«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында педагог-психологтардың 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтамасы » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында педагог-психологтардың 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтамасы
07
сентябрь
2021

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында педагог-психологтардың 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтамасы

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында педагог-психологтардың 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтамасы

Мақсаты:

Оқушылардың психо-эмоционалдық көңіл-күйін,  отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын, зейінін шоғырландыруын, үзіліс уақыты мен сабақ барысындағы белсенділігін диагностикалау.

Міндеттері:

  • Тест  «Мектепке келгендегі  оқу қабілетін зерттеу» 
  • Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау 
  •  Оқушының үзіліс уақыты мен сабақ барысындағы белсенділігі, құрбыларымен қарым-қатынасына бақылау.
  • Ата-ананың қаншалықты дәрежеде балаға көмектесуін анықтау

       Мектебімізде 2021-2022 оқу жылында   1 «а» сыныбында 26,  1 «ә» 25 оқушы, 1 «б» 24 оқушы,  1 «в» 25, 1 «г»  25 оқушы, 1 «д» 29 бар. Оқушылар мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады.  Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда. Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді, сынып жетекшісі оқушылармен  жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды. 

       Сынып жетешілері сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға  қадағалу бар.     

        Мектептің оқу- тәрбие жұмыс жоспары бойынша  6-шы қыркүйекте бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау әкімшілік тарапынан жүргізілді.    Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды. 1 сынып оқушыларын қыркүйек, қазан, қараша айында жалғасады. 

     Ұсыныс: Мектеп ережесін барлық оқушылар сақтайды. Керн-Йерасек тесті қорытындысы бойынша сынып жетекшілерге және ата-аналарға кеңес берілді. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың басым бөлігінде зейіні тұрақты еместігі белгілі болып, ол оқушылардың сынып жетекшілеріне және ата –аналарына зейін дамыту жаттығулары ұсынылды.   

                                                            Мектеп психологы:                              К.Досанова 

                                                                                                                                                                                       А.Шаденова 


«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп » КММ педагог-психологтарының    2021-2022 оқу жылында  1 -сынып ата-аналарымен өткен жиналыстың  мәлімдемесі   


Мақсаты: Баланың мектепке дайындығын анықтау. Психологиялық көмек беру. Жиналыс барысында ата-аналарға кенестер берілді. Тренинг- ойын. 


              Ата –аналарды  ең бірінші жалпы сыныптар бойынша Керн-Йерасек тестінің қорытындысымен таныстырып, төмендегіндей кеңестер берілді. 


Сынып 

Жоғары 

Орташа 

Төмен 

1 «А»

Сынып жетекшісі: Джунусбаева Г. 

14

 8

3

1 «Ә»

Сынып жетекшісі: Кубенбаева А

12

7

6

1 «б»

Сынып жетекшісі:

Умбеталина Г.

11

7

4

1 «в»

Сынып жетекшісі: Нурдавлетова Лаура

5

6

9

1 «г»

Сынып жетекшісі::     Мингжонова Камшат

6

14

4

1 «д»

Сынып жетекшісі: Власова З


14

8

5



            Бірінші кеңес:Балаңызға беру қажет нәрсенің ең маңыздысы – бұл сіздің ықыласыңыз. Шыдамды 


болыңыз: оның мектеп туралы айтатын әңгімелерін зейін қойып тыңдаңыз, нақтылайтын сұрақтар 

қойыңыз.  


Екінші кеңес: Баланың мектеп оқушысы болу талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын дамытыңыз және көтермелеңіз. Балаңыздың мектептегі істері мен жұмыстарына деген қызығушылығыңызды шын жүрекпен білдіріңіз. Оның жетістіктерін айтып отырыңыз, мақтауға сараң болмаңыз. Оның әрбір жұмысында міндетті түрде оны мақтауға болатын нәрсе тауып отырыңыз.



Үшінші кеңес: Балаға жаңа өмір тәртібіне дағдылануға көмектесіңіз.Баламен ол мектепте кездескен ережелер мен нормаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен жөнділігін түсіндіріңіз. Балаңызбен бірге күн тәртібін құрыңыз, оның сақталуын қадағалаңыз. Күн тәртібі бірінші сынып оқушысының өмірінде аса маңызды. Баланың өмірінде жинақылықты, тәртіптілікті қажет ететін жаңа міндеттер пайда болды – күн тәртібі еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайларына үйренуге көмектеседі. Баланың үй тапсырмасын орындау ұзақтығын (бірінші сыныпта – оқуды қоса алғанда 1-1,5 сағат), сондай-ақ ұйқы уақытын (толыққанды демалу үшін ұйқы тәулігіне 9-10 сағаттан кем болмауы тиіс) бақылаңыз.


 
        Қорытынды:   Ата-аналармен тренинг – ойын жүргізілді. «Шар» тренингі кезінде ата-аналар өздерінің ойларын айтып, педагог-психологтарға рахметтерін айтып, бір –бірлеріне жақсы тілек айтып тарасты. 







                                         Педагог- психологтар:                       А.Шаденова 


                                                                                                   К.Досанова 





Похожие публикации: