«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылы қараша айының 30 күні өткен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиынының мәліметі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылы қараша айының 30 күні өткен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиынының мәліметі
30
ноябрь
2021

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылы қараша айының 30 күні өткен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиынының мәліметі


«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ  2021-2022 оқу жылы 

қараша айының 30 күні өткен  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиынының мәліметі


              Елбасымыз   Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бастамасымен   құрылған  «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер  ұйымы - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген Қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыратын ұйым. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыра отырып, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу «Жас Ұлан» ұйымының басты мақсаты болып табылады.

             Еліміздің өркендеуі, гүлденуі –болашақ  ұрпақтар қолында. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, білімді, тәрбиелі, белсенді болуымыз керек. Осы мақсаттың орындалуының бірінші баспалдағы «Жас Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер ұйымына өту болып табылады. 1 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына,  Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп бойынша оқушыларды қабылдау  рәсімі  30 қараша күні  5-8 сыныптар  салтанатты   түрде өткізілді. 





Ең алдымен  Мемлекеттік Әнұранымыз шырқалып, мектебіміздің   директоры  Калыкова  Шара   Өмірханқызының құттықтау сөзімен жалғасты.  «Елбасымыздың сындарлы саясатының қазіргі жастар қолдауымен жүзеге асыру біздің қолымызда» - деген тілегі барлық оқушыларымыздың  жүрегіне  жетті деген ой қалыптасты. Келесі кезекте оқушыларымыз АНТ қабылдады.

Мектебіміздің  түлектері 5 сынып оқушыларына желбіреген туымыздың түсіндей галстуктерін тағып, жылы тілек лебіздерін білдірді. Ал 8 сынып оқушыларына төс белгілерін қадады.   Кезекте  6  «а» сынып оқушысы  Сламжан   Ақбөпе  ән шырқап  құттықтады.

                                                                ДТЖО                      А.Баймахан

Педагог  ұйымдастырушы                      А.Рысдаулетова