«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында жоспарға сай 8-11 сынып қыздарымен «Оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында өткізген іс-шарасының мәліметі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында жоспарға сай 8-11 сынып қыздарымен «Оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында өткізген іс-шарасының мәліметі
15
октябрь
2021

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында жоспарға сай 8-11 сынып қыздарымен «Оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында өткізген іс-шарасының мәліметі

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ

 2021-2022 оқу жылында жоспарға сай    8-11 сынып қыздарымен

«Оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу»

 тақырыбында өткізген іс-шарасының  мәліметі


                                                                                                                15.10.2021ж.


 Мақсаты :
 Жас жеткіншектір арасындағы  ерте жүктіліктің алдын алу.

Қатысқандар: Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Баймахан, педагог ұйымдастырушы А.Рысдаулетова,  мектеп психологтары К.Досанова, А.Шаденова,  мектеп медбикесі Р. Саманбетова ,  8-11 сынып қыздары.  

Жиналыста дәріс оқығандар: Мектеп психологтары және мектеп медбикесі. Ал мектептегі тәртіп туралы А.Баймахан  айтып өтті. 

Жиналыс басында оқушы қыздарға қыз балаларда болатын етекірдің болу себебін түсіндіру мақсатында « Первые месячные Что? Как? Когда? (анимация) » видео ролигі көрсетілді. 

Педагог психологтар алдын ала дайындалған слайд арқылы төмендегі мәселелерге кең көлемде тоқталып, «Ерте жүктілік немен қауіпті?» «Ерте жүктіліктің нәтижесі» видео роликтарын көрсетті. Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатынжүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып,гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Ерте жүктілік немен қауіпті? Жүктілік кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры,эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. Ерте жүктіліктің нәтижесі. Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ,баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.    Жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған.  Қыз анасымен сырлас болып, өзін мазалаған ішкі ойларымен әрдайым бөлісіп отырса, жамандыққа жолықпайды. Қыздың ең бірінші ұстанымы — қыз деген атқа лайық болуы. Ал қазіргі ата-аналар заманына қарай жеңіл ойлайтын сияқты. Дегенмен, заман өзгергенімен, адам өзгерген жоқ қой. Қыз — болашақ жар, болашақ ана. Өзге үйдің босағасын аттағанда бойыңды тік ұстап, тәрбиелеп өсірген ата-анаңның елдің алдында жүзін төмен түсірмейтіндей етіп адал аттау үшін ананың әр сөзін қыз бала жадында ұстауы керек. Бүгінде біз жоғары ақпараттық технологияларзаманында өмір сүрудеміз деп мақтанамыз. Сондықтан, өсіп келе жатқан ұрпақты сауатсыз деп те айтуға болмайды. Өйткені, олар осы жаңа технологияларды еркін меңгеріп, түрлі ақпараттармен алмаса алады. Иә, заман өзгергенімен, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз өзгерген жоқ  Қыз – болашақ ана, бір әулеттің үлгілі келіні атанатындығын санасына сіңіріп, әйелге үлкен жауапкершілік пен міндет жүктелетіндігі айтылды. 


Мектеп медбикесі қыздарға етекір келетін кезді түсіндіріп, қыз балалардың гигиенасына тоқталып, жалпы тазалық туралы айтты. Сонымен қатар өз беттерімен омырауды тексеру керектігін айтып, жолдарын көрсетті. Ерте жыныстық қатынастың қауіпті жақтарын айтып, жыныстық жолмен жұғатын неше түрлі аурулар бар екендігін ескертті. 

Қорытындылай келе:  Оқушы қыздар жыйын соңында өздерінің   ойларымен бөлісіп, бір –бірлеріне сұрақ қою арқылы жалпы қыздар қандай болу керектігін ауызша талқылады. Сонымен қатар қыздар өз отбасыларындағы тәрбиені мысал ретінде айтып, қыздармен бөлісті.    

                                       ДТЖО                         А.Баймахан

                   Педагог-психологтар:                         А.Шаденова 

            К.Досанова 

             Педагог ұйымдастырушы:                        А.Рысдаулетова

                       Мектеп медбикесі:                         Р.Саманбетова 


Похожие публикации: