«19 қараша – Халықаралық темекіге қарсы күрес» күніне байланысты «Темекі шегуге жол бермейміз» тақырыбында постерлердің мәліметі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «19 қараша – Халықаралық темекіге қарсы күрес» күніне байланысты «Темекі шегуге жол бермейміз» тақырыбында постерлердің мәліметі
13
июль
2023

«19 қараша – Халықаралық темекіге қарсы күрес» күніне байланысты «Темекі шегуге жол бермейміз» тақырыбында постерлердің мәліметі


  «19 қараша – Халықаралық темекіге қарсы күрес» күніне байланысты «Темекі шегуге жол бермейміз» тақырыбында  постерлердің  мәліметі



              Іс-шараның мақсаты :  жасөспірімдерді  жат қылықтардан , зиянды әрекеттерден, зиянды  заттарға тәуелділіктен  сақтандыру. 

                Іс-шараға  5-8 сынып оқушылары  қатысты. Стендте  темекінің   зияны, өмірге  кауіптілігі  туралы   мағлұматтар беріліді.   Сонымен  қатар сынып жетекшілер  әр сыныпқа  "Жаманнан жирен", "Әдептілік"  атты  тақырыпта сынып сағаттарын өтті. 

Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарас темекі шегу, спирттік ішімдікке салынудың, есірткі қолданудың көбеюіне себепкер болып отыр.  Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екенін белгілі. 

               Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу  жолдарын қарастыру керек. Дені сау  адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау  өзіміздің қолымызда деп- 5 сынып оқушылары "Ағалар, әпкелер темекі шекпеңдер" атты плакатқа салған суреттерін  мектеп тынысы бұрышына ілді. Әр сыныптар  өздері салған суреттерін қорғап, стендке ілді.


              Лұқпан хакімнен  «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам  баласын бақытты ете алмайды. Біле берсеңдер, ауру ханнан сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? 

Әрбір адам өзінің күш  - жігерін   халқына, өз еліне, ұрпақ   тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен. 

 

         Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ»  зиянды әрекеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға,   дәрумендерді көп пайдалану керектігі, спортпен шұғылдануға кеңес беріліп, марапаттады.


«Ер азамат атына лайық бол!» , «Адал ұл ер боп туса, ел тірегі» тақырыбында  ұлдар жиыны  өтті.


               2023 жылдың ақпан айында   мектебімізде  "Ер азамат атына лайық бол!"», «Адал ұл ер боп туса, ел тірегі» тақырыбында сыныа сағаттары, кездесу өтті. Кездесу мақсаты оқушылар  арасында құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу профилактикасы және салауатты өмір салтын ұстану, ер азамат қандай болу керектігі туралы әңгіме болды. Қоғамның заңдарын және нормаларын орындау және құрметтеу. Кездесуге АӘД пән мұғалімі Балтешов Бекжан Асылбекович, ДТЖО  Баймахан Ақманат Ермекбайқызы, ұйым жетекшісі Исматов Сабит Юсупұлы  қатысты. Кездесуде қоғамдағы жастар проблемасы, жасөспірімдердің тұлға ретінде қалыптасуға сыртқы ортаның әсері, толеранттылық, этносаралық татулық, ұлт болашақ білімді, мәдениетті жастар қолында екені түсіндірілді. 

                  Іс-шара барысында мұғалімдер  мен оқушылар  тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға жауаптар мен кеңестер берілді. Кездесудің соңында  ДТЖО А.Баймахан  оқушылар   арасында кездесетін проблемалар туралы айта келе, бүгінгі оқушы - ертеңгі болашақты ер азамат  екеніне жауапкершілікпен қарау қажеттігін айтып, қорытындылады.