«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп » КММ педагог- психологтардың 2021-2022 оқу жылында «Қатыгездік пен зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» науқаны аясында өткізілген іс-шаралар мәлімдемесі. » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп » КММ педагог- психологтардың 2021-2022 оқу жылында «Қатыгездік пен зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» науқаны аясында өткізілген іс-шаралар мәлімдемесі.
29
сентябрь
2021

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп » КММ педагог- психологтардың 2021-2022 оқу жылында «Қатыгездік пен зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» науқаны аясында өткізілген іс-шаралар мәлімдемесі.

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп » КММ педагог- психологтардың 2021-2022 оқу жылында   «Қатыгездік пен зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» науқаны аясында өткізілген іс-шаралар мәлімдемесі.


Мақсаты: құқық бұзушылық, әлімжеттік пен зорлық- зомбылықты болдырмау үшін   профилактикалық жұмыс жүргізу. 

        Қ.Орымбетов атындағы орта мектебінде   7-11 сынып оқушыларымен «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша   ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен  бірлескен   оқушыларға жиналыстар өткізіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.  

       Бұл жиналыстардың  негізгі мақсаты: мектептегі оқушы ережелері мен тазалық, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, әлімжеттік пен зорлық- зомбылықты болдырмау үшін   профилактикалық жұмыс жүргізу. Оқушылар арасындағы келеңсіз жағдайдың алдын алу мақсатында жасырын сауалнама алынды. 

       Қатысқандар: Еңбекшіқазақ аудандық АІІБ инспекторлары полиция  капитаны А.А.Жумабекова Қ.Орымбетов атындағы мектеп директоры Ш.Калыкова,  директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Баймахан, педагог-психологтары А.Шаденова және К. Досанова, әлеуметтік педагог С. Новетова,  мектеп оқушылары.    



       Еңбекшіқазақ аудандық АІІБ инспекторлары полиция аға лейтенанты----         ҚР Қылмыстық кодексі , ҚР қылмыстық заңдары, Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы, қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы, Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы, Жазаның түрлері, оның ішінде 6- бөлім кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы 442 бап -18 жасқа толмаған жасөспірімдер түнгі уақытта жүруге болмайды, 127 бап – сабаққа 10 күн толған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық , 133 бап, 200 бап-жасөспірімдерге алкагольді заттар  мен темекі сатып алуға тиым салынған деп мәселелеріне кең көлемде тоқталды. 

       Сонымен қатар оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мектеп оқушылары өздерінің сұрақтарына жауаптар алды. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Баймахан өз сөзінде « жастардың бір-біріне әлім жеттік жасауы , зорлық-зомбылық көрсетуі, тіл тигізу сияқты өрескел қылықтарын күнде көреміз.  Мұндай құбылысты көшеден де, тіпті қоғамдық көлікте де жиі байқаймыз. Ұлдар арасындағы шектен тыс агрессия – қазір педагогтер , психологтар мен ата-аналар үшін ғана емес, бүкіл мемлекет үшін өткір де ауыр проблемалардың бірі болып отырғанын атап өтті».  


       Жиналыс соңында (кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың алдын алу кеңесі) ДТЖО  А.Баймахан және педагог психологтардың ұйымдастыруымен полиция инспекторы полиция   копитаны А.А.Жумабековамен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, әр сынып ұлдарымен жеке сұқбаттасып пікір алмасты.  

Әлеуметтік жағдайлары төмен сәтсіз отбасылардың үйіне рейд   жүргізіліп, ата-аналарына және оқушыларға кеңестер берілді.  Рейд кешкі сағат 2000-2300 аралығында болды. 




                              Мектеп директоры:                     Ш.Калыкова 

                                                ДТЖО:                      А.Баймахан

                            Педагог-психологтар:                   А.Шаденова 

                                                                                         К.Досанова 







«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп » КММ   педагог- психологтарының   2021-2022 оқу жылында  жасөспірімдер арасында бір –бірін бопсалауы, қысым көрсету бойынша жүргізілген  сауалнаманың қорытындысы. 


Мақсаты: құқық бұзушылық, әлімжеттік пен зорлық- зомбылықты болдырмау үшін   профилактикалық жұмыс жүргізу. 

     Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және  педагог- психологтары 7-11 сынып оқушылары арасында жасөспірімдердің бір –бірін бопсалауы, қысым көрсету, бойынша сауалнама жүргізді. 

Сұрақтар 

Жауабы 

%

1

Сен зорлық –зомбылыққа ұшырадың ба?

жоқ

100%

2

Сіздің мектепте бопсалаушылық деректері бар ма?

жоқ

100%

3

Иа болса қай жерде?

жоқ

100%

4

Көмек сұрадыңыз ба? 

жоқ

100%

5

Аты –жөні немесе балалар қойған атын жаз 

жоқ

100%


      Кестеде көрсетілген  сұрақтарға балалар жоқ деп жауап жазды, осы жауаптарға сүйене отырып қорытынды шығарылды. Мектебімізде бір –бірін бопсалау, қысым көрсету болмаған. 

       Сауалнаманы өткізер алдында білім алушыларға мысал келтіріп- бұзақы балалар әлсіздерге зәбір көрсетіп, ұялы телефондарын, аяқ киімдерін, киім-кешектерін тартып алдыма және үйінен ақша әкелуді талап ететіндер бар ма деген сұрақтар қойылды. Осында келеңсіз жағдайлар орын алатын болса ол адам қылмыс үстінде ұсталса   заңмен жазаланатындығы. Ал жәбір көрген адам Заңмен қорғануға болатындығы айтылып    түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 


                               Мектеп директоры:                       Ш.Калыкова 

                                                ДТЖО:                       А.Баймахан

                            Педагог-психологтар:                        А.Шаденова 

                                                                                 К.Досанова