Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушыларымен өткізілген "Қош келдің - Наурыз!" тақырыбындағы сынып сағатының мәліметі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушыларымен өткізілген "Қош келдің - Наурыз!" тақырыбындағы сынып сағатының мәліметі
14
март
2022

Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушыларымен өткізілген "Қош келдің - Наурыз!" тақырыбындағы сынып сағатының мәліметі

Сынып сағаты

Тақырыбы:«Қош келдің -Наурыз!»

Мақсаты:Балаларға  мерекелік көңіл-күй  сыйлау; қуаныштарын  үлкенедермен   бөлісуге, мейірімділікке   тәрбиелеу. Қазақтың  ұлттық салт- дәстүрімен  кеңірек  таныстыру; әртүрлі ұлттық ойындар  арқылы баланың тілін  дамыту.

Зал мерекеге орай  безендірілген. Балалар  музыка   әуенімен  кіріп  келеді.

Мұғалім:  Армысыздар, халайық!

                        Бармысыздар, халайық!

                        Наурыз тойын  жұп жазбай,

                        Жылда  қарсы  алайық!

Мереке Наурыз жыл   басы,

Наурыз  тойы  құтты   болсын!

Дендеріңіз сау,   мықты  болсын!

Аман-есен болайық!

                          Баршамызға  тілегім осы, халайық,

                          Еліміздің несибесі  көп  болсын!

                          Жауын жауып, жер  бетіне  көк   толсын,

                           Даламызға бұл  жаңа  жыл   құт  болсын!-

деп, бүгінгі Наурызға   арналған  мерекелік ертеңгілігімізді бастауға  рұқсат  етіңіздер.

Құрметті   ата-аналар, ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Алыстан арып келсең   айран ұсынып, қонақ десе құрт-майын   сақтаған  абзал  аналар,   жақын  жүрсе қылығымен  сүйсінткен   апа-сіңлілер, алтыннан да   салмақты әкелер, ұстаздар,мен   оқушылар!  Сіздерді төл  мерекеміз «Наурыз  мейрамымен»   құттықтауға  рұқсат етіңіздер!

      22-наурыз  ежелден   ата-бабамыз тойлап келе жатқан молшылықтың, берекенің, байлықтың,жердің жанаруын  тойлайтын мереке. «Наурыз» парсы  тілінен аударғанда «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді.( Наурыз мейрамы, наурызкөже туралы түсінік беру)

Уа, ағайын, халайық,

Мұнда  назар  салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз  тойын  бастайық!

Ән   «Наурыз келді» 


Жүргізуші:Рахмет,жарайсыңдар, балалар!Ал енді балалар айтыңдаршы Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде бізге келіп отыр?Көктемде

Балалар:Көктемде

Жүргізуші:Дұрыс көктемде.Ал көктемді қалай сипаттауға болады?

Балалар:Күн жылынады. Жер көгере бастайды. Гүлдер өседі.

Мұғалім: Иә,табиғат құлпырып, бізді бір әдемі әлемге алып барады.

Шомылып нұрға атырап,

Ағаштар жайды жапырақ.

Далаға бірден таралды,

Гүлдерден жұпар шашырап.

Олай болса қазір көктем туралы әнімізді  шырқайық.

Көктем:   Наурыз  құтты  болсын   ағаларға,

                   Наурыз  құтты  болсын   аналарға.

                   Жыл  сайын тойланатын мәңгі бақи,

                   Наурыз  құтты  болсын   баршамызға!

 Келесі кезек оқушыларда..

Қыздар  биі 

Қазақ биі  ( ұлдар биі)


Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді. 

Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес келеді.  

Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады. Көже жеті тағамның қосындысынан тұрады: арпа, бидай, күріш, қара бидай, сүт, ет , май. Наурыз-көже – мейрамның, көктем келгендігінің белгісі.

Наурыз ерекшеліктері:

- Сіз келген күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек. Ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.

- Бұлақ көрсең көзін- аш- деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады.

- Бір тал кесең, он тал ек- дескен қариялар бұлақбасына тал егеді. Ал әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп,  “Армысың қайрымды Күн-Ана!”, - деп иіліп сәлем береді және кеудесі түкті жер- Ана, құт дарыт, жарылқа!- деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді. 

Наурыз тойы басталғанда, ауыл бойжеткендері жігіттерге арнап, соғымның етін уызға салып пісіріп, «ұйқы ашар» деп аталатын ерекше дәм дайындаған екен. 

Ал, Наурыз келгенде жігіттер көңілі ұнатқан бойжеткендерге айна, тарақ, иіссу сияқты сыйлықтар ұсынған. Бұл сыйлықтардың аты – «селтеткізер», «діреткізер» деп аталған.

Сапарға шықпайды;

Ешкіммен ренжіспейді;

Жаман, блапыт сөздер айтпайды;

Жаман қылықтар көрсетпейді.

Шаш, тырнақ алмайды.

Іс тікпейді, Кір жумайды

БҰЛ  КҮНІ:

Күн мен түн теңеледі

Ренжіскен адамдар достасады

Жақын туыстармен дәм алысады

7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды

Ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды. 

Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушыларымен өткізілген "Қош келдің - Наурыз!" тақырыбындағы

сынып сағатының мәліметі


Наурыз айының 14-ші жұлдызында 1 "Б" сынып оқушыларымен

 "Қош келдің- Наурыз!" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 

         Мақсаты:Балаларға   мерекелік көңіл-күй  сыйлау; қуаныштарын  үлкенедермен  бөлісуге, мейірімділікке  тәрбиелеу. Қазақтың  ұлттық салт- дәстүрімен  кеңірек   таныстыру; әртүрлі ұлттық ойындар   арқылы баланың тілін  дамыту.  22-наурыз   ежелден  ата-бабамыз тойлап келе жатқан молшылықтың, берекенің, байлықтың,жердің жанаруын  тойлайтын мереке. «Наурыз» парсы  тілінен аударғанда «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді.( Наурыз мейрамы, наурызкөже туралы түсінік беру.

Сабақ барысында оқушылар өздерінің дайындаған өлеңдерін айтты.Наурыз мерекесіне арналған  суреттерін көрсетті. 



Сынып жетекшісі:            Умбеталлина Г.У