Жас мамандардың өзара іс тәжірибе алмасуы » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандардың өзара іс тәжірибе алмасуы
06
июнь
2024

Жас мамандардың өзара іс тәжірибе алмасуы

Калыкова Айнұр математика пән мұғалімі 7 г сынып оқушыларымен «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Күні:  20.10.2023    

 Пәні: Алгебра

Сабақтың мақсаты: 

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру ережелерін пайдаланып,оларды қолдана алуы. 

Түрлі тапсырмалар арқылы оқушы білімін тиянақтау, тақырып туралы түсініктерін кеңейтуСабақтың әдісі: жеке және топтық жұмыс, ойындық оқыту технологиясы.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірме карточкалар, смарт сағаты.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Әр елдің амандасу салтын жасау.
  2. Ой қозғау сұрақтары. Өткен тақырыпты еске түсіру.
  3. Үй жұмысын «Сәйкестендіру» тапсырмасы арқылы тексеру. Спиннер ойыны арқылы тақтаға шығатын оқушыларды анықтау.
  4. «Білім көзі кітапта» дегендей оқулықпен жұмыс жасау. Жеке жұмыс. 
  5. Топпен жұмыс жасау. «Математикалық банкир» ойыны  
  6. Сергіту сәті. «Нейро жаттығулары»
  7. Топтық жұмыс Домино ойынын ойнау
  8. Кері байланыс. 
  9. Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негізделіп беріледі.

Қорытынды

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту мақсатында сабақ жоспары құрылды. Әр оқушының тақырыпты толыққанды меңгеруге нақты көңіл бөлінді.Өрнектерді тепе-тең түрлендірутақырыбына есептер шығару кезінде жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсілдермен, ойындар өткізілді. Осы математикалық әдіс-тәсілдердің көмегімен өз бетінше білім алу қабілеттерін дамытуға үйрету болып табылды. Алға қойған мақсаттың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді,  белсенділіктері, қызығушылықтары артты. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Математикалық банкир ойыны, домино әдісі, сәйкестендіру тапсырмасы сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Ұсынылған пікірлер:Сергіту сәтінде барлық оқушылар қамтылатындай жағдай жасау. Бағалаудың тиімді түрлерін қарастыру.

Кудайберген Айдана ағылшын тілі пән мұғалімі 5 ә сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.

Күні:24.10.2023

Пәні: Ағылшын тілі 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.5.8.1  spell mosthigh-frequency words accurately for a limitedrange of generaltopics

5.6.1.1  useappropriatedegree of comparisondescribing people on a limitedrange of familiargeneral and curriculartopics

5.4.3.1 understand the detail of an argument on a limitedrange of familiargeneral and curriculartopics

Оқушылардың сабақ барысындағы жеткізген жетістіктеріі:

-Оқушылар жиі кездесетін сөздердің дұрыс айтуын үйренді

-Адамдарды сипаттау кезінде тиісті салыстыру фразаларды үйренді

-Суреттегі адамдарды сипаттап айта алды 

-Мәтін бойынша тапсырманы орындай алды 

Жас маманға ұсыныстар:

 








 
 -сабақтың бастапқы кезеңін дұрыс ұйымдастыру 

    Райханова Жұлдыз қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі 7 г сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.

Күні:12.10.2023

Сыныбы:7 «Г»

Пәні:Қазақ әдебиеті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:7. 1. 1. 1 әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.7. 1. 3. 1 көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау;

Оқушылардың сабақ барысындағы жеткізген жетістіктеріі:

-Оқушылар шығарманы сюжеттің құрамдас бөліктеріне бөліп талдау алды.

-Көркемдегіш құралдарды мәтіннен тауып,өз ойын дәлелмен жеткізе алды

-Көркем шығармадағы кейікерлерге жасалу типтеріне қарай талдау жасай алды

-Шығармадағы салт-дәстүрлерді тауып,оны қазіргі таңдағы өмірмен байланыстыра талдау жасады

-Әр сөздерін дәлелмен сөйлей білді

Жас маманға ұсыныстар:

-Бағалау барысында нақтылыққа бет бұру

-Жұптық жұмысты қолға алу

Қорытынды: Жас мамандардың  өзара іс-тәжірибе алмасуын ұйымдастыру. Үздік сабақтарды баспа бетіне шығару.

2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша төмендегі :

S (Strengths)- күшті жақтары:  

  • Оқушылардың білім сапасы және жылдан –жылға   көтерілуде.
  • Мұғалімдер арасында өткізілген аудандық, облыстық   байқауға қатысып, жүлделі орындарды иелену көрсеткіші  жақсаруда.
  • Дарынды оқушылармен жұмыс дұрыс жолға қойылған. Пән олимпиадалары , түрлі байқауларға қатысушылар қатары көбейді.
  • Ұстаздардың оқыту платформаларында жұмыс істеу құзіреттіліктері артты.

W(Weaknesses) - Әлсіз жақтары

  • Мұғалімдердің  дарынды оқушыларға, олимпиада резервтерін дайындауға салғырт қараулары;
  • Пән мұғалімдерінің тілді оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді  меңгере алмауы;
  • Сабақты зерттеу және іс әрекетті зерттеу жұмыстарының жүйелі түрде жүзеге аспауы, оның білім сапасына әсер етпеуі

O (Opportunities)- мүмкіндіктері

  • Инновациялық жұмысты жандандыру
  • Оқытудың интерактивті, жаңаша әдістермен жұмыс дағдыларын және оларды кәсіби қызметте пайдалану мүмкіндігіне ие болу
  • Электронды оқулықтар құру
  • Желілік қауымдастық жұмысы арқылы педагогтардың кәсіби білімдерін жетілдіру
  • Төмен сапа көрсетіп отырған  пәндері бойынша іс әрекетті зерттеу жұмыстарын жүргізу.


2024  жылға оқыту мен оқу үдерісінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін сапалы білімге бағыттауға арналған міндеттерді қабылдады: 

1. Сабаққа SMART мақсат қоя отырып, нәтижеге бағытталған білім беру;

2. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту  бойынша мұғалімдердің кәсіби курстардан өтуін 100% қамтамасыз ету;

3. Педагогтардың тәжірибесін тарату, өз білімін көтеру жұмыстарын жандандыру;

4. Авторлық бағдарламалар, ғылыми жұмыстармен айналысуға жағдай жасау;

5. Оқытудың ақпараттық   әдістерін сабақта тиімді пайдалану;

6. «Дарын» сайтына тіркелу, талантты балалармен жұмысты жандандыру.

7.  PISA,TIMSS -халықаралық зерттеу жұмыстарына дайындық жүргізу, жаратылыстану пәндерінің оқытылуын  жетілдіру;

8. Жас мамандар мен тәлімгерлік жұмысты жандандыру;

9. Оқушы үнін тыңдау, оқушылардың қажеттілігін ескеріп жұмыстар жүргізу;