Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің 2«А» сынып оқушыларымен өткізілген «Бақ берекем,құт берекем-әз Наурыз!» тақырыбындағы сынып сағатының мәліметі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің 2«А» сынып оқушыларымен өткізілген «Бақ берекем,құт берекем-әз Наурыз!» тақырыбындағы сынып сағатының мәліметі
14
март
2022

Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің 2«А» сынып оқушыларымен өткізілген «Бақ берекем,құт берекем-әз Наурыз!» тақырыбындағы сынып сағатының мәліметі

Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің

2«А» сынып оқушыларымен өткізілген

«Бақ берекем,құт берекем-әз Наурыз!» тақырыбындағы сынып сағатының мәліметі

        Сынып сағаты  14.03.2022 жылы «Бақ берекем,құт берекем-әз Наурыз!» тақырыбында өткізілді. 

Бақ берекем,құт берекем-әз Наурыз!!   тақырыбының   мақсаты оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.Ұлтжандылыққа,дәстүрлерді қастерлеуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқушылар Наурыз мейрамы қазақтың жаңа-жылы екенін ұғынды,қазақтың салт-дәстүрлерімен танысты.Сонымен қатар дәстүрлерімізді атап,ұлттық ойындарды ойнап,беікке салу рәсімін жасап,өлеңдерін айтып.билерін айтып  тарасты.Қорыта келгенде оқушылар Наурыз мерекесінің қазақ халқы үшін ауқымды мереке екенін ұғынды.

Бақ берекем, құт берекем-әз Наурыз!"

Тәрбие сағатының мақсаты:

Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
 Көрнекілік:

нақыл сөздер, суреттер, ұлттық тағамдар,

ұлттық бұйымдар,магнитофон,шарлар,гүлдер;

 -Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 
 — Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
 Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
 Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
 Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
 Қуат болып қанымызға тарайды. 
 Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
 Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
 «Аман ба» деп мал жаның? 
 Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
 — Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
 Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
 Ақ мол болсын! 
 Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 
 ІІ. Әңгімелесу 
 Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 
 — Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) 
 — Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 
 — Ал, енді кезекті өлең, тақпақтарымызға берейік.

ІІІ. Тақпақтар 

Рысгүл: Бауырласқа тәнтіміз,
 Бұзылмаған салтымыз.
 Кең даламның ежелгі,
 Қазақ деген халқымыз.
 Өзге ұлттай біздің де
 Бар дәстүр мен салтымыз.
 Диас: Жыл басы - Наурыз, мереке!
 Ақ нұрға әлем боянды
 Наурыз тойы береке
 Тіршілік жаңа оянды.
 Ұлттық ойын: Асық
 Би «Қамажай»
 Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
 Құшақтасып көріскен
 Жаңа ағытқан қозыдай
 Жамырасып өріскен.
 Сіздердің әділ істеріңіз
 Ғасырлар бойы тынбайды.
 Аңыз, дастан жырлардан,
 Жастар оқып тынбайды.
 Аружан: Жарқыраған жас нұрлы,
 Жаса, Наурыз дәстүрлі.
 Бақытыма шалқыдым,
 Ашылады нұрымыз
 Осынау байтақ елімде
 Айтылады жырымыз
 Диана: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
 Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
 Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
 Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
 Асылзат: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
 Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
 Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
 Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
 Әлихан: Наурыз, наурыз наз үнді,
 Жер жап – жасыл жаз үлгі.
 Жақсылықты жаранға
 Жайып келші, бар ізгі.
 Ару: Қош келдің Наурызым Ардақты,
 Халқым саған бар үмітін арнапты.
 Жылда осылай келе бергін жасарып,
 Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
 Ұлттық ойын: Күш сынаспақ.
 Ән « Шақырады көктем»
 Ойын «Орамал тастамақ»
 Жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
 Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
 Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,
 Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
 Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
 Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
 Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
 
 Мұғалім: Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету) . 
 ІV. Жұмбақ 
 — Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
 Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
 Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
 (дастархан) 
 Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 
 Қазақтың ұлттық тағамдары, 
 Жасымнан жақын маған бәрі. 
 Теңермес ем оларға мен, 
 Ешбір асты ғаламдағы. 
 — Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді. 


 
 V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру 
 
 Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз. 
 Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі. 
 
 VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» 
 
 Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс) 
 — Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 
 Рахмет! Отырамыз! 
 
 VII. Қорытындылау 
 Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық. 
 Рахмет! 
 Мұғалім: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, 
 Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп. 
 Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, 
 Табиғат барша жанға рахым етіп. 
 Жетпекке үлкендікке жас балалар, 
 Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. 
 Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, 
 Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. 
 Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, 
 Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.


Сынып   жетекшісі:      Р.Нурходжаева