«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ-нің 2023-2024 оқу жылындағы тарих-география пән бірлестігінің жылдық есебі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ-нің 2023-2024 оқу жылындағы тарих-география пән бірлестігінің жылдық есебі
03
июнь
2024

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ-нің 2023-2024 оқу жылындағы тарих-география пән бірлестігінің жылдық есебі

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ-нің

2023-2024 оқу жылындағы 

тарих-география пән бірлестігінің жылдық есебі

2023-2024 оқу жылының басында өткен оқу жылына сараптама жұмыстары жасалып, бірлестік отырысы өткізілді.  Отырыста жаңа оқу жылының жоспары талқыланып, әр пән мұғаліміне  апталық сағат жүктемесі беріліп, барлық бірлестік мүшелері нұсқау хатпен танысты. Ондағы өзгерістерді қарастырып, осы нұсқау хаттың негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылып, бекітілді.

Ағымдағы оқу жылына “Тарих, география пәнінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту- білім сапасын арттыру жолы”  тақырыбында   жылдық жоспар құрылып, іс жүзіне асты. 

        Биылғы 2023-2024 оқу жылында ӘБ –те  10  мұғалім жұмыс жасады. Оның ішінде: Раджапов Мансур, Амангелді Темірлан – жас мамандар. 


Мұға

лім саны 

Білімі 

Біліктілік санаты 

Жоға

ры 

Арнау

лы орта 

Аяқталмаған жоғары 

Педагог-сарапшы 

Педагог-модератор 

І

 санат

ты 

ІІ санатты 

Санаты жоқ

10

10

-

-

 4

4

-

-

2

Жылдың басынан  әдістемелік бірлестікте 5 отырыс өткізілді, онда әр түрлі сұрақтар қаралып, шешімдер  қабылданды. Әдістемелік отырыста пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу, ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс, педоқулары тақырыбы, аттестация, курстары жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есебі тыңдалып, пікір алмасып, талқыланды.

Тарих-география пәндерінің білім сапасының көрсеткіші:

сыныптар

Жараты

лыстану

Қазақстан тарихы 


Дүниежүзі тарихы

Геогра

фия

Құқық

негіздері


1

5 А

68

68

72



2

5 Ә

92

85

88



3

5 Б

75

75

75



4

5 В

73

69

69



5

5 Г

57

73

73



6

5 Д

86

68

68



7

76

84

92



8

6 Ә

84

80

84



9

6 Б

80

76

88



10

6 В

62

66

68



11

6 Г

60

68

68



12

6 Д

59

66

70



13

6 Е

74

55

57



14

7 А


59

68

63


15

7 Ә


76

76

80


16

7 Б


73

73

69


17

7 В


72

77

68


18

7 Г


76

76

57


19

7 Д


73

66

66


20

8 А


62

62

59


21

8 Ә


61

73

61


22

8 Б


60

66

66


23

8 В


62

62

66


24

8 Г


64

67

60


25

8 Д


66

66

61


26

9 А


57

57

52


27

9 Ә


70

70

66


28

9 Б


64

64

56


29

9 В


52

52

52


30

9 Г


53

53

53


31

9 Д


70

70

70


32

10 А


70

70

64

76

33

10 Ә


76

76

76

80

34

10 Б


66

66

66

75

35

10 В


85

100

100

100

36

11А


78

94

78

89

37

11 Ә


66

71

71

71

38

11Б


100

100

100

100


 

                     



 



 


 

 


      Бірлестік пән мұғалімдері мектепішілік, аудандық және облыстық іс-шараларға қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырды. 

      Әр ай сайын мектеп әкімшілігі ұйымдастырған «Аптадан-аптаға» айдары бойынша    мектепішілік семинарларға түрлі тақырыптарда іс-тәжірибелерімен бөлісу мақсатында  мұғалімдеріміз қатысып отырды. 

   Мектепішілік барлық іс-шараларға ұстаздарымыз белсенді қатысып отырды.

Мектепішілік тамыз конференциясына тарих пәніннің мұғалімі Мухтарова Ольга «2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері» және география пән мұғалімі Толумбекова Салтанат «География пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар» тақырыбында іс- тәжірибесімен бөлісті.


  


«Орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігі» ұйымдастырған «Золотая Осень» байқауына  Мухтарова Ольга мен Амангелді Темірлан қатысып, 3 орынды иеленді:

  

  • «Жас мамандар»  апталығында бірлестігіміздің жас мамандары Раджапов Мансур мен Амангелді Темірлан ашық сабақтарын көрсетті:

 

  • «Білім.Еңбек. Өнер» бірлестігінің «Жаңа форматтағы мұғалім» тақырыбындағы семинарға қатысуы:

  

  • Мектепішілік «Үздік мұғалім» сайысына тарих пән мұғалімі Байтулакова Айкенже қатысып, 2 орынды иеленді. 

            Аудандық түрлі тақырыптардағы іс-шараларға қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырды. 

География пән мұғалімі С.Толумбекова   аудандық «Әділетті Қазақстан: Сапалы Білім.Адал Ұрпақ. Табысты Ұлт. Білім беру технологиялары» атты тамыз кеңесінде өз іс- тәжірибесімен бөлісті.

 

•        «Балтабай орта мектеп» КММ-де   өткен «PISA тапсырмаларын сабаққа енгізудің креативті әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы аудандық семинарда іс-тәжірибемен бөлісті;

 

•        «Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің басты кепілі- білім сапасы» тақырыбындағы аудандық географтардың семинарында С.Толумбекова  «Д.Қонаев орта мектеп» КММ-нің география пән мұғалімі Сейдуллаев Жұмабаймен  бірлескен жұмыс көрсетті.


 

«Lesson Study»  бойынша «Тәжірибедегі зерттеу үрдісінің бір көрінісі» семинарында тарих пән мұғалімі Немасипова Камшат пен география пән мұғалімі Толумбекова Салтанат ықшам сабақ көрсетті.

 

 

•        Аудандық «Үздік сынып жетекші 2024» байқауына география пән мұғалімі Толумбекова Салтанат қатысып, 3 жүлделі орынды иеленді:

 


  Сонымен қатар, облыстық деңгейде де түрлі іс-шараларға қатысты:

•        «Инновациялық зерттеулер: оқу мен тәрбие үдерістеріндегі эволюция» тақырыбындағы облыстық семинарда «Ұлттық құндылықтарға негізделген Өркендеу жобасы» бойынша іс-тәжірибемен география пән мұғалімі Толумбекова Салтанат  бөлісті:

 

•        «Тағылым» ассоциациясының облыстық семинарында «Өркендеу» жобасы аясында «Жас ұрпақтың бойына отбасылық құндылықтарды қалыптыстыру мен дамыту» тақырыбы бойынша география пән мұғалімі Толумбекова Салтанат жобаны қорғады:

 

•        География пән мұғалімі  Толумбекова Салтанат «Жаратылыстану сауаттылығы бойынша үш дағдыны қалыптастыру – функционалдық сауаттылықты» арттыру нәтижесі тақырыбындағы облыстық семинар тренингте «Дүниежүзінің саяси картасы. Елдердің саяси типологиясы» тақырыбы бойынша сабақ көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды:

  

  • «Lesson Study 2024» олипиадасына тарих пән мұғалімі Мухтарова Ольга қатысып, 1 орынды иеленді. 

 

  • Тарих пән мұғалімі Амангелді Темірлан воллейбол, баскетбол спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

 

                                      

 

  • «Тәжірибедегі зерттеу үрдісісінің бір көрінісі» атты кітапшада тарих пән мұғалімі Немасипова Камашат, география пән мұғалімі Жетесова Айнұр, география пән мұғалімі Толумбекова Салтанат мақала жариялады. 

 


2024 жылдың 8-18 сәуір    аралығында «Туған өлкем  - туған тарих қазынам!» тақырыбында тарих – география әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті.  8 сәуір күні мектеп дәлізі безендіріліп, онкүндіктің ашылуы өткізілді. 

 


 



    Онкүндіктің алғашқы күнінде 5-11 сынып оқушылары «Ауылым   - алтын бесігім!» жобасы бойынша жеребе таңдап алып, өздерінің көшелерін таңдап алды. Өлкетану бойынша жобаның мақсатымен таныстырылып, бағалау критерийлері ұсынылды. 

 

 Әр күні үлкен қоңырауда «Көңілді қоңырау» өткізіліп, мектеп ұжымы мен оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап отырылды, өткізілген іс-шара әлеуметтік желіде жарияланып отырылды.

 



           09.04.  күні тарих пән мұғалімі Амангелді Темірлан  5 «Б» сынып оқушыларымен «Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды?» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында түрлі әдіс тәсілдер қолданылды.Жаңа тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсетіп, талдатты. Рим империясы туралы оқушылар көптеген мағлұмат алды. Сабақтың мақсатына жетті, тапсырмалары жақсы құрастырылған. Оқушылар белсене қатысып, көптеген қызықты білім ала алды. 

 

    09.04   күні Жетесова Айнұр 8 «А» сынып оқушыларымен «Ауылшаруашылық, және өнеркәсіптік өндірісті, қызмет көрсету аясын ұйымдастыру түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасын бекіту үшін «Банкомат» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтады.  Оқушыларды топқа бөліп, ПОПС әдісі  бойынша топтық жұмыс жасатты. Тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсетіп, «Ойлан, Жұптас, Бөліс» әдісі арқылы пікір алмасты. Сәйкестендіру жеке жұмысын және  картамен жұмысты жасатып, «SWOT» талдау арқылы «Менің ауылымдағы шаруашылық салаларын» талдатты.  Падлет тақтасын қолданып, «Телефонға хабарлама қалдыру» әдісі арқылы кері байланыс орнатты. Сабақтың мақсатына жетіп, оқушылар берілген дескриптор арқылы бағаланып отырылды.

 

      10.04. күні  Нурбаева Лаззат 11 «А» сынып оқушыларымен    «Мектептегі білім беру ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында түрлі әдіс тәсілдер қолданылды. Сабақтың тақырыбын ашу үшін   ұлы ақын Абай Құнанбаевтың қара сөзін   пайдаланды.  «Білім» терминінің мағынасын талқылай отырып, ұлы ғұламалырдың нақыл сөздерінің мағынасын ашты.Топпен «Ойлаңыз-Бірігіңіз-Бөлісу» мәтінмен жұмыс жасап, әр түрлі елдердегі мектеп білімінің дамуы туралы ой –картасын жасады.Қоғамда болып жатқан қандай згерістер мектеп білімінің дамуына әсер етеді? сұрағын «SWOT» әдіс арқылы талдап шықты.  Оқушылар сабақ барысында түрлі елдердегі мектеп моделі туралы білімдерін толықтырды. Оқу мақсатына жете білді, оқушылар белсене қатысып, өз ойларын жеткізе білді. Сонымен қатар мұғалім «Мозайка», «Попс формуласы» әдістерін қолданып, оқушылар бағаланып отырды. «ҚҚҚ» әдісі арқылы кері байланыс орнатты. 

 

 11.04. күні Раджапов Мансур «Шоқан Уәлиханов  - алғашқы қазақ ғалымы» тақырыбында 7 «Ә» сынып оқушыларымен ашық сабақ көрсетті. Сыныптың психологиялық ахуалын жақсартып алып, үй тапсырмасын пысықтады. Ұлттық құндылықтарға байланысты  салт-дәстүр, бата түрлерін атап, көрсетті.   Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту үшін бастапқы ынталандырушы материал ретінде «Шоқан Уәлиханов» жайлы жазылған түрлі ойшылдардың сөздерін оқып, бірнеше сұрақтар бойынша талдау жасатты. «Шоқан Уәлиханов» туралы   дерекпен танысып, «Time Line» уақыт сызығын құру арқылы деректерге талдау жасатты. Тарихи тұлғаға -   Шоқанға  мінездеме берді. Сабақтың мақсатына толық жетіп, оқушылардың әр тапсырманың орындалуын бағалап отырды. 

 

      Сәуірдің 12-сі   күні Немасипова Камшат 8 «А» сынып оқушыларымен «XX ғасырдағы 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбын ашу барысында Әміре Қашаубаев пен Қажымұған Мұңайтпасұлының еңбектерін айтып, сұрақтарға жауап алды. Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін берілген дескриптор бойынша талдап шықты. «Ұшқыр ой» жұптық тест тапсырмасын орындатты. Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасовтың қоғамдық санаға тигізетін әсерін бейнежазбадағы мәліметтерді пайдаланып, талдап шықты. Барлық оқушылар белсене қатысып, тест жұмысы аяқталғаннан кейін әр оқушының қанша сұраққа дұрыс, ал қанша сұраққа қате жауап бергені интербелсенді тақта арқылы талқылады және бағаланды. 

 

      12.04. күні география пән мұғалімі Толумбекова Салтанат 7 «Ә» сыныбымен «Инфрақұрылым. Көліктік инфрақұрылым» тақырыбы бойынша ашық сабақ көрсетті. Сабақтың басында оқушылармен сәлемдесіп, ынтымақтастық атмосфера қалыптастырды.  Оқушыларды «Геометриялық пішіндер»  арқылы «Әуе көлігі», «Су көлігі», «Құрлық көлігі» деп 3 топқа бөлді.   Үй тапсырмасын сұрау «Соқыр жеребе» әдісі арқылы тексерілді. Жаңа сабақты бастамас бұрын жетелеуші сұрақтар қойылып, сабақтың мақсаты анықталды. Жасанды интеллект арқылы жаңа тақырып түсіндірілді.  Оқулықпен және «Festisite» арқылы қосымша таратпа материал беріліп,  құрлық түрлеріне «SWOT» талдау жұмыс жасалынды.    Екінші тапсырма бойынша  «Жеке жұмыс» картамен жұмыс болды. «Тарсия»    әдісі арқылы жұптық жұмыс орындалды. Әр тапсырмаға дескриптор құрылып, бағаланып отырылды. Оқушылар өздерін  «Глобус» бағалау параңы арқылы бағалап , «ҚҚҚ» әдісі арқылы кері байланыс берді.

 

      15 сәуір  күні    «Чокан Валиханов  - первый казахский ученый» тақырыбы бойынша Ольга Мухтарова 7 «Д» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың басында ұйымдастыру кезеңін өткізіп, оқушылардан үй тапсырмасын «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы пысықтап, кері байланыс беріп отырды. «Цифравая сетка» таратпа қағазын беріп, берілген сандардың қандай оқиғамен сәйкес келетінін анықтады.  Сабақтың мақсатына жету үшін түрлі әдіс тәсілдерді қолданды. «БББ» кестесі, «4 ақиқат, 1 жалған», интеллектуалды карта, топтық, жеке, жұптық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Әр тапсырмаға дескриптор беріліп отырды, топтық бағалау жүргізілді. 

 

     15.04  күні   география пән мұғалімі Толумбекова Салтанат мектеп ұстаздарымен «Мотивациясы жоғары оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі» тақырыбында семинар практикум өтті. Әр бірлестіктен 2 мұғалім қатысты. Семинардың тақырыбы мен мақсатымен таныстырып, жақсы атмосфералық көңіл-күй орнатты.  Мотивациясы оғары оқушылармен жүргізілетін жұмыстың ретімен таныстырып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. «Көнілі көтеріңкі ұстаздың -  еңбегі де жемісті» ситуациялық сұрақтар қойып, мұғалімдердің ойын тыңдады. Семинар соңында психологиялық тест алып, нәтижесімен таныстырды. Семинарға қатысқан мұғалімдерге алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

 


     Тарих пәнінің мұғалімдері Раджапов Мансур мен Амангелді Темірлан 15.04. күні оқушылардан «Рәміздерім- мақтанышым» тақырыбында сұхбат алды. Мемлекеттік рәміздерге байлынысты сұрақтарға мектеп оқушылары жақсы жауап берді.

     16.04. күні Мухтарова Ольга 10-11 сыныптар арасында   «Своя игра» тақырыбында сыныптан тыс сабағын өткізді. 10- 11  сынып оқушылары түгел қатысып өте жақсы көңіл-күймен шықты. «Разминка», «Знаешь ли ты Государственные праздник Казахстана», «Пословицы», «Знаете ли вы исторических деятелей», «Напиши грамотно» , «О чем могут рассказать предметы?» кезеңдері бойынша өткізілді. Оқушылар өте жоғары қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.

            Сәуір айының 16 күні тарих пәнінің мұғалімі Байтулакова Айкенже 6 «А» сынып оқушыларымен «Есім хан» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен сәлемдесіп, даналық сөздер арқылы оқушылардың  қызығушылығын оятты. «Спиннер» ойыны арқылы үй жұмысы тексеріліп, өткен сабақ бойынша бекіту сұрақтары қойылды. Сурет арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылып, топтық жұмыс жасалынды. Оқушылар Есім хан туралы тың деректер алып, жұптық, жеке, картамен жұмыс орындады.  Әр тапсырмаға дескриптор беріліп, оқушылар өздерін  бағалап отырды. 

         Жетесова Айнұр 17.04. күні 6 сыныптар аралығында «Жаратылыстану жүйрігі» тақырыбы бойынша сыныптан тыс сайыс сабағын ұйымдастырып, өткізді. Сайыс   «Таныстыру»,«Миллион кімге бұйырады?» сұрақ-жауап, «Жұмбақты шешіп көр»,«Адасқан әріптердің орнын тап», «Мықты болсаң тауып көр» картамен жұмыс бөлімдерінен тұрды. Оқушылар өте жоғары қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Әділ қазылардың қорытындысы бойынша 6 «В» сыныбы 1 орынды иеленді.

 

       «Ер мен елдің жеңісі» тақырыбы бойынша 9 сыныптар арасында  тарих пән мұғалімдері Немасипова Камшат пен Байтулакова Айкенже  сыныптан тыс интеллектуалды ойынды сәуір айының   17 күні өтті.  Ойын 4 кезеңнен тұрды: «Таныстыру, Бейнемәтінмен жұмыс, тест және тұлғаны тану».  Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданды, оқушылармен психологиялық ойын ойнап, түрлі ситуациялық жағдайдан шығу жолдарын ұсынды. Еліміздің батырлары, олардың өміржолы, еңбектері туралы деректермен жұмыс жасатты. Оқушылар өте белсенді қатысып, марапатталды.

       18.04. күні Нурбаева Лаззат 10 «А» сынып оқушыларымен   «Менің ойларым, армандарым, үміттерім!» тақырыбында сыныптан тыс сабақ ұйымдастырылды. Сабақты Ж.Аймауытовтың эпиграфымен бастап, психогеометриялық тест алып, нәтижесімен таныстырды. «Кім көп біледі?», «Ең жақсы», «Мамандық таңдау» кезеңдері бойынша сабақ өтіліп, «Мадақтау сэндвичі» арқылы өзара бағалады. Рефлексия пирамидасымен кері байланыс беріп, сабақтың өте керемет өткені, қызықты мәлімет алғандары туралы айтып, мұғалімге алғыстарын білдірді.

 


        «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбы  аясында  5-10 сынып оқушылары ауылымыздың көше тауларының тарихымен, қазіргі таңдағы өзгерістері бойынша жобаны қорғады.   Жобаның мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын дамытып, ғылымғағ білімге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімді қалыптастыру. Өлке дамуының маңызды кезеңдерін анықтайды. Жобамыз төмендегі критерийлер арқылы бағаланды:  

  • Шығармашылық кабілеті;
  • Ғылыми ойлауы;
  • Қолданылатын әдістердің тиімділігі;
  • Тақырыпты ашу дәрежесі;
  • Шеберлік шешендік, ұсынылатын материалдың сапасы, айқындылығы.

   Онкүндіктің алғашқы күнінде 5-10 сыныптар жеребе арқылы көше атауларын таңдап алды. 

1. А. Мәлкеев көшесі – 5 А

2.Қ.Орымбетов көшесі 6 Г, 10 Ә

3.А.Тастанбекова көшесі – 5 В, 9 Б

4.Р.Тоқатаев көшесі – 7 Г, 10 Б

5.Қ.Жаманғараев көшесі  - 5 Ә, 8 Ә

6.Т.Рысқұлов көшесі  - 5 Г, 10 А

7.О.Жандосов көшесі  - 7 В, 8 Г

8.Боранбай көшесі – 7 Д, 9Д

9.Б.Амрин көшесі   - 7 А

10.Н.Мандиев көшесі – 5Д, 8 Д

11.Ж.Маткаримов көшесі – 7 Ә

12.Н.Малгелдиев  көшесі   - 6 А, 9 Ә

13.Абай көшесі – 6 Б

14.Жакен көшесі – 5 Б, 9 А

15.Тектібай Шәріп көшесі  - 6 Д, 8 А

16.С.Гайкович көшесі – 6 Е, 9 В

17.М. Бүркітбай көшесі  - 6 Ә, 9 Г

18. С.Білдебай көшесі  - 8В

19.Б.Құрманбаев көшесі – 7 Б

   Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы өте жақсы орындап келген, альбом, презентация, постер, буклеттер жасап, нағыз ауылымыздың патриоттары екенін дәлелдеді.   Оқушыларды мадақтап, тиесілі орындары берілді:

  • 5 сыныптар арасында 1 орынды – 5 Ә, 2 орынды – 5 В, 3 орынды -5 Г;
  • 6 сыныптар арасында 1 орынды – 6 Ә, 2 орынды – 6 Е,6 Г, 3 орынды -  6 А, Д;
  • 7 сыныптар арасында 1 орынды -7 В, 2 орынды – 7Д, 3 орынды -7 Б;    
  • 8  сыныптар арасында 1 орынды – 8 Б, 2 орынды -8 Ә; 3 орынды  - 8 Г
  • 10 сыныптардан 10 Ә сыныбы 1-орынды иеленді.

 

         2023-2024 оқу жылында тарих-география пәндері бойынша оқушыларымыз түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

  • Қазан айында 8 «Б» сынып оқушысы сынып оқушысы Сабит Асет 7-8 сыныптар арасында география пәнінен ұйымдастырылған «Ұлттық олимпиадаға» қатысып, 1 орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. «Ұлттық олимпиаданың» облыстық кезеңінен жүлделі 3 орынды иеленді. 8 сыныптар арасында пәндік олимпиаданың мектепішілік олимпиададан 1 орынды иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезеңнен жүлделі 2 орынды иеленді.

 

  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық «Дарын» ғылыми жобасының сайысының аудандық кезеңінен  сынып оқушысы Жақсыбай Шынар 3 дәрежелі дипломға ие болды.
  • «Менің кіші Отаным» сайысы бойынша  сынып оқушысы Жақсыбай Шынар 3 дәрежелі дипломға ие болды.

  


  • «Абай» пәндік олимпиадасының аудандық  кезеңіне  қатысып І дәрежелі дипломдармен марапатталды.

   

 







 
  

Республикалық «Тарих ата» олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

 

  

  

  

  • 9-11 сынып оқушылар арасындағы география  пәні бойынша аудандық олимпиададан  11 «Ә» сынып оқушысы Жұмахан Аяулым  ІІ орын алды.Жетекшісі: Жетесова Айнұр.
  • 9-11 сынып оқушылар арасында тарих пәні бойынша аудандық олимпиададан 11 сынып оқушысы   

  

 
 


2023-2024 оқу жылында тарих пән мұғалімі Амангелді Темірлан 

Тарих пән мұғалімі Мухтарова Ольга  ҚР Оқу Ағарту Министрлігі Біліктілікті арттыру Қазақстандық Өңіраралық Орталығында «Преподавание истории на этапе социальной модернизации общества. Новые подходы в обучении истории в условиях обновления содержания среднего образования» тақырыбында 80 сағаттық курсты оқыды, мерзімі - 07.08- 18.08.2023ж.


 

2024-2025 оқу жылына міндеттеме:

  • Дарынды оқушылармен жұмысты күшейту, аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыстыру;
  • Ғылыми жұмысты нығайту;
  • Бірлестік мұғалімдерінің аудандық ,облыстық, республикалық семинарларда өз іс-тәжірибелерімен бөлісуіне ықпал жасау;
  • Аудандық деңгейде тарих-география пәндері бойынша семинар өткізу.


Бірлестік жетекшісі:                                            Л. Нурбаева