«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің І тоқсан бойынша атқарылған іс –шаралар туралы есебі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің І тоқсан бойынша атқарылған іс –шаралар туралы есебі
10
май
2020

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің І тоқсан бойынша атқарылған іс –шаралар туралы есебі

Жайдары жаздың үш айы қызықты да ,мазмұнды өткізіліп, армандарын арқалап, жиған білімдерін одан әрі тереңдете түсу үшін барша қазақстандық оқушылар сағынышпен алтын ұя мектебіне оралды. Еліміздің тірегі мен көркі –білімді де білікті, ұлттық тәрбие бойына сіңірген саналы ұрпақ өз мектебіне қуана оралды.

Білім алу . Білімді ұрпақ болу , еліміздің ертеңіне сара жол ашу. Бүгінде Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты .Елбасы кезекті Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған. Осылайша, түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі — саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алған еді.

Елбасы өз сөзінде: «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін » деп атап өтті. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Елбасы атап айтқандай өзгерістерге бет бұрыс біздің мектебімізде де жүзеге асырылуда. Биылғы оқу жылындағы жаңаша жаңалық 1,2 және 5,7 сынып оқушылары жаңа білім беру жүйесі бойынша білім алады. Сонымен қатар 5 күндік оқу жүйесіне көшеді.

Мерекелік жиын ашық деп жарияланысымен , әуезді Әнұран орындалды.

Мерекелік шараға ауыл округінің әкімі А.Исаков пен ардагер ұстаздар және ата-аналар қонақта болды.

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11 «А» сынып оқушысы- Райс Абылай және 1 «А»-сынып оқушысы- Қайрат Айаруға берілді.

Жиын соңын мектебіміздің оқушысы Нуруллаева Сабрина «Алғашқы қоңырау» әнімен аяқтады. Салтанатты мереке білім күніне арналған «Мен – патриопын » тақырыбындағы тәрбие сағаттарымен жалғасын тапты.

2017-2018 оқу жылында тәрбие жұмысы жоспар негізінде жүргізілді.

Еліміз Президентінің халыққа арналған "Қазақстан-2050" жолдауын жүзеге асыру,

ҚР "Ата Заңының 30 бап" талабына сай мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтамасыз ету, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсету мақсатында «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Қамқорлық" акциясы бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

"Қамқорлық" акциясын өткізу мақсатымен мектепке жоспар құрылды, сол жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.

Акцияға байланысты мектепте атқарылатын іс-шаралар бойынша бұйрық шығарылды;

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы, ата-аналар «Қамқорлық» айлығының жүргізіліп жатқандығы жөнінде хабардар етілді..

Мектеп әкімшілігі мектеп жанындағы ауданды аралап, ата-аналар қарауынсыз түнгі уақытта үйінен тыс жерлерде жүрген балаларды анықтау мақсатында көңіл көтеру, дүкен, компьютер клубтарына рейд жүргізілді. Өткізілген рейд бойынша есептен үзінді - түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз балалар болған жоқ. «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқитын балалардың тізімі құрылды;

Осы акция кезінде мектеп инспекторы мен әлеуметтік педагог қатысуымен "қиын", есепте тұрған оқушылардың үйлеріне рейд жасалды. Барған мақсатымыз: оқушылардың сабаққа дайындығын, тұрмыс жағдайын анықтау; «Қамқорлық» акция мәселелеріне байланысты мектептің бірінші қабатында ақпараттық алаң ұйымдастырылды;

 

«Жалпыға жаппай білім беру» айлығы барысында 2017 жылдың 1 тамызынан -30 қыркүйек аралығында ««Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен мектебімізде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Похожие публикации:

10 май 2020 1 қыркүйек