«Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі
24
май
2024

«Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі

«ШЕБЕР» әдісі.

Тақырыпты презентациялау

«Жаңа форматтағы мұғалім» тақырыбы. «Джонсон» үшбұрышына өз ойларын орналастыру.  Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім – мектептің  жүрегі» деген.   Біріншіден, мұғалім тәуекелшіл болуы тиіс. Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болуы керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Екіншіден, психолог болуы  тиіс. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек. Үшіншіден, білікті педагог болуы тиіс. «Педагог» сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына өте жақын. Төртіншіден, көшбасшы болу – басты міндет. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса, сол ортада көшбасшы бола білуі керек.Бесіншіден, заманауи технологияны игере білуі тиіс. Бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты да заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру болып саналады. Алтыншыдан, рухани бай болу керек. Қай елде болсын мұғалімдер жаны рухани құндылықтарға бай болып, елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде таптырмас құрал саналады. Жетіншіден, әмбебеп мұғалім болуы өте маңызды. Коучинг барысында 

ұстаздар жаңашыл мұғалім образын негізгі мысалдармен келтіріп, ойларын қызықты етіп жеткізді.

«Үздік сабақ» сайысы   - І орын иелендім. Сабағымның тақырыбы:«Азот. №11 зертханалық жұмыс «Азот молекуласының моделін құру»».9 «Г» сынып

Сабақ барысында тиімді әдістерді қолданып , зертханалық жұмыс жүргізілді

Ағылшын тілі пән бірлестігі онкүндігінде сабақтан тыс іс шараларға қатысып І орынды иеленді.

Орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі «Золотая осень»  сайысына қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп І орынды иелендік.


Аудан көлемінде ұстаздар арасында волейбол ойынынан «Мектеп лигасы» мектеп ұстаздарымен қатысып, өңір бойынша І орын, жалпы Аудан бойынша ІІ орынды иелендік. 

Жасstar онкүндігі аясында мектепішілік “Дипломның қоғамдағы орны”атты тақырыпта пікірсайыс өткізілді

Мектебімізде биылғы оқу жылының 05.02 – 15.02 аралығында онкүндік   басталды. Онкүндікке мектеп дәлізі тақырыпқа сай безендіріліп, онкүндік  жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар, сайыс , сыныптан тыс сабақтар, көңілді ойындар, көрмелер ұйымдастырды. Бірлестікте химия, биология, көркем еңбек , музыка пәндері бойынша сабақтар қамтылды. Онкүндіктің ашылуына бейнеролик шақырылу жіберілді.