«Аптадан-аптаға айдары» бойынша қазан айындағы іс-тәжірибе алмасу қорытындысы 16.10.2023 күні бастауыш сынып мұғалімі Тлекеева Меруерт 4 г сынып оқушыларымен математика пәнінен «Пысықтау және қорытындылау» » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Аптадан-аптаға айдары» бойынша қазан айындағы іс-тәжірибе алмасу қорытындысы 16.10.2023 күні бастауыш сынып мұғалімі Тлекеева Меруерт 4 г сынып оқушыларымен математика пәнінен «Пысықтау және қорытындылау»
05
июнь
2024

«Аптадан-аптаға айдары» бойынша қазан айындағы іс-тәжірибе алмасу қорытындысы 16.10.2023 күні бастауыш сынып мұғалімі Тлекеева Меруерт 4 г сынып оқушыларымен математика пәнінен «Пысықтау және қорытындылау»


«Аптадан-аптаға айдары» бойынша қазан айындағы  іс-тәжірибе алмасу  қорытындысы

16.10.2023 күні бастауыш сынып мұғалімі Тлекеева Меруерт 4 г сынып оқушыларымен математика пәнінен «Пысықтау және қорытындылау» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ бойынша ұсыныс пен пікірлер: Манекенова А.Н Сабақ мақсатқа бағытталған. Сабақ ұнады. Тапсырмалар көп болды .  А. Касенова Сабақ ұнады. Барлық тапсырмаларға дескриптор құрылған. Балалар қанша балл алғанын біліп отырды. Әдебиетпен байланыс болды. Г. Бизакова Сабақтың ұйымдастыру кезеңі, психологиялық ахуал туырды. Сабақ кезеңдері сақталды. Оқушы белсенділігі жақсы, пәнге қызығушылығын оята алды. Көрнекілік талапқа сай. Сабақта балдық жүйе жүрді. Г.Адилова Оқушылардың шапшаңдығы, бірлесе жұмыс жасағаны ұнады. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы ұнады.

17.10.2023 күні биология пәні  мұғалімі Хапсемет Айгерім  8 ә сынып оқушыларымен «Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері» тақырыбында  сабақ өткізді. Сабақ бойынша ұсыныс пен пікірлер:  Бану Алимжанова:  Сабақтың құрылымы сақталды. Мұғалім тарапынан бағдар берілді,оқушылар тапсырмаларды орта деңгейде орындады. Сабақта оқушылар бірқалыпты,белседілік аса байқалмады. Жалпы сабақ барысында барлық кезеңдер бойынша әдістер жақсы ұйымдастырылған. Айнұр Болысбаева:  Сабақта пайдаланылған барлық әдіс-тәсілдер тапсырмаларды орындауда қызығушылықты арттырады екен. Сәтті таңдалған әдістердің бірі деп додокаэдр арқылы рефлексия жасау деп ойлаймын.                                                                                                                                                          Айнаш Рысдаулетова: Сабақта оқушыларға белсенділікті арттыру керек. Жазба жұмыстарын орындау мен ауызша жауап беруді салыстырғанда ауызша талдауда белсенділіктері басеңдеді. Сырым Архаров: Алдағы уақыттағы сабақтарда оқушыларға белсенділік таныту керек. Жалпы ұйымдастырылған әдістер ұнады.Асель Муслимова: Сабақ қызық өтті. Сабақта талдаған ақпараттар сабақ мақсатын ашты деп ойлаймын.

    17.10.2023 күні қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жадағаева Ардақ Қуанышқызы 5«Ә» сыныбында әдебиет сабағынан «Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызы тақырыбында ашық сабақ өткізілді.  

    Ашық сабаққақатысқан мұғалімдер:   А.Н. Манекенова: Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.Оқушының білімі 1-10 балдық жүйемен бағаланды. Бағалауға «Смайлик» бағалау әдісі қолданылды. Сабақ соңында құпия кейіпкер анықталып, бір оқушы сыйлықпен марапатталды. Сабақтың олқы тұстары да болды, ол уақыттапшылығы, себебі оқушылардың жылдамдығы баяу болды.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері М.Шеримова: Сабақты жоспарлау барысында сыныптың деңгейіне, оқушының жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар таңдалып, дескрипторлары құрылды. Таңдалып алынған әдіс-тәсілдер төмендегідей:

1. «Құпия кейіпкер»
2. «Ой сандық»
3. Мәтінмен жұмыс
4. «Дұрыс-бұрыс» әдісі.
5. «Смайлик» бағалау әдісі

 Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік жетекшісі С.Байтуова: «Құпия кейіпкер» әдісі ұнады. Информатика пәнінің мұғалімі Н.Калыкова: бағалау әдісінің тиімділігін ерекше атап кетті. 

     19.10.2023 күні бастауыш сынып мұғалімі А.Уразаева 4 б сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен «Уақыт – біздің құндылығымыз» тақырыбында ашық сабақ көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Директордың әдістеме жөніндегі орындасары Г.Т.Чонбаева : Уразаева Айгүл сабаққа кіріспе ретінде жыл мезгілдері мен адамның жас кезеңдерін көктем – балалық шақ, жаз – жастық шақ, күз – ересек кезең, қыс – қарттық деп байланыстырып, тақырыпты ашты. Бағалау парағымен таныстырды. Сабақ мақсатын айтып өтті. Кезең-кезеңімен өзіндік, жұптық, топтық жұмыстарды қамтыды. Әр тапсырманың сәйкесінше дескрипторын, балл санын айтып отырды. Танысатын шағарма мен авторды «Кинолента» әдісі арқылы көрсетті. Бұл әдісті қолдану барысында оқушылар ақын-жазушылардың шығармаларын жатқа айтты. Атап айтар болсақ: М.Мақатаевтың «Үш бақытым», Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық», т.б. шығармалар. А.Құнанбаевтың өмірбаянымен таныстырып, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін алдымен өзі, содан соң оқушылар іштей және дауыстап тізбектей оқыды. Сергіті сәтінде «Поэзия минуты» әдісі қолданылды: М.Жұмабаевтың «Балалық шақ» өлеңін тыңдатты. Келесі шығарма А.Құнанбаевтың «Он бесінші қара сөзін» оқып беріп, есті адам мен есер адамның айырмашылығын түсіндірді. Оқушылар осы шығарма желісімен күн тәртібін жасау тапсырмасын топта орындады.  Сабақ соңында «Додокаэдр» әдісімен кері байланыс алып, оқушыларды бағалады. Ұсыныс: сабақтың жақсы өткенін атап өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Тлекеева М.Н. уақытты тиімді пайдалану керек деген ұсыныс айтты.

  20.20.2023 күні бастауыш сынып мұғалімі Алимсеитова Орал 2 «А» сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен «Қысқа дайын бол» тақырыбында  ашық сабақ өткізді.  

       Сарапшы: Алимсеитова Орал Орыналиевна. Сабаққа мұғалімдер сонымен қатар жас мамандар қатысты.Сабақ жүйелі өтті.Ұстаздарға ұнағаны сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері ашқандары және әр тапсырма әр түрлі әдіс тәсілдермен орындатылғандығы сонымен қатар пән арарлық байластығы ұнады.

Сабаққа қатысқан мұғалімдер: Бизакова Г.Абдикулова К, Байтуова А, Ажекеева А, Байдилдаева Л,Нурдавлетова Л,Мұздыбаева А.

Ұсыныс: Уақытты тиімді пайдалану.

         Ағылшын тілі пәні мұғалімі:Жуматай Гульдана

Ашық сабақ тақырыбы: Helping with housework

Пән: Ағылшын

Сынып:6В

Күні:16.10.23

Ашық сабаққа ұсыныс және пікірлер: Ағылшын тілі пәні бойынша 6в сынып оқушыларымен өткізілген “Helping with housework” тақырыбындағы ашық сабаққа барлығы 9 мұғалім қатысты. Сабақты мұғалімдер жақсы деңгейде бағалады. Қолданылған әдіс тәсілдерді жақсы деп пікір білдірді. 

Сонымен қатар ағылшын тілі пәні мұғалімі МО жетекшісі Коштаева Замира Аманқызы мәтінді аудармауға оқушыларға мәтінмен жұмыс істеуіне жағдай жасау керектігі туралы ұсыныс білдірді.