«Мүғалім тәжірибесіндегі зерттеу» тақырыбында жүргізілген мектепішілік курсқа есеп Курсты жүргізген ағылшын тілі пәні мұғалімі : Коштаева Замира Амановна » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мүғалім тәжірибесіндегі зерттеу» тақырыбында жүргізілген мектепішілік курсқа есеп Курсты жүргізген ағылшын тілі пәні мұғалімі : Коштаева Замира Амановна
04
июнь
2024

«Мүғалім тәжірибесіндегі зерттеу» тақырыбында жүргізілген мектепішілік курсқа есеп Курсты жүргізген ағылшын тілі пәні мұғалімі : Коштаева Замира Амановна

«Мүғалім тәжірибесіндегі зерттеу»   тақырыбында жүргізілген мектепішілік курсқа есеп

Курсты жүргізген ағылшын тілі пәні мұғалімі : Коштаева Замира Амановна

       "Мұғалімнің тәжірибесіндегі зерттеулер" мектепішілік курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін пайдаланудағы мұғалімнің кәсіби даму процесін реттейді. 

     Бағдарлама педагогтердің өзара оқытуы есебінен сабақ сапасын жетілдіруге бағытталған.  Осы бағдарламадағы қосымшаға сәйкес мұғалімдерді оқыту курсының ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрайды. 

 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 

    Бағдарламаның мақсаты: сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімнің зерттеу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу.

   Бағдарламаның Міндеттері: 

1) оқушыларды оқыту мен оқыту нәтижелерін жетілдіру үшін Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу технологиясын зерттеу; 

Бағдарламадан күтілетін нәтижелер: 

Мұғалімдер біледі: 

1) Оқушыларды оқыту мен оқыту нәтижелерін жетілдіру үшін Сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін білу және түсіну; 

2) сабақ беру әдістемесін жетілдіру және мектеп мәдениетін дамыту үшін Сабақты зерттеу және іс-әрекетті зерттеу тәсілдерін қолдану. 

Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны 

    Бағдарламаның мазмұны сабақты бірлесіп жоспарлау процесін, сабақты бақылау тәсілдерін және одан әрі Сабақты зерттеу мен іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижелерін талдауды қамтиды. 

Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені мыналарды қамтиды:

1) Мұғалімнің кәсіби даму бағдарламасы; 

2) Мұғалімге арналған жетекшілік; 

3) Мектеп жаттықтырушысына арналған жетекшілік;

 4) Үлестірме материалдар мен презентациялар. 

Тыңдаушылар аптасына бір рет 4 академиялық сағат бойы білім алады.  Курстың теориялық аспектілерін зерделегеннен кейін тәсілдерді іске асырудың практикалық жолдары қарастырылады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар Сабақты зерттеу бойынша рефлексивті есепті және әрекеттегі зерттеу бойынша аналитикалық есепті тапсырады


Рефлексивті есеп мазмұны (1500 сөз): 

• Сабақты зерттеу барысында байқалған оқушылардың білімін талдау (олар білім, білік дағдыларына қалай қалыптасады); 

• Сабақтарға дейін, кезінде және одан кейін өткізілген іс-шаралардың тиімділігін талдау; 

• Сабақты зерттеу жоспары (түсіндірмені қоса алғанда 250 сөз). Рефлексивті есеп мазмұны (1500 сөз): 

• Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдерін түсіндіру және зерттеудің әрбір кезеңі шеңберінде жүргізілген іс-шараларды талдау. 

• ерттеу нәтижелерін бағалау және әрі қарайғы әрекеттерді жоспарлау; • Іс-шаралар жоспары, Іс-әрекеттегі зерттеу шеңберінде (түсіндірмелерді қоса алғанда 250 сөз)


Мектебімізде  қараша - сәуір айы              аралығында курс жүргізу ұйымдастырылды. Курсқа жалпы 11   мұғалім қатысып  Сабақты зерттеу және іс әрекетті зерттеу бойынша толық  теориялық  мағлұмат   алды. Аптасына сабақ екі күнге   яғни 2  сағат онлайн сейсенбі күні, 2  сағат оффлайн сәрсенбі күнге қойылды. Сабаққа мұғалімдер толық қатысып отырды.   Сабақта мұғалімдерге топтық , жұптық, жеке жұмыстарды қалай тиімді ұйымдастыруға болатыны жайында, зерттеу сұрағын қалай құрастыру қажет, нені негізге алу керектігі жайлы айтылды. Бірнеше сабақ мұғалімдер зерттеу сұрақтарын құрастырып үйренді.

 Теориялық білімді алғаннан соң, мұғалімдерді топтарға бөліп Сабақты зерттеу жұмысы басталды . Ал іс әрекетті зерттеу жұмысын мұғалімдер өз зеріттеу сұрақтары бойынша үш немесе бес сабаққа жоспарлап жұмыстарын жасап аяқтады.

Жалпы   мұғалімдерді  3топқа бөлдім. Әр топ өз зерттеу сұрақтарымен таныстырып, жұмыс жоспарын құрды. Соның ішінде бір топ қана өз жұмысын сәтті аяқтап есептерін өткізді.

Іс әрекетті зерттеу жұмысы бойынша жұмыс жоспарларымен таныстырып, тәжірибе уақытында үш сабақты өткізуді ұйғардық. Мұғалімдер жұмыстарын сәтті аяқтады. Алайда бірненше мұғалім әлі де осы зерттеу бойынша жұмыс жасауға қиналатындарын ескертті. Бұл аталған мұғалімдермен келесі оқу жылында қайта жұмыс жасалатынын ескерттім.

Төмендегі тізімдегі мұғалімдермен келесі оқу жылы қайта жұмыс жасалады

 Тұрап А. Байтуова Айнаш, Абдикулова Камшат, Байтуова Салтанат, Хапсемет Айгерім, Нургожаева Биғайша

Келесі оқу жылына болжамды жоспар:

Курстың тәжірибе кезеңінде қиналған мұғалімдермен қайта жұмыс жасау

Жаңа оқу жылында жаңа топ құру (12 мұғалім)

Екінші жарты жылдықта іс тәжірибемен аудандық көлемде бөлісу.