«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ педагог-психологтарының 2021-2022 оқу жылында 5 - сынып оқушыларымен орта буынға бейімделуі бойынша қыркүйек айында жүргізілген жұмыстарының қорытындысы » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ педагог-психологтарының 2021-2022 оқу жылында 5 - сынып оқушыларымен орта буынға бейімделуі бойынша қыркүйек айында жүргізілген жұмыстарының қорытындысы
23
сентябрь
2021

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ педагог-психологтарының 2021-2022 оқу жылында 5 - сынып оқушыларымен орта буынға бейімделуі бойынша қыркүйек айында жүргізілген жұмыстарының қорытындысы

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ педагог-психологтарының   2021-2022 оқу жылында

5 - сынып оқушыларымен орта буынға бейімделуі бойынша қыркүйек айында жүргізілген  жұмыстарының қорытындысы

           Мектеп психологтарының оқушылармен жұмысының ең негізгісі 5-сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде оқушыларды сүйемелдеу және бейімделу деңгейін анықтау.

           Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Өйткені олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, жалпы айтқанда 5-сынып бағдарламасы күрделене түседі. Осы 5-сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады.

Бұлар: 

-Балалардың мінезі өзгереді;

-Тез шаршайды;

-Көңіл-күйлері бұзылады;

-Оқу үлгерімі төмендейді;

-Мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

Сондықтан да осы жоғарыда көрсетілген мәселелердің алдын-алуда 5-сынып оқушыларын психологиялық сүйемелдеу қажет.

Мақсаты:

Сәтті бейімделу үшін, маңызды әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына қолдау көрсету;

Мен-концепциясы және өзін-өзі тұрақты бағалауының позитивті қалыптасуына жағдай туғызу;

Өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі бақылау жұмыстарына көмек көрсету;

Ортаңғы буын оқушысы деген жаңа көзқарасты қабылдауына көмектесу;

“Жаңа” мұғалімдерді қабылдауға көмек беру;

Оқуға деген психологиялық дайындық деңгейін көтеру;

Оқушылардың шығармашылық деңгейін дамыту, өзін-өзі жан-жақты таныта білуге және өз өміріне деген жағымды көзқарас қалыптастыруға қолдау көрсету;                                                                                                                                    Оқу жылының қыркүйек айларында 5 сынып оқушыларының   бейімделуін  зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеуге арналған әдістемелер:

1. «Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк» тесті алынды.

Мақсаты: баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын анықтау.

5-сынып оқушыларынан тестер алынып нәтижесі шығарылып, өздеріне айтылды. Өздерінің мінез –құлық ерекшеліктерін естіп оқушылар өз мінез-құлықтарымен ауызша бөлісіп, қандай мінезді балу керектігін айтып ой бөлісті. Жалпы 5- сыныптар сабаққа дайындалып келуде. Сабақ беретін пән мұғалімдерін біледі, пән атауларын танып, ол пәндер не туралы оқытатындығын айтып, болашақта ол пәндердің орны ерекше екендіктерін айтып. Кәзіргі сабаққа көңілдері толатындықтарын айтты. Сонымен қатар   өзара қатынастарын құруға, мектеп мұғалімдерімен жағымды қатынас құру үшін әнгіме- кеңестер   жүргізіліп, оқушылар төртінші сыныпен бесінші сыныптың айырмашылықтарын айтып өтті.  5-сыныптар бойынша мектепке оқушыларды сәтті бейімдеуде. 

5-сыныпта қызықтыратын нәрселері әр түрлі пәндер мен мұғалімдер, қоршаған ортасымен қарым-қатынастары. Жалпы балалардың мұғалімдерге, құрбы –құрдастарына шағымдары жоқ. Мұғалімдер тарапынан, сынып жетекшісі жағынан 5- сыныпқа сәтті бейімделуіне психологиялық көмек көрсетілуде. Алдағы уақытта жоспар бойынша оқушылармен бейәмделуге байланысты педагог-психологтармен жұмыстар жалғасатын болады. 



                       Педагог-психологтар:                               А.Шаденова

                                                                                    К.Досанова


Похожие публикации: