Мұғалімдердің іс –тәжірибесін облыс , аудан көлемінде таратылуы » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімдердің іс –тәжірибесін облыс , аудан көлемінде таратылуы
04
июнь
2024

Мұғалімдердің іс –тәжірибесін облыс , аудан көлемінде таратылуы

Мұғалімдердің іс –тәжірибесін облыс , аудан   көлемінде таратылуы


  • Облыстық семинарда төмендегі мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті 
  • Жадагаева Ардақ – қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі 
  • Жанысбаева Асель – орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі 
  • Тлекеева Меруерт – бастауыш сынып мұғалімі 
  • Толумбекова Салтанат – география пән мұғалімі 
  • Касенова Асель – бастауыш сынып мұғалімі. 




Инновационные образовательные технологии как средство формирования и развития функциональной грамотности обучающихся на уроках русского языка и литературы . Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Омаркулова Айжан Асылхановна 



2023-2024 оқу жылындағы желтоқсан   айындағы  әдістемелік күннің   қорытындысы


     Оқу  жылының басында  №1 педагогикалық кеңестің шешімімен төмендегі тәжірибелі мұғалімдер мектепішілік шығармашылық топ мүшелері болып бекітілді.

1. А.Жанысбаева –  орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі;

2.   А.Жадагаева   – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3. Ж.Айдарбекова  – бастауыш сынып мұғалімі;

4. А.Казиханова  – ағылшын тілі пән мұғалімі;

5. К.Немасипова  – тарих пәнінің мұғалімі;

6. Р.Казибаева  – математика   пәнінің мұғалімі;

7. С.Байгапалова  – математика пәнінің мұғалімі;

8. Д.Ноканова  – химия пәнінің мұғалімі;

9. А.Уразаева  – бастауыш сынып мұғалімі 

      Жоспар бойынша күзгі демалыста мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу жүргізілді. 

     Мұғалімдерге арналған электронды   портфолио  жасау туралы директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Г.Чонбаева түсіндіріп өтті. Гугл  сайт арқылы қалай жасау керектігін  информатика пән мұғалімі Уразымбетов Алібек айтып өтті.     Бастауыш сынып мұғалімдері Қожабекова Үміт пен АйдарбековаЖания  мұғалімдерге «БЖБ,ТЖБ –ны дұрыс ұйымдастыру» тақырыбында нұсқаулық жүргізді.  Мұғалімдерге күнделікті сабақта қалыптастырушы  бағалау тапысрмаларын алып отыру керекті айтылды.  Бағалауға арналған тапысрмаларды жабық және ашық тапсырмалар құрастыру керектігі  және оны қалай құрастыру керектігі түсіндірілді. 

Химия пән мұғалімі Ноканова Даметкен»Оқыту үшін бағалау жәнеоқуды бағалау» тақырыбында   түсіндіріп өтті. 

  • Білім алушыларды бағалау мақсаттары;
  • Критериалды бағалау сипаттамасы
  • Критериалды бағалауды жүйелеу
  • Практикалық зерттеу жұмыстары
  • Менің тәжірибелерімнен

Жоғарыдағы бөлімдер бойынша тоқталып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.


     Бастауыш сынып мұғалімі Тлекеева Меруерт 4 г сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу   пәнінен «Атакәсіп» тақырыбында сабақ өткізді.  М.Телекеева бұл сабағын облыстық семинарда көрсетіп, өз іс-тәжірибесімен бөліскен болатын. Сабағында «Мен сені көремін, естимін, ойлаймын,жүрешімдесің» әдісі бойынша психологиялық ахуал тудырды. Жаңа сабақты түсіндіріп өтті. Өзіндік жұмыс «Сәйкестендіру» әдісі арқылы берліді. Оқушылармен «Ұшқыш» ойыны арқылы сұрақтарға жауап берді. Сергіту сәті «Менің кәсібім» әдісі арқылы жүргізілді. «Попкорн» әдісі арқылы оқушылар сөз тіркесін тапты. Әр тапсырмаға дескриптор беріліп. Оқушылар бағаланып отырды. Жаңа тақырып бойынша тест жұмысы беріліп , сабақты бекітті. Сабақ өз дейгейінде өткізілді. Уақыт жеткілікті болды.


       Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жадагаева Ардақ 8 сынып оқушыларымен әдебиет пәнінен «Ш.Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек» поэмасы бойынша облыста  өткізген   ашық сабағын көрсетті. Сабақ «Жасанды интелект» әдісі арқылы Шәкәрімнің айтқан сөздері тыңдады. «Құпия сұрақ» әдісі бойынша үй жұмысы сұралды. Жұптық жұмыс  суреттерден оқиға желісіндегі қара сөздерді  поэмадан тапты. Дәптермен жұмыс композициялық талдау жасалды. Топтық жұмыс Поэмада көрініс тапқан салт – дәстүрлерге SWOT   талдау жасады. «Әдеби кейіпкер куәлігі» арқылы кері байланыс жүргізілді.Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жанысбаева Асель 8 сынып оқушыларымен орыс тілі пәнінен «Герои – космонавты  Республики Казахстан» тақырыбын ашық сабақ көрсетті. Топтық жұмыс жүргізілді. Жаңа тақырып бойынша  мәтін тыңдады.  Жазбаша жұмыс, «Горячий стул» әдістері бойынша жұмыстар жүргізілді.

Математика пән мұғалімі Сериков Нұрдаулет 9 сынып оқушыларымен  «Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогессияның п-ші мүшесінің формуласы» тақырыбында аудандық cеминардағы  ашық сабағынан көрініс. Мұғалім оқушыларға ақ қағаз таратып , ұшақ жасауға тапсырма берді. Осы арқылы бір –біріне тілек айтып, топтарға бірікті.   Үй жұмысы тексерілді.  Жаңа тақырып түсіндіріліп, тақырып бойынша есептер шығарды. Сергіту сәтіне приамида құрастырды. Кері байланыс «Сөйлемді аяқтау» әдісі арқылы жүргізілді.

Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары   Г.Чонбаева мұғалімдерді қысқа мерзімді жоспар жасау үлгісімен таныстырып өтті.

   ҚРБҒМ №130 бұйрығына енген № 382 бұйрықтың 6 қосымшасымен таныстырып өтті. 

       Қаңтар айында серіктес мектептерге әдістемелік көмек көрсетілді. Олар: Шорманов  , Талдыбұлақ, Таутүрген атындағы орта мектептері. Тақырыбы: «Коучинг. Lesson study  әдісін  сабақта қолданудың тиімділігі».  Мектеп тренері Омаркулова Айжан Асылхановна серіктес мектептерге зерттеу сабақтарын ұйымдастыру  туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. 

Таутүрген орта мектебі 

Шорманов атындағы орта мектебі



Талдыбұлақ атындағы орта мектебі



Қаңтар айында «Үздік сабақ» байқауы өткізілді. «Үздік сабақ» байқауына әр бірлестіктегі сарапшы,зерттеуші мұғалімдер қатысты. Бағалау қорытындысы төмендегідей:

Мұғалімнің аты - жөні

Бастауыш  сынып     мұғалімдері  бойынша 

Жоғары сынып бойынша

1

Бейсебаева Динара

Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Қатысқаны үшін


2

Умбеталлина Гулшат

Бастауыш сынып мұғалімі

Номинация

SMART


3

Алимсеитова Орал

Бастауыш сынып мұғалімі

І орын


4

Хапсемет Айгерим

Биология пән мұғалімі


ІІІ орын

5

Алимжанова  Бану

Химия пән мұғалімі


І орын

6

Лазгиева Залина

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі


ІІІ орын

7

Илющенко Алеся

Ағылшын тілі пән мұғалімі


Қатысқаны үшін

8

Кудайберген Айдана

Ағылшын тілі пән мұғалімі


ІІ орын

9

Қайрат Орал

Физика пән мұғалімі


Номинация

IT сабақ

10

Байтулакова Айкенже

Тарих пән мұғалімі


ІІ орын

11

Турап Ақерке

Ағылшын тілі пән мұғалімі

Номинация

«Үздік жаңашыл сабақ


12

Тлекеева Меруерт

Бастауыш сынып мұғалімі

Бас жүлде


13

Мингжонова Камшат

Бастауыш сынып мұғалімі

ІІІ орын


14

Жартыбекова Мира

Бастауыш сынып мұғалімі

ІІ орын


15

Райханова Жұлдыз

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі


І орын



  Ақпан айында математик,физика, информатика пән бірлестігінің ұйымдастыруымен   «Мұғалім өз білімін жетілдіру үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану керек?» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарда математика пән мұғалімдері ҚМЖ жоспар жазуда нені ескеру керектігі айтылды. Информатика , физика пән мұғалімдері сабақтағы тиімді платфомалар туралы түсіндіріп өтті.