«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқарған жұмыстар есебі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқарған жұмыстар есебі
13
июль
2023

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқарған жұмыстар есебі

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ









2022-2023 оқу жылында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқарған жұмыстар есебі












       Қ.Орымбетов атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының атқарған жұмыстар есебі. Тамыз айында тәрбие саласы бойынша 2022-2023 оқу жылында атқарылатын жұмыстардың жоспары түзіліп, мектеп директоры мөрімен бекітілді. 


Әлеуметтік санаттар

саны


Барлық оқушы саны

1495


Отбасы түрі бойынша:




отбасы саны

бала саны

1

Толық отбасы

667

1340

2

Толық емес отбасы

108

154

3

Жалғыз әкесінің тәрбиесіндегі оқушылар

9

12

4

Жалғыз анасының тәрбиесіндегі оқушылар

102

144

5

Көп балалы  отбасы/бала саны

198

675

6

Аз қамтылған отбасы/бала саны 

61

125

7

Өгей анасының тәрбиесіндегі оқушылар

-

-

8

Өгей әкесінің тәрбиесіндегі оқушылар

14

16

9

Жетім,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

1

1

10

Форма 4 отбасы

31

48

11

Мүгедек балалар

8

8

   12

Үйден оқытылатын балалар

12

12

13

Мектепшілік бақылау есебінде тұрған балалар

-

-

14

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі есепте тұрғандар

-

-

15

АСП алатын оқушылар

52

112



          1-бағыт Жаңа Қазақстандық патриотизм мен азататтық тәрбиелеу,  құқықтық тәрбие бойынша:  өткізілді.01.09.2022ж. Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны   және «Білімге құштарлық, еңбекқорлық және Отаншылдық» тақырыбында білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны  және алғашқы тәрбие сағаттары

     Салтанатты іс-шараның мақсаты:   Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды өңіл-күй,оң көзқарас қалыптастыру.

Міндеті:

  • қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;   
  • білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
  • білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; 
  • өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.  

           Уақыты:    01.09.2022 сағат  09.00

 Жүргізушілер:    1.Нурбаев Нурым

                                2.Сейтқали Гаухар

Жоспары:

1. Сапқа тұрғызу

2. Кіріспе сөз

3. ҚР гимні

4. Қонақтармен таныстыру

5. Мектеп басшысының құттықтау сөзі

6. Ән

7. 1-сынып оқушыларының тақпақтары

8. Би

9. Қоңырау соғу салтанаты

     10. Ән

11. Қорытынды сөз

      Салтанатты жиын  01.09.2022 жылы сағат  9.00 де басталды. Білім күніне арналған " Білімге  ұмтылу, еңбек сүйгіштілік және  отаншылдық» " атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз! – деп гимн ойналды. Биылғы 2022 Барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі.».  Бүгінгі мерекедегі ең басты қонақтарымыз 1 сынып оқушылары ортаға шақыруларын тағатсыздана   күтуде, бүгін олар үшін өмірдегі ең алғашқы мектептік қоңырау соғылады.  

            Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар, ата-аналар  мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді.    1 сынып оқушыларына «Әліппе» тапсырылды. Салтанатты жиынның соңы бірыңғай сынып сағатына жалғасты. 1-11сыныптарда сынып сағаттары өтіліп, білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, Отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлі талқыланды. «Сәлем, жаңа оқу жылы»,  

«Білім саған жол ашық»,  «Менің саяхатым», "Стремление к знаниям, трудолюбие и патриотизм" тақырыбында бейнероликтер жасалып,  жазғы демалыста алған әсерлерімен бөлісті.

                  2022-2023 оқу жылының басталуына орай «білімге құштарлық, еңбексүйгіштік және отаншылдық » тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтілді.

            Нәтижесінде:  Оқушылар адал еңбектенгенде ғана табысқа жетуге болатынын,білімнің мұратқа жеткізетінін және сол алған білімдері арқылы мемлекетке адал қызмет жасайтынын түсінді.

            Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне арналған «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» тақырыбындағы онкүндіктің жабылу салтанатына орай Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл толу мерейтойы қарсаңында қорытынды мерекелік іс-шарасы болып өтті. Қазақтың рухани көсемі атанған, ағартушы ұлт ұстазы, рефарматоры А.Байтұрсынұлының  «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» , сынып сағаттары өтті. 

          Жоспар бойынша «Менің жарқын жазғы оқиғаларым», «Менің саяхатым», « тақырыбында оқушылар жазғы демалысын өткізген туралы видеороликтер түсірілді.  

  1. Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру,мектеп формасын сақтау туралы

Тыңдалды:

1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2022-2023 жаңа оқу жылында ұлдар ұйымының төрайымын сайлау керектігі жөнінде айтып оған мектептен лайықты оқушыны таңдау керектігін айтып өтті.

2, Ұйымның іс –шаралар жоспарын талқылатып, бір жылдық жоспар туралы айтылып өтілді. Іс –шаралардың  жоғарғы деңгейде өтуін төрағасы мен жауапты мұғалімдер қадағалау керектігі айтылды.

3. Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Мектеп формасын сақтау туралы түсінік берілді. 5 сыныпқа жаңадан қабылданған ұлдарға мектеп тәртібі туралы айтылды.

Шешімі: 

  1. Мектептің ұлдар ұйымының төрайымы болып Н.Серіков тағайындалсын.
  2. Ұлдар жиналысының бір жылдық жоспары құрылып бекітілсін
  3. Мектеп ұлдарының  сабақтан қалмауын, тәртібін, ұлдардың  жүріс – тұрысын, жеке бас гигиенасын қадағалауы ұлдар  ұйымының төрағасы  Н. Серіковқа    жүктелсін.



2-бағыт.  Рухани – адамгершілік тәрбие бойынша: Мектебімізде «Мектепке жол» акциясы болып өтті. Акцияға жиналған ақшаны аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілді.

               2022-2023 оқу жылының  тамыз – қыркүйек айы аралығында  «Мектепке   жол» акциясы  бойынша  демеушілер   тарапынан оқушыларға  көмек жасалды.  Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында жетім, жалғыз әке тәрбиесіндегі, жалғыз ана тәрбиесіндегі,   аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. 

               Әлеуметтік  жағынан   қорғалмаған  отбасы  балаларына қолдау  көрсету мақсатында  дәстүрге   айналған  «Мектепке  жол»   республикалық  акциясы  өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

              Қ.Орымбетов атындағы орта  мектеп әкімшілігі  демеушілерге   көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдірді. «Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асырылып отырған шара мақсаты –   жалғыз әке тәрбиесіндегі, көп балалы,   жалғыз ана тәрбиесіндегі, жетім және   аз қамтылған  отбасынан шыққан оқушыларға мүмкіндігінше көмек көрсету.
              Айлық негізінде мектепішілік бұйрық шығарылып, жалғыз әке тәрбиесіндегі, жалғыз ана тәрбиесіндегі, аз қамтылған, көп балалы және жетім (немесе қамқоршысынан айырылған) балалар анықталды. Бұл балаларға жаппай оқу қорынан көмек көрсетіліп, арнайы санатқа жататын оқушылар үшін бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтану қамтамасыз етілді.

               Мектебімізде  стенд   жасалды, акцияның жұмысын көрсетеді. Стендіде «Мектепке жол» акциясын жүргізуде ата‑аналардың жәрдемдесуіне өтініш үндеуі орналасқан. 

              Тамыз – қыркүйек  айлары   бойынша 19  оқушыға демеушілер тарапынан  279  600 теңгеге оқу құралдарымен киімдері қамтамасыз етілді.   Атап айтсақ  Демеушілер: Иманбаев Тұрғынбек аға  20 000 теңге қаржылай,  Лазгиев Ислам 15  000 теңге   көлемінде екі оқушыға мектеп сөмкесімен мектеп құралдарын, Лимтонов Талғат Муканович 5000 теңге қаржылай, 2007 жылдың мектеп түлектері  Шильдебаева Нургүл  бастаған   22 000  теңге қаржылай , ИП «Муслимова»  Баян Муслимова  1 оқушыға мектеп  сөмкесі,оқу құралдарымен 10 000 теңге көлемінде, сонымен қатар мектебіміздің ата-аналары тарапынан қолдау көрсетіліп оқушыларға  көмек  көрсетілді.

            «Мектепке жол» айлығының   жұмысы  қанағаттанарлық  деп танылды. Жоғарыда көмек көрсетілген тұлғаларға мектеп ұжымы атынан ризашылығымызды білдіреміз.       Сыйлықтарды  тарту   барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп кеңес айтылды.

«Қартым қазынам!» 01.10.2022ж. «Қарттарым – асыл қазынам» атты қарттар мерекесіне орай ардагер мұғалімдермен кездесу болып өтті.

              Қаракемер  ауылының   Құдайберген  Орымбетов атындағы орта мектебінде «Ұстазым менің ұстазым!» тақырыбында ардагер ұстаздарға арналған мерекелік кездесу өткізілді. 

Жалпы іс – шараның мақсаты:  Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. ұстаздарымыздың мәртебесін көтеріп, сый – құрмет көрсету.

           Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек деп   ардагер ұстаздарды  оқушылар құттықтады. 

             Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам.  Ұстаз  болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты.  Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда  ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал  мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды.

             Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.

                 Ұстазымды мәңгі өлмейтін үлгі дер ем,

                  Өйткені  орны бөлек өзгелерден.

                  Ұстазым еш жалықпай білім беріп

                 Көңілге нұр, өмірлік азық  берген.-   деп  ұстаздарға   жүректен  жарып  шыққан   жыр  жолдарды  арнаймыз.

«25 қазан – Республика күніне» арналған «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» сынып сағаттары,  «Қыран елім – Қазақстаным!»  тақырыбында   

іс-шара  1-11  сыныптар арасында өткізілді. 


Мақсаты:- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
                       - Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.

                 Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
 1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. 

                 Мектебімізде  5-11 сыныптар арасында «Кең байтақ елім – Қазақстаным!» , «Туған жер – алтын бесік», «Менің туған өлкем»,  «Менің елім   Қазақстан», «Менің елімнің болашағы»   тақырыбында сынып сағаттары өтті.                    Сынып сағаттарында  оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтары, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихы туралы түсініктер берілді.   Метебімізде бірінші, екінші   ауысымдарда   5-11 сыныптарда  «Қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында  ашық жиын өтті.

            Қазақстан республикасының гимнмен басталып, тарих пәнінің  мұғалімдері  К.Немасипова   мен  О.Мухтарова  Қазақстан республиканың  тарихы туралы   доклад оқыды.  

Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,

Есіміңді естігенде қуанам
                                                      Қазақстан – қиял жетпес биік тау,
                                                     Қазақсатн – жазғы күнгі гүл алаң.


               9 «ә» сынып оқушысы  Қуатбекқызы  Жанасая   «Тәуелсіз қазақтың  қызымын»   мен  7 «ә» сынып оқушысы  Жолшы  Дарын   «Мен қазақпым» әндерін шырқады.
 Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
 Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
 Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік! – деп Қазақстан республика күніне арналған іс-шарамыз аяқталды.


3-бағыт. Ұлттық тәрбие бойынша:

25-қазан Республика күнін мерекелеу аясында мектебімізде 19 - қазан күні 5-11 сынып оқушыларына жаппай диктант жазу конкурсы өткізілді. «Менің арманымдағы   Қазақстан»  тақырыбында  өтті.  Диктант мәтіні сынып ерекшеліктеріне байланысты берілді. Мәтін мазмұны оқушылардың Отанға деген құрметі мен сезімін арттыруға, туған тілін, елін құрметтеуге үйретуге бағытталған. Диктант жазу барысында атамекеніміз Қазақстан туралы мағыналы, терең ұғымдар,  туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін, Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегі туралы жазды.

Мектебімізде «Ай-ару»  5-8  сыныптар арасында, «Әдемі» 9-11  сыныптар арасында қыздар ұйымы  жұмыс жасайды. Айына бір рет жиналыстар мен кездесулер болады.