Жас мамандармен жүргізілген жұмыстың есебі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандармен жүргізілген жұмыстың есебі
05
июнь
2024

Жас мамандармен жүргізілген жұмыстың есебі


Жас мамандармен жүргізілген жұмыстың есебі

Жас маман: ИсаЖанар.   Өткізу күні: 16.10.2023 ж. Сынып: 7В

 Сабақтың тақырыбы: и. А. Бунин. "Жапырақтың түсуі". 

Қол жеткізілген оқу мақсаттары:

  •  Оқушылар өлеңнің сюжеттік желісін немесе көңіл-күйін анықтау арқылы үлкен прозалық және поэтикалық шығармалардың/фрагменттердің мазмұнын түсінді 
  • * Эмоционалды-түрлі-түсті лексиканы,терминдерді қамтитын сөздік қорын игерді. 
  • * Жеке әсерлер мен бақылаулар негізінде дәлелді мәлімдеме (сипаттау және/немесе баяндау элементтері бар пайымдау) жасады 
  • * Ақпаратты жалпыға белгілі, күнделікті біліммен байланыстыра отырып, тұтас және жария емес мәтіндердің негізгі және қосалқы ақпаратын түсінді. 
  • * Ақпаратты иллюстрациялар, сюжеттік суреттер, комикстер түрінде, АКТ-ны қолдана отырып ұсынды 

Жас маманға ұсыныстар: 

* "Эпитет" тақырыбына грамматикалық тапсырмалар қосыңыз; 

* Топта жұмыс істеу ережесін түсіндіріңіз.





















Жас маман: Нұрғожаева Б. Т . Өткізу күні:.18.10.23 ж Сынып: 5 Ә

 Сабақтың тақырыбы:

  Қол жеткізілген оқу мақсаттары: 

* Оқушылар өлеңнің сюжеттік желісін немесе көңіл-күйін анықтау арқылы үлкен прозалық және поэтикалық шығармалардың/фрагменттердің мазмұнын түсінді 

* Эмоционалды-түрлі-түсті лексиканы, терминдерді қамтитын сөздік қорын игерді

Жас маманға ұсыныстар:

 * Топта жұмыс істеу ережесін түсіндіріңіз.


2023-2024  оқу жылының 25 қаңтар күні жас маман мен тәлімгерлердің «Педагогикалық тандем» атты әдістемелік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

«Педагогикалық тандем» әдістемелік жәрмеңкесіне  төмендегі жас мамандар қатысты.

  1. Жармағанбетова Мақпал – қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі;
  2. Құдайбергенова Айдана – ағылшын тілі пән мұғалімі;
    1. Амангелді Темірлан – тарих пән мұғалімі;
    2. Нұрғожаева Бигайша – орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.
  3. Педагогикалық тандем  жұмысын ұйымдастыру

    Әдістемелік жәрмеңке жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

    • Оқу үрдісі (сабақ барысы)
    • Оқу-тәрбие үрдісі (тәрбие бағытындағы жұмыс)
    • Сыныптан тыс шаралар
  4.           Қатысушылар ұсынылған бағыттар бойыншабір бағытты таңдап,келесі жұмыс түрлерін ұсынуға болады: ықшам сабақ,шағын тренинг, шебер-класс, ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы, ортақ проект, т.б.өздері таңдайды. Жұмыс регламенті 10 минут. 
    Бағалау критерийлері:
    • тәлімгер мен жас маманның бірлескен  (жұптасқан) жұмыс барысы;
    • өзектілігі, жаңашылдығы;
    • белсенді оқыту әдістерін қолдану;
    • аудиторияның назарын бірден өзіне аудара алу шеберлігі;
    • жүйелілігі мен бірізділігі;
    • тәрбие аспектісінің ерекшелігі;
    • тіл мәдениетіне қойылатын талаптардың сақталуы;
    • теориялық білімділігі.
  5.    Төмендегі шығармашылық топ мүшелері әділқазылар алқасы болып тағайындалды. 
        Жоғарыда көрсетілген бағалау критерийлері бойынша  бағалап, қорытындысын шығарды.
    Құдайбергенова Айдана - І орын 
    Нурғожаева Биғайша – ІІ орын
    Жармағанбетова Мақпал – ІІ орын
    Амангелді Темірлан – ІІІ орын

         2023-2024 оқу жылының 19-29  ақпан күндері жас мамандардың онкүндігі ұйымдастырылды. Биыл оқу жылында мектебімізде 14 жас маман жұмыс жасайды. Жас мамандар өздерінің ашық сабақтарын жоспар бойынша өткізді.                 

         13.02.2024 күні Құдайберген Айдана ағылшын тілі пән мұғалімі 5 ә сынып оқушыларымен «The Peart of   Kazahstan»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Психологиялық ахуал тудырды. Оқушыларды топтарға біріктіріп, үй жұмысы тексерілді. Жаңа тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстырды. Сабақта оқушылар 5 тапсырма орындады. Әр тапсырмаға дескриптор берілді. Бағалау 10 балдық жүйе бойынша жүргізілді.