«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылы 06.09. – 06.10. аралығында жолда жүру ережелері «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында өткен сынып сағаттары » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылы 06.09. – 06.10. аралығында жолда жүру ережелері «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында өткен сынып сағаттары
06
октябрь
2021

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылы 06.09. – 06.10. аралығында жолда жүру ережелері «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында өткен сынып сағаттары


«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

 2021-2022 оқу жылы  06.09. – 06.10. аралығында  жолда жүру ережелері 

«Абайлаңыз  балалар!» тақырыбында өткен  

сынып сағаттардың мәліметі



               Мектебімізде  оқушылардың жол-көлік салдарынан жарақаттанудың алдын алу бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. 

            Жолда жүру ережесі айлығының мақсаты - оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, көшеде дұрыс жүруге, жол белгілерін жатқа білуге үйрену және жолда көлік апаттарынан сақтандыру мен оқушылар өмірінің қауіпсіздігін сақтау болып табылады.

                Айлық  барысында ашық сынып сағаттары өткізілді. Қазан айында «Жол ережесін білу – бәріне міндет» және «Абайлаңыз, балалар» деген тақырыпта жолда жүру ережесін, жол белгілерін толық үйрету тәрбие жұмыстары өткізілді.

            1-ші сынып оқушыларымен «ЖЖЕ білесің бе?» тақырыбында ҰКТ тәрбиешілері тәрбие сағатын жүргізді. Мақсаты – оқушыларға жолдағы қауіпсіздік туралы .
жауапкершілікті арттыру. Тәрбие сағат барысында балалардың жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, баршаға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу басты назарға алынды. Бағдаршам, жол белгілері, жол ережесіне арналған суреттер, т.б көрнекіліктерге толы ашық аспан аясында, таза ауада өткен тәрбие сағаты балаларға ұнады.

             Қорытынды: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.





ДТЖО                А.Баймахан

                              Педагог  ұйымдастырушы                А.Рысдаулетова