғандығы байқалды. 

Пәндік онкүндік қорытындысы:

     2020 жылдың 16 қараша мен  21 қараша  аралығында математика , физика, информатика пән бірлестігінің онкүндігінің  қорытындысы: 

     16.11.2020 күні апталықтың жоспары бекітіліп, ашылуы бойынша видеоролик жасалды.

18.11.2020 күні 8-11 сынып оқушыларының арасында физика пәнінен «Терминдер сөйлейді» үштілділік , CLIL технологиясын пайдалану бойынша сыныптан тыс өткізілді. Пән мұғалімдері Қайрат Орал, Еркабаева Таджигул. 

     19.11.2020 күні математика пәні бойынша 9 в сынып оқушыларымен пән олимпиадасы ұйымдастырылды. Пән мұғалімі К. Темиргалиев

    19.11.2020 күні математика пәнінен 5 д сынып оқушыларымен   «Приведение обыкновенных дробей к общему знаменателю» тақырыбында Зум платформасы арқылы ашық сабақ өткізді. Сабақ өз   мақсатына жетті. Оқушылар барлық тапсырманы орындай алды.

    19.11.2020 күні математика пәні бойынша 7 б сынып оқушыларымен «Біздің өміріміздегі үшбұрыштар» тақырбында сыныптан тыс өткізді. Оқушылар өмірдегі үшбұрыштардан мысалдар келтіріп отырды.

    19.11.2020 күні физика пәні бойынша 10 а сынып оқушыларымен  «Механикалық қозғалыс» тақырыбында Зум платформасы арқылы  ашық сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар аз қатысты. Сабақта оқушылар   барлық тапсырманы орындады. 





2021 жылдың 18 қаңтар мен 29 қаңтар аралдығында бастауыш сынып әдістеме бірлестігінде өткен онкүндік қорытындысы.

      18.01.  2 Д сынып. Пәні: познание мира.  Тақырыбы: Наше питание  Сынып жетекші: Амриева А.А

     Сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстырды. Витаминдер ретінде 4 оқушы шықты. Өлең жолдарын оқып, витаминнің пайдасын айтты. Тамақтану пирамидасын таныстырды. 1- қатар –завтрак, 2-қатар –обед, 3-қатар – ужин қатарлары  болып жарысты. Ас мәзірін жасады. Критерий, дескриптор болды. Сабақты түсінгені, түсінбегені бойынша қызыл, сары, жасыл алманы оқушылар алды

     19.01.  4 В сынып. Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Зат есімнің септелуі    Сынып жетекші: Умбеталлина Г.

     Ұйымдастыру кезеңі болды. Психологиялық ахуал орнатты. Сабақты әуенмен бастады. Жедел сұрақтар әдісі бойынша сөз таптарының сұрақтарын айтты. Бағалау түрі: күн, бұлт, жаңбыр. Бағалау әр тапсырмадан кейін болды. Таяқша алып, аты жазылған оқушы сұраққа жауап берді. Сергіту сәті болды. Бағаланды, уақытты тиімді пайдаланды. 

    19.01. 4 Б сынып.Пәні: Қазақ тілі. Тақырыбы: Зат есім   Сынып жетекші: Әділғалиева А.

    Ұйымдастыру кезеңі болды. Ыстық картоп әдісі арқылы өткенді қайталады. Дәптермен жұмыс жүргізді. Сертіту сәті жүргізілді. Вагондағы сандарды таңдау арқылы туынды зат есімге айналдыру. Әр тапсырманың соғында бағалау жүргізілді. 5 сұрақтан тұратын тест жұмысы жүргізілді.Оқушылар белсенді қатысты. Сабақты бекіту семантикалық карта. Суды түсінгендері бойынша түске бояу. Құмырадағы су жасыл түске боялды. Үй тапсырмасы берілді.


      20.01.  4 Ә сынып. Пәні: Математика. Тақырыбы: Бір бағыттағы қуып жету қозғалысы.

Сынып жетекші: Кубенбаева А . Кім қанша есеп шығарды. Тексеру Балмұздақ әдісі. Бағалау От шашу әдісі, көшкін сөзі шықты. Сызба бойынша бағыттарды анықтау. Есептер шығарды. Оқушылар сабаққа өз ойын айтып, күнді, бұлтқа ілді. Үй тапсырмасы берілмеді. Сабақты бұдан да тартымды, тиімді өткізуге болар еді. 

    20.01.  3 Ә сынып. Пәні: Математика. Тақырыбы:  Кестеден тыс көбейту және бөлу. Бекіту 

Сынып жетекші: Нурдавлетова Л.  Ұйымдастыру кезеңі болды. Психологиялық ахуал болды. Жұмыс ережесі айтылды Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылды. Серпілген сауал әдісі арқылы өткенді қайталау жүргізілді. Қатарлар топ болып жарысты. Жұмбақ бұлт әдісі арқылы ауызша есептер шығарылды. Кері байланыс интервью әдісі арқылы жүргізілді. Сабаққа әдіс тәсілдер жақсы таңдалған. Бірақ уақытты тиімді пайдалану керек.

       21.01.   4 А сынып. Пәні: Қазақ тілі. Тақырыбы: Атау септік Сынып жетекші: Джунусбаева Г.

Ұйымдастыру кезеңі болды. Үй тапсырмасын сұрады, қара жәшік  әдісі бойынша оқушылар өз өздерін бағалады. Қар кескінін құрау әдісімен өткен сабақты қайталау арқылы сұрақтарға жауап беріп, қар кескінінен зат есім деген сөз шықты. Шар жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап берді. Сергіту сәті сөз қай әріппен аяқталса, сол әріптен басталатын сөз құрау. Қоржын әдісі бойынша сұраққа жауап. Оқушылар тапсырманы тақтаға жазды. Ақ қағазға бес саусақтарын сызып, ішіне өз ойларын жазды. Мұғалім қорытынды жасады. 


     21.01. 2 В сынып. Пәні: Дүниетану. Тақырыбы: Дұрыс тамақтана біл. Сынып жетекші: Ашимова К.

     Ұйымдастыру кезеңі болды. Сабақ мақсаты, тақырыбы айтылды. Оқушыларға сұрақтар таратылды. Жеміс, көкөніс сөздері үш тілде айтылды. Сергіту сәті жасалды. Санамақ айтылды. Үлестірмелер таратылып, пайдалы, пайдасыз тағамдарды бөліп, тарелкаларға салды. Дұрыс тамақтану пирамидасы жасалды. Сабақта барлық оқушының қамтылуын мұғалім қадағалады. Оқушылар бағаланды. 

     21.01.  3 Д сынып. Пәні: Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Асыл сөз. Сынып жетекші: Юсупова Б.

   Ұйымдастыру кезеңі болды. Жұмыс ережесімен таныстырды. Үй жұмысы, алдынғы білімді еске түсіру. Бағалау парақшасы түсіндірілді. Сабақтың мақсаты айтылды. Асыл сөз - өлеңінің авторы Әбдірахман Асылбек – ақын. Оқушылар тізбектеп оқыды. Сергіту сәті болды. Тапсырмалар орындады. Мұғалім бағаны нақтылады. Автор туралы толығырақ айтып өту керек еді. Уақытты тиімді пайдалану керек. 

   21.01.  2 Ә сынып. Пәні: Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Кірқоймас. Сынып жетекші: Айдарбекова Ж.

     Сабақта ұйымдастыру кезеңі болды. Сабақ мақсаты айтылды. Өткен сабақты қайталау болды. Сұраққа жауапты оқушылар алдарындағы параққа жазды. Мұғалім бағалауы болды. Кір қоймас авторлары туралы айтылды. Мұғалім мәнерлеп оқыды. Өлеңнің орысшасын оқыды. Оқушыларға сурет таратылып берілді. Қазақшасы мен орысшасының айырмашылығы айтылды. Мультфильмнен үзінді көрсетілді. Күн тәртібін құрастыру. Сары конверт сәйкестендір, пайдалы, зиянды   әрекеттер. Жұмбақ шешу. Жасыл конверт мақалды жалғастыр. Оқушылар бір – бірін бағалады. Қорытындылау тазалық туралы өлең жолдарын айтты.

    22.01.    1 Г сынып. Пәні: Сауат ашу. Тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Әә дыбысы және әрпі.

   Сынып жетекші: Тлекеева М.Ұйымдастыру кезеңі болды. Қарларды жинау. Әріптерді ажыратып айту. Қатаң, ұяң, үнді. Мұғалім бағалап отырды. Тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторлары айтылды. Әә дыбысынан басталатын сөздер айтылды. Әли мен Әділдің тапсырмалырын орындады, Сергіту сәті: Қыс мезгілі. Дәптермен жұмыс. Шана – мәтінін оқыды. Сабақты қорытындыланды. Не үйренгенін сұрады. Көңіл –күйін білдіретін суретті көрсетуін сұрады. Оқушылар белсенді.

   22.01.  3 В сынып. Пәні: Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Күй құдіреті  Сынып жетекші: Билібай Н.

    Үй тапсырмасын Парашют әдісімен сұрады. Күйдің түрлері айтылды. Құрманғазының Адай күйін тыңдатты, видео көрсетілді. Оқулықпен жұмыс. Әбу –Насыр Әл Фараби туралы айтып, таныстырды. Сұрақтар қойды. Жаңа сөздермен жұмыс жүзгізді. Дәптермен жұмыс, сөздік жазу. Сергіту сәті. Кері байланыс, бағалау болды. Үй тапсырмасы берілді. Сабақта әдіс – тәсілдер тиімді пайдаланылды. Сабақ жақсы өтті. 

    22.01.  4 А сынып. Пәні: Қазақ тілі. Тақырыбы: Ілік септік . Сынып жетекші: Муздыбаева А.

    Сабақтың тірегі: Ынтымақ –түбі игілік. Тірлік – тірлік түбі бірлік.

Бағдаршам түрлерін үш тілде айтуды сұрады. 1- жасыл, 2-сары, 3-қызыл топтар. Допты қағып ал – сұрақ жауап. Бағалау парақшасы таратылды. Еркін жазу –стратегиясы бойынша не білдім,  жауап беру керек. Видео көрсетіп, сұрақ қойды. Зерек балалар журналынан тапсырма. Вагон тізбегі, кел ойнайық. Дәптермен жұмыс. Үй тапсырмасы берілді. Бағалау баспалдағымен бағалады. Сабақ өте тартымды өтті. 

     25.01. 4 Г сынып. Пәні: Познание мира. Тақырыбы: Какие катаклизмы возможны в нашей стране

Сынып жетекші: Кочашвилли Г.Жасырын сұрақ әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталады. Сабақ бойынша Кот в сапогах сұрақтар қойды. Бағалау түрін айтып кетті. Әр сабақтан кейін бағалап отырды. Сабақ тақырыбын оқушылар тақтадағы суретке қарап ашты. Сабаққа мақсат қойды. Сабаққа қонақтар келді: от, су, апат. Өз апаттары туралы түсіндіріп берді. Оқушылардан не ұққанын сұрады. Сиқырлы қораптағы сұрақтарға жауап берді. Ромашка,  әр күлтенің не екенін түсіндіріп берді. Сабақты бекіту. Жасыл, сары, қызыл алмамен бағалады. Үй жұмысын берді.                                                                          

    25.01. 1 Б сынып. Пәні: Математика. Тақырыбы: Апта күндері. Сынып жетекші: Уразаева А.

    Апта күндері үш тілде айтылды. 7 саны туралы мәлімет берілді. 7- жарғы, ғалам, қазына, күш т.б. Апта атайдың 7 ұлы әр күнге әр түрлі тапсырма дайындап, оқушылар тапсырмаларды орындады. Сабақты бекіту. Бүгін сабақта не білдік. Апта күндерін білдік, үш күнге бөлінді. Оқушыларға апта күндері таратылды, ретімен шығып өз – өздерін бағалады. Үй жұмысы берілді.

26.01. 3А сынып. Пәні:Математика.Тақырыбы:Есептеу. Қорытындылау .Сынып жетекші: Алимсеитова О.

Ұйымдастыру кезеңі болды. Психологиялық ахуал орнатты. Үй тапсырмасын тексерді. Сабақ тақырыбы, мақсаты айтылды. Естіген әуеннен қай аспаптың даусы екенін сұрады. Есептер шығарды, тапсырмалар орындады. Сергіту сәті Көзімнің қарасы әнін айтты. Әр елге саяхат жасалып, сол елдің ұлттық аспабымен таныстырылды, әуенін тыңдатты. жасырынған тапсырмаларды орындады.Абай өлеңдері жасырылған үлестірмелер таратылды. Ұлттық аспаптармен таныстырды. Бағалау сабақты бекіту ноталарды салу. Өте жақсы –до, ре. Орташа –ми, фа, соль. Төмен –ля, си. Оқушы белсенділігі жақсы, сабақ өте қызықты өтті. 

  26.01. 3 Б сынып.Пәні: Математика. Тақырыбы: Есептеу. Қорытындылау .Сынып жетекші:Абдикулова К.

Өрнектерді шығара отырып аспаптардың атауын тапты. Мұғалім оқушыларды бас бармақ әдісі арқылы бағалады. Қай елдің аспабы екенін түсіндірді. Есептер шығарды. Сандар сөйлейді әдісі, дұрыс шығарса, өлеңнің аты шығады. Карточка таратылып, қалдықпен шығару есебі шығарылды. Үйге тапсырма берілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты оқушыларды марапаттады. Уақытты тиімді пайдалу керек еді. Тапсырмаларды уақытты есепке ала отырып дайындау керек еді. 

    26.01. 1 Ә сынып. Пәні: Сауат ашу. Тақырыбы: Табиғатқа саяхат Жж дыбысы мен әрпі  

Сынып жетекші: Қожабекова Ү.Оқушылармен шеңберге тұрып психологиялық ахуал туғызды. Мұғалім сұхбат алушы болып, Хабар арнасынан келді. Жж дыбысы бар сөздерді айтты. Жеті- дыбыстық талдау. Артикуляцияға жаттығу жасатты. Айтылуына жаттығу жасады. Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет берді. Жарыс мәтінін оқыды. Мәтін бойынша сұрақ қойды. Бағалау Ж әрпі болғандықтан, қызыл, жасыл, сары жапырақ суретімен болды. Жж –дыбысы туралы жарнама жасалды. Жарыста жауын жауып ауа-райы айтылды. Сергіту сәті. Банкир ойыны Жж дыбысы бар сөздерді банкіге салды. Жұлдыздар жарқырайды жобасы. Қорытындылау. Бағдарламаның қай кезеңі ұнады балалар айтты. Смайликтерді қалташаға салды. Жүргізуші сабақты аяқтады. Сабақтың әр тапсырмасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, өте қызықты болды.      

   26.01. 1 В сынып. Пәні: Математика. Тақырыбы: Апта күндері. Сынып жетекші: Адилова Г.

Тапсырмаларды орындай отырып сабақ тақырыбы ашылды. Апта, апта күндерін үш тілде айтты. Әр апта күндеріне байланысты тапсырма орындады. Сергіту сәті жасалынды. Ақылды үкінің тапсырмаларын орындады, бұлттарды ашып, ретімен апта күндерін орналастырды.

Пазл құрастыру. Аптаның бірдей күндерін бірдей түспен бояу. Абайдың 175- жылдығына өлеңдерін орындады. Кері байланыс. Жасырынған сұрақтарды алып жауап берді. Мұғалім үкінің алғыс хатымен оқушыларды марапаттады.

27.01. 3Г сынып. Пәні: Математика.Тақырыбы: Есептеу. Қорытындылау .Сынып жетекші: Жартыбекова М. 

Ұйымдастыру кезеңі болды. Психологиялық ахуал туғызды. Сабақ мақсаты, тақырыбы айтылды. Қазақ театрынан есептер шығарылды. Оқушы белсенділігі сабақта жақсы. Мұғалім тарапынан бағалау болды. Қар кесек әдісі арқылы көбейту кестесі қайталанды. Таза тақта әдісі арқылы есептер шығарылды. Кесте бойынша өрнектер құрастырылып шығарылды. Сабақ жақсы өтті. 

  3 Е сынып. Пәні: Литературное чтение. Тақырыбы: И. Крылов Квартет. Сынып жетекші: Байтуова А.Б.

Парақтар таратылды. Сабақ басындағы көңіл –күйін салды. Үй жұмысы тексерілді. Жұмбақ жасырып сабақ тақырыбын ашты. Мысалды тыңдатты. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізілді. Бағлау түрін айтып кетті. Дәптермен жұмыс жүргізілді. Жаңа сөздерді түсіндірмесімен жазып алды. Мысалды тізбектеп оқыды. Мысалдың кейіпкерлері көрсетіліп, сұрақтар қойылды. Жауап берген оқушыларды бағалап отырды. Үй жұмысы берілді. Оқушыларға мәтіндегі сөздер күрделі болғандықтан, тізбектей оқулары баяу болды. Жалпы сабақ тартымды өтті. 

   2 Б  сынып.Пәні: Математика.Тақырыбы: Көбейту мен бөлудің байланысы.Сынып жетекші:Бухарбаева Г.

Ұймдастыру кезеңі болды. Үй тапсырмасын тексерді. Бағалау болды. Кім көп смайлик жинайды сол сабақтың соңында саналып, бағаланады. Жыл мезгілдерін қайталады. Менің бос уақытым. Қазақ тілімен байланыс. Бөлу көбейтудің компоненттері айтылды. Сергіту сәті: дене қимылдары. Есептер шығарды. Сабақты қорытындылады. Өз ойларын жазып ағашқа ілді.

  2 Г  сынып. Пәні: Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Шынықсын денеңіз .Сынып жетекші: Демеуова А.

Қар кесек әдісі арқылы үй жұмысын тексерді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін жұмбақ жасырды. Өлеңді оқып берді. Өлеңді оқушылар оқыды. Венн диаграммасы арқылы өлеңдердің ұқсастығы сұралды. Жауап берген оқушыларды бағалап отырды. Қадам жаса әдісі бойынша сұрақ жауап, кім көп ұпай жинайды. Суреттерге қарап сөйлем құрастыру. Сабақтың жеңімпазы анықталды. Жетістік баспалдағы арқылы балалар ойларын жазды.

   28.01.2021 2 А сынып. Пәні: Математика. Тақырыбы: Бөлу. Сынып жетекші: Абдалова Э.

Ұйымдастыру кезеңі болды. Психологиялық ахуал орнатты. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылды. Тапсырмалар орындады. Дәптермен жұмыс жүргізді. Әр тапсырмадан кейін жетістік ағашын қолдана отырып бағаланды. Қонаққа маймыл келді, тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы, банан ала отырып, маймылды тамақтандырды. Кері байланыс Бағдаршам әдісі арқылы бағалады. 

   1 Д сынып. Пәні: Математика. Тақырыбы: Длина. Масса. Объем. Сынып жетекші: Касенова А .

Ұйымдастыру кезеңі болды. Наурыз мейрамы туралы айтылды, ұлттық киім, наурыз көже туралы айтты. Өткен сабақты қайталау. Тапсырмалар орындады. Карточкамен жеке жұмыс жүргізілді. Дәптермен жұмыс болды. Сабақ қорытындысы. Түсінсе – жасыл, сұрақ болса – сары, түсінбесе –қызыл түсті көтеру керек. Мұғалім бағаны нақтылады. Уақытты тиімді пайдалану керек еді. 



      2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбында тарих – география әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Апталықты онлайн форматта ашылды, бірнеше ашық сабақтар көрсетілді, 9-11 сыныптар аралығында «География лидері», «Рәміздерім мақтанышым» (Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай) викторина,  сонымен қатар 5-7 сыныптар арасында  «Тәуелсіздік ел тірегі», 6-7 сыныптар  «Жетісуым – туған өлкем, Табиғаты қандай көркем» тақырыптары бойынша видео челлендж ұйымдастырылды.   

      22.02. күні   Мухтарова Ольга Николаевна    ZOOM  платформасы арқылы 8 «В» сынып оқушыларымен «А.Байтурсынов – учитель нации» тақырыбы бойынша ашық сабақ көрсетті. Сабақтың барысында А. Байтұрсыновтың өмірбаяны, еңбек жолдары, ел есінде қалған атқарылған істері туралы айтылды, бейнежазба көрсетіліп, оқушылармен бірге талқыланды. Оқу мақсатына жете білді,оқушылар белсене қатысып, өз ойларын жеткізе білді. 

         23.02 күні Толумбекова Салтанат ZOOM платформасы арқылы   7 ә сыныбымен ZOOM платформасы арқылы   «Дүниежүзінің діни құрамы»  онлайн сабақ өткізілді. Сыныпта барлығы 26 оқушы, оның 18 -і қатысты, ал қалған оқушыларға ватсап желісі сабақ өтіліп тапсырмалар орындалды.  Сабақтың мақсатына жету үшін сабақтың барысында бірнеше тапсырмалар орындалды. Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ жауап ретінде сұралып, «Ленинаппс» веб сайты арқылы картамен жұмыс, яғни Дүниежүзінің тілдік топтарын карта бойынша мемлекеттері мен тілдік топтарын тауып, орындады. Жаңа сабақ түсіндіріле отырып, «Тірек сызбаны толтыр», Дүниежүзінің әлемдік картасын пайдаланып, діндердің таралу аймақтарын көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстандағы діндердің таралуы туралы түсіндіріліп, кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, диаграмма сызды. «Қазіргі кездегі діннің жағдайына»  SWOT арқылы талдап, баға берді. Сабақты бекіту үшін Серпілген сауал әдісін пайдаланып, бірнеше сұрақтар қойылып, жауап алынды. «Баспалдақтар жетістігі» арқылы кері байланыс орнатылды. Сабаққа белсене қатысып отырған оқушылар бағаланды. 

        24.02 күні Жетесова Айнұр 9 Ә сыныбымен «Қазақстандағы урбандалу үдерсі» тақырыбы бойынша офлайн сабақ өтті. Сыныпты топқа бөліп, «Сиқырлы сандық» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрады, әр топқа жекелеген тапсырмалар беріп орындатты, «Фишбоун» әдісі арқылы Урбандалу мәселелерін анықтады. Сонымен қатар, «Бес сұрақ» әдіс арқылы  мәтін бойынша проблемалық  сұрақтарды талқылап, «Еліміздегі урбандалу үдерісі туралы жеке көзқарасым» тақырыбында   эссе жазды. «Табыс сатысы» арқылы кері байланыс орнатылып, бағаланды. 

        25.02 күні Махаметкеримова Фарида 9 А сынып оқушыларымен «Қазақстандағы халықтың миграциясы. Миграциялық саяхат» тақырыбында офлайн сабақ өткізді. Сабақтың мақсатына жету үшін бірнеше тапсырмалар орындалды, үй тапсырмасын «Кахут» веб сайты арқылы тест жұмыстарын алып, тексерді.   Жаңа тақырып бойынша бейнежезба көрсе отырып, тапсырмалар орындалды. Сабақтың барысында картамен жұмыс, кестемен жұмыс, термин сөздермен жұмыстары орындалды, бағалау парағы беріліп, оқушылар өздерін бағалады. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын нақты жеткізіп отырды.

        25.02 күні Махаметкеримова Шолпан  ZOOM платформасы арқылы  5   А сынып оқушыларымен «Үйсіндер туралы жазба деректер» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақта үй тапсырмасын «Googleforms» арқылы тексерді,  жаңа сабақты түсіндіре отырып, бейнежазба көрсетті. Аталған платформада оқушыларды топқа бөліп, топтық жұмыс орындатты. Кластер толтырылды. «Ақиқат/ жалған» кестемен жұмыс жасай отырып, оқушылардың ойын тыңдап, талқылады. 5 А сыныр оқушылары сабаққа белсене қатысып, ойларын ашық әрі нақты жеткізуге тырысты.

       9-11 сыныптар арасындағы «География лидері» , 5-7 сынып арасындағы «Рәміздерім мақтанышым» викториналық сайыста жеңімпаз атанған оқушылар мен «Тәуелсіздік -  ел тірегі» , «Жетісуым  - туған өлкем, табиғаты қандай көркем» тақырыбы бойынша видео челленджге қатысқан оқушылар марапатталды. 

2021 жылдың 1 наурызынан 11 наурызына дейін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің онкүндігі өтті. Онкүндік жоспарға сәйкес өткізілді. Жоспар әдістемелік бірлестік  отырысында қаралды, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарымен келісілді және мектеп директорымен бекітілді. Онкүндіктің мақсаты оқушылардың зияткерлік әлеуетін анықтау, оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды жалпы мектептік іс-шараларға тарту болды. Онкүндіктің әр күні ашық сабақтар мен қызықты іс-шараларға толы болды. Пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтар өткізді әр оқушының шығармашылық және зияткерлік мүмкіндіктерін барынша ашуға бағытталған Орыс тілі мен әдебиеті бойынша іс-шаралар. Онкүндіктің ашылуы әдістемелік бірлестіктің жаңалықтары туралы бейнероликті іске қосудан басталды. Онкүндік аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

       Есепті Дмитрий Лихачевтің сөзінен бастағым келеді: "мұғалім – бұл өнер, еңбек жазушы немесе композитордың жұмысынан кем емес, бірақ одан да ауыр және жауапты. Мұғалім адам жанына музыка, композитор, бояулар, суретші ретінде емес, тікелей жүгінеді". Мектепте жұмыс істейтін әр мұғалімнің өз принциптері бар. Барлық пән мұғалімдері әдістемелік тақырыптармен жұмыс істейді.

Негізгі мақсаты: - білім сапасын арттыру; - ойлау логикасын дамыту; - әр түрлі құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты көру қабілетін дамыту; - баланың қабілеттерін, оның қиялын, есте сақтау қабілетін, дербестігін дамыту; - өзін және бір-бірін бағалау дағдыларын дамыту. Сабақтарда біз келесі оқу ойындарын қолданамыз: - "Снежный ком», - "Миға шабуыл», - "Аквариум», - "Бақытты сәт"», - "Сен маған, Мен саған», - "Эстафета», - "Саяхат», - "Конвейер», - "Сұрақ-жауап" және т. б. Сондай-ақ біз әртүрлі жұмыс түрлерін қолданамыз: - ұжымдық, - жеке, - жұптық, - топтық, Жеке-топтық және басқалар.


      01.03. Алғыс айту күніне орай 5-11 сынып оқушылары арасында челлендж іске қосылды. 02.03. Ф. м. Достоевскийдің 200 жылдығына арналған бейнематериалды қарау. 03.03. 9 Ә сынып оқушылары В.Акуниннің "Түрік гамбиті"тақырыбында буктрейлерна құрды. 04.03.Джумахмедова г. К. 4 "ә" сыныбында "Табиғатты неге қорғау керек?»


04.03. Бейсебаева д. м. 3 "А" сыныбында "А. С. Пушкиннің ертегілері" тақырыбында ашық сабақ өткізді»


05.03. Н.А.Некрасовтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик. 05.03. Жанысбаева а. к. 9 "А" сыныбында Орыс тілі мен әдебиетінің ашық сабағы өткізілді: М. Горький " Италия туралы ертегілер»


09.03. А. к. Ашимова 4 "б" сыныпта "Мен сені мәңгі сүйемін, қоршаған орта"тақырыбында ашық сабақ өткізді. 09.03. 3 – сынып оқушыларымен Г. н. Аяпбергенова "Менің жұлдызды сағатым"атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.


09.03. Борбасова А.А. мектеп мұғалімдерімен ZOOM платформасында "мұғалімдердің авторлық жұмыстарды дайындауы бойынша әдістемелік ұсыныстар"тақырыбында семинар өткізді.


10.03.Әдістемелік бірлестік мұғалімдері 9 сынып оқушыларымен функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша "Оқуға құштар мектеп" тақырыбында Жобалық жұмыс жүргізді.



Орыс тілі мен әдебиеті бойынша білім сапасын арттыру үшін пән мұғалімдері қосымша сабақтар өткізеді, оқушылардың орыс тілін үйренуге деген ынтасын арттырады. Одан әрі жұмыс Әдістемелік бірлестіктің жасалған жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар жүргізіледі, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтар жойылады.

     2021 жылдың 12  сәуір мен 22 сәуір аралығында  «Language is the friendship of people»

атты тақырыпта  ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндік қорытындысына анықтама

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Тіл –халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеру керек. Үш тілді меңгеру қазіргі уақытта басты назарда болып отырғаны белгілі.

Апталықтың мақсаты:

Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру; Оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейтіп оларды әрі қарай дамыту, тілдерге   деген  құрмет  пен   сыйластықты  оқушы  бойында   тәрбиелеу,  оқушылар арасында адамгершілік пен достастықты дамыту.

2020-2021 оқу жылы елімізде болып жатқан пандемияға байланысты қашықтықтан оқытылды. Осы жағдайды ескере отырып апталықтағы барлық  іс шараларды онлайын түрде өткізуді ұйымдастырдық. 

12.04.21апталықтың ашылуывидеоролик жасап мұғалімдердің және оқушылардың ватсап чаттарына жібердік

Тлеубаева А.    12.04.2021 ж 7«Ә» сыныбымен  Healthy diet every day  тақырыбында сабақ өткізілдіАшық сабақ   ZOOM платформасымен  өткізілді. Ашық  сабақ барысында оқушылар жаңа сөздермен танысып, тыңдап, өздері айтып аудиожазба арқылы жіберді. Осы жаңа сөздерге байланысты кітаптан тапсырма берілді. Оқушыларға мәтіннің тыңдалымы жіберіліп, оқушылар мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қойып жазып шықты. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін оқушылар, осы сабақтан не түсінгендігін жайлы түсініктерін айтты.  Оқушылар орындаған тапсырмаларын суретке түсіріп жіберді, оқушылардың қателерін түзетіп, кері байланыс жасалды.

    Темірхан Сандуғаш.  20.04.2021 ж 4 «Б» сыныбымен  «Aliens» - «Өге ғаламшарлықтар» тақырыбында сабақ өткізілдіАшық сабақ   WhatsApp - пен интернет желісі көмегімен өткізілді. Ашық  сабақ барысында оқушылар жаңа сөздермен танысып, тыңдап, өздері айтып аудиожазба арқылы жіберді. Осы жаңа сөздерге байланысты кітаптан тапсырма берілді. Оқушыларға мәтіннің тыңдалымы жіберіліп, оқушылар мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қойып жазып шықты. Келесі тапсырмада оқушылар өзге ғаламшарлықтар туралы берілген мәтінді оқып, өзге ғаламшарлықтардың аттарын суретке қарау арқылы тауып жазып шықты. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін оқушылар дәптерлеріне бағдаршамның суретін салып бояды,  жасыл түсті – сабақ түсінікті болса, қызғылт сары түсті – сабақты дұрыс түсінбесе, қызыл түсті –  сабақ мүлдем түсініксіз болса. Оқушылар орындаған тапсырмаларын суретке түсіріп жіберді, оқушылардың қателерін түзетіп, кері байланыс жасалды.

Өмірхан Жадыра. 21.04.2021 ж 3 «Б» сыныбымен  «A beach story» тақырыбында сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты:

2.R3 read and follow with considerable support simple, words, phrases and sentences on familiar topics2.S3 use a limited range of basic words, phrases and short sentences to describe objects, activities and classroom routines.

      Ашық сабақ  WhatsApp мессенджері мен  ZOOM платформасында интернет желісі көмегімен өткізілді. 

Ашық  сабақ барысында Quizizz.com платформасы арқылы оқушылардан өткенді қайталауға арналған сұрақтар қойылды, оқушылар жаңа сөздермен танысып, тыңдап, өздері айтып аудиожазба арқылы жіберді. Осы жаңа сөздерге байланысты кітаптан тапсырма берілді. Келесі тапсырма кітаптан мәтін оқып, оқушылар видео жазба жіберді. Мәтінге байланысты оқушылар жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындады. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін оқушылар сабақты түсінгендері бойынша смайликтер жіберді. Оқу тапсырмасы берілді. Bilimland платформасындағы осы тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындалды. Оқушылар толық сабаққа қатысты. Оқушылар орындаған тапсырмаларын суретке түсіріп жіберді, оқушылардың қателерін түзетіп, кері байланыс жасалды. Аудио, видео жазбалар жіберілді оқушылар толық бағаланды .

     СейтқалиГаухар 20.04.2021«Unit revision»тақырыбында 2 Ә сыныбымен ашық сабақ өтті. Сабақ зум платформасы арқылы өтті.Сабақ өте қызықты болды. Сабақ барысында балалардың бөлімді қандай деңгейде меңгергендіктерін топқа бөліп,жарыс сабақ ретінде қызықты ойын тапсырмалармен тексерді 

        Жұматай Гүлданамен Сейтқали Гаухар бірігіп  2-3 сыныптар арасында өткізілген сыныптан тыс іс-шараTheme of the event: " In unity there’s strength "

The goal: " In unity there’s strength " expansion of vocabulary on the topic. Development of students' language skills. Increase students' interest in English.

Type: Competition (between 2-3 grades)

«Бірліктекүшбар »тақырыбыбойыншаоқушылардыңсөздікқорынкеңейту ,ағылшынтілінедегенқызығушылығынарттырумақсатындаонлайнформатта 2-3 сыныптарарасындасыныптантыссайысіс-шарасыөткізілді.

     Рахаев Н.С19.04.21күні   «Tourism in Kazakhstan»тақырыбындасабақ өткізілдіАшық сабақ  ZOOM платформасымен  өткізілді. Ашық  сабақ барысында оқушылар жаңа сөздермен танысып, тыңдап, өздері айтып аудиожазба арқылы жіберді. Осы жаңа сөздерге байланысты кітаптан тапсырма берілді. Оқушыларға мәтіннің тыңдалымы жіберіліп, оқушылар мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қойып жазып шықты. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін оқушылар, осы сабақтан не түсінгендігін жайлы түсініктерін айтты.  Оқушылар орындаған тапсырмаларын суретке түсіріп жіберді, оқушылардың қателерін түзетіп, кері байланыс жасалды.

     Казиханова А. Б.14.04.21  күні  7 ә сыныбына «How Healthy you are» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты:

7.S7 use appropriate subject-specific vocabulary and syntax to talk about a range of general topics,and some curricular topics;

7.UE8 use a growing variety of future forms including present continuous with future meaning on a range of familiar general and curricular topics;

    Сабаққа методист завуч Чонбаева Гаухар,ағылшын тілі пәні бірлестік жетекшісі Коштаева Замира және бірнеше мұғалімдер қатысты.

Ашық сабақ онлайн түрде зум платформасы арқылы өткізілді.Сабақта түрлі жаттығулар мен ойын ойнатылды.Сабақтағы жаттығу түрлерін «agendаweb»платформасынан қолданды. Сабақта қойған мақсатыаа жете алды,40 минутта жоспарлаған жаттығу түрлерін түгел алып,бағалап үлгерді.

Онкүндік кезінде сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырды.

Мақсаты:Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;

 Ағылшын тілінде сауатты сөйлеуге үйрету;

Отанымызға сүйіспеншілігін арттыру,патриоттар тәрбиелеу;

10 б сыныбына «Different culture different nationality»тақырыбында,7а,б,в сыныптарына «Nature of  Kazakhstan» тақырыбында, 7ә,г,д сыныптарына«Nature of my Motherland» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара,5г,д сыныптарына «My Native Village» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырды.

     Коштаева Замира22.04.21 күні  6д орыс сыныбымен «My home town»тақырыбында  ашық сабақ көрсетті. Сабақ ZOOM платформасы арқылы жүргізілді.

Сабақтың мақсаты : 6.1.9.1  use imagination to express thoughts, ideas, experiences and feelings

6.3.1.1 provide basic information about themselves and others at discourse level on a range of general topics

6.3.2.1 ask simple questions to get information about a growing range of general topics

 Сабақ оқушыларға оқу және сабақ  мақсатын таныстырумен басталды. Ой қозғау әдісі бойынша оқушыларға Алматы қаласы туралы видео көрсетілді, оқушыларға сұрақ қойылып , жауаптарын тыңдалды. Оқушылар белсенді қатысып , жауап берді. Бағалау парағымен таныстырып, жаңа сабақтың сөздері Білімлэнд платформасынан беріліп , жаңа сөздердің анықтамасыменоқушылар  танысты. Мұғалім оқушылыарға үш тапсырма дайындаған , екі тапсырма Wordwall.com  сайтына жасалып сілтемені ватсап желісіне жіберу арқылы  оқушыларға орындатты. Оқушылар қызығып белсенді орындады.   Бір тапсырма мәтін бойынша жұмыс дәптеріне орындады. Сабақ соіында оқушылар кері байланыс жасап . өз жұмыстарын бағалады. 

Сонымен қатар «What is a friendship»тақырыбында 10 шы сыныптар арасында  сыныптан тыс іс шара өткізді. Мақсаты:  оқушылар арасында адамгершілік пен достастықты дамыту. Оқушыларға ватсап желісіндегі чатқа What is a friendship сұрағы қойылып, таныстырылым жіберілді, сол сұраққа оқушылар өз жауаптарын видеотүсірілім арқылы жіберді.

   Айкенова Назерке12.04.2021-22.04.2021. Сынып: 1сынып оқушылары

Мұғалімнің аты- жөні: Айкенова Назерке_

Іс-шаратақырыбы:”Fan family”

Өткізутүрі: Онлайн /видео түсіру/

Іс шараға қатысу мақсаты: Отбасы жайлы ағылшын тілінде видео түсіріп, ағылшын тілін уйрену

Қатысқан оқушылар : 

1 А сынып: Бегмұрат Ұлан, Садық Жандарбек

1Ә сынып: Даутбай Мадияр, Серікбай Саят

1 Г сынып: Ерсейт Гүлнұр , Ғалымжан Ақерке

Бағалау критериилері: Ағылшын тілінде баланың анық сөйлеуі, креативтілігі, отбасы жайлы толық мәлімет беруі

Қазылар алқасының мүшелері: Баймахан Ақманат, Бейсенбаева Жансая , Айкенова Назерке

Жарыс барыныда :

1 орын : Даутбай Мадияр

2 орын: Ерсейт Гүлнұр Серікбай Саят ,Садық Жандарбек

3 орын: Бегмұрат Ұлан, Ғалымжан Ақерке орын иеленді





 Нұрбаев Нұрым «Human body and exercise» тақырыбында 5 ә сыныбында ватсап желісі арқылы ашық сабақ жүргізді.

Cабақтың мақсаты:5.R1 Read and spell out words for others

5.S3 use a limited range of basic words, phrases and short sentences to describe objects, activities and classroom routines 

Сабақта тапсырмаларды ватсап желісі арқылы жіберіп оқушылармен google form вэб сайты арқылы жұмыс жасады. Оұушылар тапсырманы орындап белсенді қатысып отырды.


Өмірхан Жадыра мен темірхан Сандуғаш бірігіп  «My best friend » тақырыбында екінші сынып оқушыларымен достық қа байланысты өлеі ін сайысын ұйымдастырып видеоролик жасап чаттарда бөлісті.

Қорытындылай келе апталықтағы жоспарланған іс шаралар орындалды. Жұматай Гүлдана денсаулығына байланысты ашық сабақ көрсете алмады. Барлық іс шаралармен мектеп мұғалімдерінің чатында және ZOOM   платформасында бөлісіп отырдық. 

   Аудан , облыс көлемінде ұйымдастырылған вебинарлар:

Аудандық білім бөлімі мен Ассосация мүшелері ұйымдастырған  күнделікті вэбинарға барлық ағылшын тілі пән мұғалімдері қатысып отырды .



   Ағылшын тілі  пән мұғалімі Рахаев Нұрдос аудандық ашық сабақ көрсетті . Тақырыбы: Natural disasters 



2021 жылдың 26 сәуір мен 06 мамыр  аралығында    АӘД    және  дене шынықтыру пән бірлестігінің өткізілген онкүндіктің қорытынды:

     Жоспарға орай онкүндікке арналған жоспар құрылды .Онкүндік    26-ші Сәуір 06-шы  мамыр   аралығында өткізілді .Апталыққа орай,төмендегідей іс-шаралар өз уақытында жоспарға сай өткізіліп отырды. Пән мұғалімдері түгелдей ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарын көрсетті .Атап айтсақ, 26.04. күні 5 «Б» сыныбымен   пән мұғалімі М.Нурпеисова  «Допты төменнен ойынға қосу  тәсілдері» сабағын  сыныбында, 27.04 күні   9 «Б» сыныбымен Ноканов.С «Қысқа қашықтыққа жүгіру,Орынан ұзындыққа секіру» ,28.04 күні 7 «Г» Нурманов.А «Оздоровительный бег», 30.04 күні  5 «Г» сыныбымен Орзбаев.Д  «Жеңіл атлетикалық төменгі сөре»,03.05 күні 3 «В» сыныбымен   Ж.Худайбергенов «Орыннан ұзындыққа секіру», 05.05 күні  5 «Ә»сыныпен Калыков.С «Футбол Допты қабылдау техникасын», 03.05 күні  4 « А» сыныппен Қ.Турғанбаев  «Гимнастика», 05.05күні  5 «Г» сыныбы мен «Футбол.Допты қабылдау техникасы», 06.05 күні, 5 «А» сыныбымен «Жеңіл атлеикасы», 05.05 күні  мектепшілік МО аралығында волейбол жарысын өткіздік.1 орын –Тарих бірлестігі,2 орын- Ағылшын бірлестігі,3 орын –Орыс тіл бірлестігі,4 орын- математика пән бірлестігі.,онкүндіктің жабылуына орай бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен кеш өткізілді. Апталықтың соңғы күні оқушыларды жинап денешынықтырудың онкүндігіне белсене қатысып өздерін көрсетін үшін оқушыларға марапатау берілді.

Жас мамандармен жұмыс

      21  қыркүйек   күні  «Сандық білім беру мен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға заманауи коммуникациялық технологиялар мен құралдар» тақырыбындағы Онлайн режимінде  /ZOOM платформасы/ оқыту курсына мектебіміздегі  жас мамандары қатысып, сертификаттарға ие болды.

   Оқу жылының басында жас мамандарға тәжірибелі мұғалімдерден тәлімгер тағайындалды.


Жас маманның аты-жөні

Пәні

Тәлімгері

1

Билибай Назым

Бастауыш сынып мұғалімі

Ү. Қожабекова 

2

Бейсенбаева Жансая                     

Музыка пәнінің мұғалімі

М. Бухабай 

3

Еншилесова Ардак 

Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Г. Джумахметова 

4

Нурдавлетова Лаура Нарузқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Э.Абдалова

5

Качашвили Гульчешек Хейрфдинова

Бастауыш сынып мұғалімі

З.Власова

6

Өмірхан Жадыра      

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Б. Нураханова 

7

Болысбаева Айнур

Биология пәнінің мұғалімі

А. Хапсемет

8

Абдуллаева Сауле

Мектепалды даярлық сынып мұғалімі

Г. Бухарбаева

9

Айкенова Назерке Ержановна  

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Н. Рахаев

10

Темірхан Сандуғаш 

Ағылшын тілі 

А. Казиханова

11

Түргенбай Асел   

Қазақ тілі мен әдебиеті

С. Исматов

12

Тлеубаева Асель

Ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі

А. Казиханова 

13

Самандаров Бекзат Жарасбайұлы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

З.Коштаева

14

Бейсебаева Динара      

Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

К.Шаймерденова

15

Жұматай Гульдана

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

З. Коштаева

16

Өмірзақ Айнұр Өмірзаққызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

С. Байтуова

17

Новетова Сән

кітапханашы

П.Алимжанова 

18

Сейтқали Гаухар

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Н.Рахаев 


      Жоспар бойынша жас мамандармен қашықтықтан семинар ұйымдастырылды. Семинарда жас мамандарға № 130 бұйрыққа сәйкес күнтізбелік тақырыптық жоспар құруға, қысқа мерзімді жоспар құруға түсініктеме берілді. Семинарда мектеп психологтары жас мамандарға өздерін ұстай білу туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.



09.11.2020 күні  жас мамандармен кәсіби кеңес: «Оқушы білімін әділ бағалау»  тақырыбында вебинар ұйымдастырылды. Жас мамандарға оқушы білімін жан-жақты бағалауға және әділ бағалау бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Аудан , облыс көлемінде мұғалімдердің іс – тәжірибесінің таратылуы

  Қыркүйек айында шығармашылық топ мүшесі Нурбаева Ләззат "ББЖ/ТЖБ тапсырмаларын дайындауға қойылатын талаптар"  тақырыбы бойынша өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Нурбаева Ләззат БЖБ тапсырмаларын құрастыру бойынша өз білімін жетілдірген боладын. Сол оқығаны бойынша БЖБ/ ТЖБ тапсырмаларын құруды түсіндерді.

        Қазан айында шығармашылық топ мүшесі Жаныстаева Асель Кайрулиевна "Сабақты зерттеуді (Lesson Study) қалай өткізуге болады?" онлайн коучинг өткізілді. Мұғалімдерге сабақты зерттеу бойынша түсініктеме берілді.  



       Желтоқсан айында  екінші тоқсанда «БЖБ/ТЖБ тапсырмаларын алу және талдау жүргізу» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарды мектеп үйлестірушісі Г.Бизакова өткізді. 






 «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау өткізіледі.Бірінші тоқсанда педагогтер 2-11 сыныптарда бөлімге (бұдан әрі –БЖБ) 1 жиынтық жұмыс және тоқсанға(бұдан әрі – ТЖБ) 1 жиынтық жұмыс  өткізеді.

БЖБ 2-11сыныптарда 2020 жылдың 3-15 желтоқсан аралығында ТЖБ 2-11 сыныптарда 2020 жылдың  21желтоқсаннан бастап   өткізу ұсынылады.

2-11 сыныптарда БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндердің саны мен атауларын көрсететін кестелер бар 

1-сыныпты бағалау жүргізілмейді.

Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс.

№ 125 бұйрығына сәйкес жиынтық бағалауды өткізу кезінде қойылатын талаптарды басшылыққа алады: тармақтар және тармақшалар 13, 1414.1-14.314.514.714.8, 14-9, 15-1821-26;

Үйде оқитын, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін мұғалім оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып жеке тапсырмалар әзірлейді.

Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының саны:

– 1-4 сынып оқушылары үшін – 3-тен 5-ке дейін оқу тапсырмасы;

– 5-11 сынып оқушылары үшін – 5-тен 7-ге дейін оқу тапсырмасы.

ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін өлшемдерді баллмен пайдалануды сақтайды (БЖБ үшін max балл 1-4 сыныптарда 7-ден 15-ке дейін, 5-11(12) сыныптарда 7-ден   20-ға дейін).

ТЖБ тапсырмалардың техникалық спецификациясы негізінде тоқсан үшін жиынтық жұмыстың тапсырмаларын құрастырады. Орындауға  40 минуттан кем емес уақыт бөлінеді;

2) тілдік пәндер бойынша:

-2-4 сыныптарда нұсқаулық-әдістемелік хатта (ИМП) және жиынтық бағалау ерекшелігінде көрсетілген ТЖБ балдарына сәйкес тапсырмалар құрастырады және қашықтықтан оқыту кезінде сөйлеу және тыңдау дағдыларын тексеруді талап ететін оқу мақсаттарын қоспайды;

- 5-11 сыныптарда қашықтықтан оқыту кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 бұйрығының 29-тармағын басшылыққа алады;

- сыныптарды келген балалар (кезекші сыныптарда) және қашықтықтан білім алушылар тобына бөлу кезінде бірыңғай балмен бірыңғай тапсырмалар жасайды;;

- №125 бұйрықтың 18-тармағын қолданады, онда тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау оқытудың толық штаттық режимінде сөйлеу қызметінің төрт түрі (тыңдалым (тыңдалым), айтылым, оқылым, жазылым) бойынша жүргізіледі

3) ТЖБ тапсырмалардың техникалық спецификациясы негізінде Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийін құрастырады;

4) ТЖБ тапсырманы сынып оқушылары алғандығына көз жеткізеді

5) жауаптарды есептен шығару жағдайларының алдын алу мүмкіндігін қарастырады.

6) техникалық ерекшелікке сәйкес балл қою схемасын қолданады. 

7) төртінші тоқсан бойынша оқушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді.

8) электрондық журналға/мұғалімнің уақытша журналына балл қояды.

9) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электрондық форматта айдарды ұсынады.

55. Білім алушылардың жиынтық жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар

Білім алушыБЖБ және ТЖБ орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын және өзін-өзі бақылау принциптерін сақтайды:

1) біілм алушы өз бетінше жұмыс істеуі, бөгде адамның көмегінсіз тапсырмаларды орындауы тиіс;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілгенорта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың,  аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес (ҚР БҒМ 25.09.2018 жылғы №494 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен итолықтыруларды) ескере отырып,«Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері бойынша тоқсанның/жартыжылдықтың, оқу жылының соңында«сынақ» («есептемейді») қойылады.

      Мектепішілік онлайн оқыту семинары:  « Оқушылардың функционалдық сауаттылық арттыруға арналған тапсырмалар» тақырыбында география пәнінің мұғалімі Махмаеткеримова Фарида Байганиновна өз іс-тәжірибесімен бөлісті. 



Онлайн оқыту семинарын биология пәнінің мұғалімі Хапсемет Айгерім  «PISA  жұмыстарын қысқа мерзімді жоспарға кіріктіру» тақырыбында өткізді.



«Фортуна» желілік қауымдасытығының жұмысы:

    Республикалық «Жаңару жаршысы-2020» форумында  «Қашықтықтан оқыту барысында бағалауды ұйымдастыру  мен өткізуге тиімді ресурстар» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.



    Осы оқу жылында Борбасова Айжан Асылханқызымен келесі жұмыстар атқарылды:

ZOOM платформасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен әр түрлі тақырыптағы аудандық семинарлар. Облыстық семинарлар. Республикалық семинарлар.


       29.03.2021 жылы мектепішілік ықшам сабақ ұйымдастырылды.Ықшам сабақты әр пән бірлестігінен бір –бір мұғалім өз іс тәжірибесімен бөлісті.   






         Сонымен қатар география пәнінің мұғалімі Махаметкеримова Фарида жаратылыстану пәнінен Пиза тапсырмаларын құрастыру бойынша мектепішілік вебинар өткізді.

География пәнінің мұғалімі Толумбекова Салтанат  ZOOM платформасы арқылы ақпан айында «Дүниежүзінің діни құрамы» тақырыбында аудандық ашық сабақ өткізді. Өзінің ашық сабағында қашықтықтан оқыту кезінде қолданылатын түрлі әдістерді қолданды.


    География пәнінің мұғалімі Махаметкеримова Фарида Байганиновна «География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар құрастыру» бойынша аудандық вебинарда өз тәжірибесімен бөлісті.





Тарих-география пән бірлестігі бойынша өткізілген Республикалық іс-шаралар



   Қашықтықтан оқыту бойынша Толумбекова Салтанат тиімді платформаларды қолдану бойынша аудандық көлемде өз тәжірибесімен бөлісті.



    Жетесова Айнұр қашықтықтан оқыту бойынша География пәнінен ұйымдастырылған Республикалық виртуалды-олимпиадаға қатысып, сертификатқа ие болды.

«Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі материалын жариялаған үшін сертификат берілді. 

            2020-2021 оқу жылының басында Алматы қаласындағы № 90 мектеппен меморандумға отырдық. Жоспары құрылып, жоспар бойынша жыл бойы іс-шаралар ұйымдастырылды.