9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ер мен елдің жеңісі!» атты іс – шара өтті. » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ер мен елдің жеңісі!» атты іс – шара өтті.
13
июль
2023

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ер мен елдің жеңісі!» атты іс – шара өтті.

 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай  «Ер мен елдің жеңісі!»  атты  іс – шара өтті. 



Мақсаты:  Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.


            Ұлы Жеңістің 78 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Бүгін біз сіздерге осы тақырыпта  мектебіміз және мәдениет үйімен бірігіп жасаған концерттен үзіндіні ұсынамыз. 

Жеңіс туы,

Жеңіс туы,

Желбіресін мәңгілік!

Жеңіс жыры,

Жеңіс жыры,

Асқақтасын жаңғырып!

Жеңісім – салтанат, сән, сәулет,

Жеңісім – береке, бақ, дәулет!


Жиынға оқушылар белсенді қатысты, өз дәрежесінде өтті. Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілеймін. Әрбір қазақ баласы өз Отанын анасындай сүюі қажет. Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін. Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін! 


4-бағыт. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бойынша:

«Таза мектеп» экологиялық челенджі болып өтті             Жалпы білім беру мекемелерінің аумағында «Менің атаулы ағашым!» атты тал отырғызу акциясы жүргізілді. Акция аясында 1000 түп ағаш отырғызылды.   Бүгінгі күні мектепте 1495 оқушы білім алуда. Оқу ордасының сыртында көгалдандыру бойынша гүлдер мен ағаштар егілді. Мектеп әкімшілігі мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары бірлесе отырып, «ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ МЕНІҢ МЕКТЕБІМ» атты жобаны қолға алынған.
           Жобаның мақсаты: Мектеп ауласын көгалдандыру және көгеріштендіру, қоршаған ортаны қорғау, құрметтеу және қоғамға риясыз қызмет ету болып 

табылады. Мектеп айналасы 3 жылдық еңбекті ақтап, бой көтеріп келе жатқан талдар мен көздін жауынын алатын түрлі әсем гүлдермен жайқалып тұр. 


Сенбілік жұмыстары әр апта сайын болып тұрады. Қалыптасқан дәстүр бойынша мектеп   ұжымы мен мектеп оқушылары   сенбілікке шығады. Ауа-райы ашық болып, мектеп  аумағында тазалық жұмыстары  жүргізіліп отырады.

- Сенбілік — бұл тазалыққа, қалдықтарды   бөлек жинауға,  бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс, - деп есептейді мектеп қызметкерлері. – Сенбілік қызметкерлер мен оқушылар  арасында жұмыстан, оқудан  тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. 

6-бағыт. Көп мәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие бойынша:

30.09.2022ж. Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз - ұлы тұлға !» тақырыбында ұстаздар күніне арналған мерекелік іс – шара өткізілді. 

Жалпы іс – шараның мақсаты:  Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. ұстаздарымыздың мәртебесін көтеріп, сый – құрмет көрсету.

            Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек деп  ардагер ұстаздарды  оқушылар құттықтады.                                                                 Оқушылар мектеп қабырғаларына мұғалімдерге арналған қабырға газеттер, құттықтау, тілектері  жазып,  сурет салынды, сынып сағаттары өтті. Сонымен  қаттар қарттарым асыл қазынам демекші, ардагер ұстаздарымызды оқушылар мен ұстаздар   құттықтап келді.

               Мектебіміздің директоры Калыкова Шара Өмірханқызы  мектеп ұжымын төл мерекелерімен құттықтады.  Мектеп оқушылары өздерінің ұйымдастырған ән – шашуларын тарту етті.

                                    Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қыдып,

              Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,

                                    Ұстаз деген – ұлылардың  ұлысы,

                                     Қасиетіңе бас иейік мәңгілік! – дегендей аяулы ұстаздарымыздың отбасына бақыт, дендеріне саулық, өмірлері қуанышқа толып, шәкірттері биік – белестерден көрінсін – деген тілектер айтылды.  Ұстаздар өздерінің өткен кездеріндегі қызықты сәттерін естеріне түсіріп, көтеріңкі  көңіл – күймен тарасты.


4 қазан  "Дублер" күнін өткізді. "Дублер" күнінде оқушыларымыз барлық жауапкершілікті өз мойындарына алып, ұстаздық жолдың қыр сырымен танысты. Бір күнге мұғалім рөлін сомдаған фракция мүшелері іс—шараға белсенді кірісіп кетті. Әр пәнге бөлінген дублершылар белсенді түрде сабақтарын өткізіп, өздерін нағыз ұстаз етіп көрсетті. Әрбір дублершы іс шара соңында алған әсерлерімен бөлісті.

         «Алтын күз» тақырыбына орай  5 - 6 -7-сыныптар  және  8 – 9 - 10-сынып қыздары арасында мектеп ұйымдастырушы педагог  аға тәлімгер  ұйымдастыруымен мектепішілік «Күз аруы - 2022» атты күзгі балл болып өтті. Сайыс 5 кезең бойынша өтті. 1 кезең: «Мен қазақтың қызымын» – сайыстың алғашқы кезеңінде арулар өз-өздерін таныстыруы, 2 кезең:  «Білім мен дәстүр» кезеңінде арулар салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруге, 3 кезең: "Зияткерлік бөлімі" «Ойлай білген оя да біледі» – 

арулар ою-өрнек өнерін көрсетеді, шығу тарихын таныстырады, 4 кезең: «Қонақ күте білеміз бе?» тағам дайындау, 5 кезең:Шығармашылық сайыс. сән үлгісін көрсету.  Кезеңнің барлығына қыздарымыз қызығушылық танытып, өте жоғары деңгейде ат салысты.


14.11.2022ж «Алтын күз» апталығы болып өтті. Апталыққа Мад және   күзгі дәнді дақылдар мен күзгі жапырақтардан апликация,  «Күз берекем, күз  мерекем» тақырыбында  жәрмеңке 5-6-7-сыныптар қатысты.
 2023 жылдың ақпан айында  мектебімізде жоғары сынып оқушыларымен Ауған соғысы ардагерімен кездесу болып, кездесуде оқушылар өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды. 5«а»,«ә»,«б» сынып оқушыларының орындауларында кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 34 жыл толуына байланысты «Ауғаныстанның отты жылдары» атты ардагерлерге 

арналған іс-шара болып өтті. Шара аясында ауыл тұрғыны, Ардагер игі іс-шараны ұйымдастырған мектеп ұжымына алғысын білдірді.

7-бағыт.Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі бойынша:


          8-сынып оқушылары арасында “Жаңа Қазақстан жастары” атты дебат болып өтті. Сайыс барысында оқушыларымыз тәуелсіз еліміз туралы ойларын ортаға салды.   Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Пікірсайыс жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Амангелдиев Нұрсұлтан ағай тәуелсіздік жайлы оқушыларға кеңінен мол мағлұматтар айтып өтті.

Парасат дебат клубының өткізілген жолдастық кездесулер өтті.

“Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп”КММ “Жаңа Қазақстан жастары” атты

облыстық пікірсайыс турнирінің аймақтық кезеңіне қатысып, ой ұшқырлығы мен сөз шеберлігін

көрсеткені үшін “Парасат” фракциясы және  жетекшісі :Ж.Райхановаға алғыс хат берілді.“А.Жексембеков”атындағы орта мектебі  және “Қ.Орымбетов” атындағы орта мектеп арасында “Жаңа Қазақстан  жастары” атты тақырыпта жолдастық кездесу 

8-бағыт. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бойынша:

22.10.2022жыл күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Спорт —денсаулық кепілі» атты спорттық іс—шара болып өтті. Іс—шараға мектеп ұжымы мен оқушылар жаппай белсене қатысты. Іс—шарада арқан тарту, эстафеталық ойындар, мұғалімдер арасында волейбол ойыны ұйымдастырылды.

 денсаулық күніне байланысты өткізілген 

іс-шара мәліметі.


                 Мақсаты: Отбасы мен мектеп  арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.


              ҚР Президентінің Жарлығымен Отбасы күні мерекесі қыркүйек айының екінші жексенбі күні тойланады. Бұл мерекенің басты мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.

              Мектебімізде  атап өту мақсатында жоспары жасалып, бірқатар іс-шаралар өтті. Іс-шаралар дене шынықтыру пәнінің мүғалімдері ұйымдастыруымен өткен  «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық ойыннан бастау алды. Сайысқа 7  класс оқушылары отбасыларымен қатысты. Мақсаты: мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты күшейту, отбасы құндылықтарын нығайту, оқушыларды спортты суюге тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылар бойында төзімділікті, жылдамдықты, ептілікті, батылдықты дамыту.Өте қызықты және тартымды өтті,   отбасыларына  мақтау қағаздары және алғыс хаты табыс етілді.                          1-4 класс оқушылары  қазақтың   ұлттық ойыны асық ату ойынына қатысты, оқушылар қызығып ойынға қатысып,  жүлделі орындар алып  марапатталды.

                 9 - 10 сынып оқушылары  салауатты өмір салтын сақтау, дені саудың - жан сау деген ұстанымен волейболдан жарысқа қатысып, жүлделі орындар алды 

Қорытындылай келе, дене шынықтыру – дене тәрбиесінің негізгі арнаулы құралы, дене жаттығулары адамға алуан түрлі әсерін тигізеді: дене жағдайын өзгертеді; адамгершілігін ақыл-ой; эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді – деп  дене шынықтыру пән мұғалімдері оқушыларымен  қоштасты. Оқушылар жақсы көңіл күймен тарасты.

Похожие публикации:

24 ноябрь 2021 Қарттар күні