«Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі
24
май
2024

«Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі


Алматы   облысы

Еңбекшіқазақ  ауданы

«Қ.Орымбетов  атындағы орта мектеп» КММ

«Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 

2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі





Бірлестік жетекшісі    Б.Алимжанова


Жаңа оқу жылына кемшіліктерді болдырмау туралы  ұсыныстар   берді. Жоспарға сәйкес жұмыстарды нақты , нәтижелі орындау керектігі айтылды. Әдістемелік бірлестіктің мақсаты  нәтижеге бағытталған қазіргі заман талабына сай оқушыларға сапалы білім беру арқылы, білім сапасын арттыру және болашақ жастарымызды дұрыс мамандық таңдауына бағыттай отырып, қазіргі  білім- ғылым -инновациялар әлеміне, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

2023-2024 оқу жылында химия-биология,   технология және  музыка» пән бірлестігінің жетекшісі өзгерген жоқ.  Сонымен қатар жаңартылған оқу бағдарламасымен  танысып, талданды.

Үшінші мәселе бойынша  жаңа оқу жылының нұсқау хаты қарастырылып, ондағы өзгерістер мен жаңа енгізулер назарға алынды. Сонымен қатар бірлестік мұғалімдері өз бағыты мен  пәндері бойынша Республикалық, облыстық және аудандық  семинарларға қатысып, биылғы оқу жылының ерекшеліктерімен танысты. Осы нұсқау хат бойынша жаңа оқу жылына берілген сағат жүктемелеріне қарай күнтізбелік тақырыптық жоспарларын тамыз айының  30 дейін  бекіту.   Сонымен қатар биылғы жылғы мәселелердің бірі - өткен оқу жылының білім сапасындағы олқылықтарды жою. Ол үшін негізгі пәндер бойынша  сабақ мақсаттары қайталанған бірдей тақырыптарда өткен материалдарды жаңғырту.

    Сыныптар бойынша кітапханаға түскен оқулықардың тізімін алып,   бірлестік ішінде бекітілді.

  Келесі мәселе бойынша  бірлестік мұғалімдері жаңа оқу жылының сағат жүктемелерімен танысты:       .

                                           Телеуова Р биология пәні мұғалімі   - 24 сағат педагог-модератор;

                                           Ноканова Д химия  пәні мұғалімі – 24 сағат; педагог-сарапшы;

                                            Алимжанова Б химия пәні мұғалімі – 24 сағат ; педагог-сарапшы;

Хапсемет А  биология пән мұғалімі – 20 сағат; педагог-сарапшы;

                                            Телеуова Е -8 сағ

                                             Рысдаулетова А – 8 сағат

                                             Бухабай Г – 24 сағат

                                             Бухабай  М –  23 сағат

                                             Архаров С – 24 сағат 

                                            Бейсенбаева Ж - 16 сағат

                                            Муслім А – 18 сағат

       Химия  пәні бойынша оқушыларды  ғылыми жобаға дайындайтын мұғалімдер: Ноканова Д –  10 «Ә» сынып оқушысы Әсенқызы  Меруерт, олимпиада 10 «А» сынып оқушысы  Өмірхан Нурай ,Телеуова Роза биология  пәнінен – 10 «А» сынып оқушысы Хабит Томирис дайындайды.

    Ал өребәйгеге 8-11 сыныптар бойынша химия  пәнінен Алимжанова Б мен Ноканова Д, ал биология пәнінен Телеуова Роза мен Хапсемет А дайындайды. 9 бен 11 сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдері оқушыларды үздіксіз, нәтижеге бағытталған ББЖМ мен ҰБТ – ға жыл бойы дайындық жұмыстарын жүргізеді.

     Сәуір айында біліктілік арттыруда тестілеуден өткен химия пәнінің мұғалімі Д.Ноканова педагог-зерттеушіге; технология пәні мұғалімі Муслимова Асель педагог-модераторға тесттен өтті.

Химия пәнінің мұғалімі Алимжанова Бану Алимжанқызының  жылдық есебі

2023-2024 оқу жылындағы  әдістемелік нұсқау  хаттағы өзгерістермен танысып, биылғы оқу жылындағы енгізілген өзгерістер айтылды.Өз пәнім бойынша  біліктілік санатын арттыруда « Педагог – сарапшы» санатына өттім. Жаңа оқу жылында сыныптар белгіленіп, сәйкес сабақтарымызғаоқу бағдарламасының негізінде күнтізбелік   тақырыптық жоспар құрылып, бекітілді.Тақырыптық жоспар негізінде тоқсан бойынша қысқа мерзімді жоспар реттелді. Пәндік құзіреттілік, жаңа форматтағы сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдері тақырыбы бойынша  курстарда оқыдым. «Lesson Study» зерттеу бойынша  онлайн курс оқып, сертификат алдым. 


«Тамыз кеңесі»  аудан ұстаздарымен тәжірибе алмасу мақсатында семинарға қатыстым. Бағдарламаға сәйкес химия пәнін оқытуда тиімді әдістер, платформалар жайлы жақсы ақпараттар алдым. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстарды жүргізуде бағалау жүйесі күнделікке енгізу туралы айтылды. Сонымен қатар 

Химия пәні бойынша 10 «А» сынып оқушысы   Тугалбаева Акерке ІІІ дәрежелі аудандық дипломмен  мараптталды. Химия   пәнінің   мұғалімі  Алимжанова  Бану   Алимжанқызының  өткізілген ашық сабағы туралы   мәлімет.      



           Сыныбы: 7 «В».Уақыты:11.10.2023жылы.Сабақтың  тақырыбы: «Заттардың агрегаттық күйі».Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:7 .1.1.4 -заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру. Ашық сабақ оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа назарын аудару мақсатында «Менделеев хаты» бойынша бүгінгі сабаққа жақсы тілектерденбасталды.

Өтілген тақырыпты еске түсіру мақсатында «Шындық/жалған» ойыны жүргізілді. 

Оқушылар «Baamboozle» ойыны бойынша , смарт теледидарда жүргізілді. Оқушылар белсенділік танытып, 10 сұрақтың 7-8 дұрыс жауап берді.

Жаңа  тақырыпты ашу үшін жұмбақ жасырылып, жауабын тақырыппен байланыстыра отырып өз ойларын еркін жеткізді. Тақырыпты «Терминдер сөйлейді» әдісі бойынша оқулықпен жұмыс жүргізіп, өздері негізгі түсініңтерін анықтап жаңа тақырыпты меңгере бастады. Бөлшектер теориясы бойынша , сәйкестендіру тапсырмалары орындалды. Сабақ барысында жақсы қатысқан  оқушыларды 7-10 баллмен бағалады.


“ Білім.Өнер.Еңбек” онкүндігінде мұғалімдермен “ Жаңа форматтағы мұғалім” тақырыбындағы коучинг. 

Мақсаты: Мұғалідер  игерген оқыту стратегияларын қолдану қажеттілігін білу, әдіс тәсілдердің бағытталуын ұғыну.

Қатысушыларды қарсы алу, амандасу. «Қуант, Есім» тренингі арқылы өз есімдерінің бас әрпінен келетін әдемі тілектерді оң жақ көршісіне айту.

Б-бақытты бол, биіктей бер, бірлі болсын.

«ШЕБЕР» әдісі.

Тақырыпты презентациялау

«Жаңа форматтағы мұғалім» тақырыбы. «Джонсон» үшбұрышына өз ойларын орналастыру.  Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім – мектептің  жүрегі» деген.   Біріншіден, мұғалім тәуекелшіл болуы тиіс. Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болуы керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Екіншіден, психолог болуы  тиіс. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек. Үшіншіден, білікті педагог болуы тиіс. «Педагог» сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына өте жақын. Төртіншіден, көшбасшы болу – басты міндет. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса, сол ортада көшбасшы бола білуі керек.Бесіншіден, заманауи технологияны игере білуі тиіс. Бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты да заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру болып саналады. Алтыншыдан, рухани бай болу керек. Қай елде болсын мұғалімдер жаны рухани құндылықтарға бай болып, елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде таптырмас құрал саналады. Жетіншіден, әмбебеп мұғалім болуы өте маңызды. Коучинг барысында ұстаздар жаңашыл мұғалім образын негізгі мысалдармен келтіріп, ойларын қызықты етіп жеткізді.