Наурыз айында «Қыз сыны -2023», «Қыз - ұлт болашағы» тақырыбында 5 – 10 сыныптар арасында өткен байқаудың мәліметі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз айында «Қыз сыны -2023», «Қыз - ұлт болашағы» тақырыбында 5 – 10 сыныптар арасында өткен байқаудың мәліметі
13
июль
2023

Наурыз айында «Қыз сыны -2023», «Қыз - ұлт болашағы» тақырыбында 5 – 10 сыныптар арасында өткен байқаудың мәліметі

Наурыз айында  «Қыз сыны -2023»,  «Қыз  - ұлт болашағы» тақырыбында  

5 – 10 сыныптар   арасында өткен байқаудың мәліметі.


            Мақсаты:  Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.  Балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.  Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Мектебімізде 5-10   сынып қыздары арасында «Қыз сыны» байқауы «Қыз – ұлт болашағы» тақырыбында өтті. Байқауға 5-10  сыныптар арасында    бойжеткен аруларымыз  қатысып, өзара өнерлері мен білімдерін ортаға салды. 

                 Байқаудың басты мақсаттарының бірі – жас ұрпақ қыз балалардың бойына қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сіңіру.

               Сайыс бес кезеңнен  тұрды: : 1 кезең: «Мен қазақтың қызымын» – сайыстың алғашқы кезеңінде арулар өз-өздерін таныстыруы, 2 кезең:  «Білім мен дәстүр» кезеңінде арулар салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруге, 3 кезең: "Зияткерлік бөлімі" «Ойлай білген оя да біледі» – арулар ою-өрнек өнерін көрсетеді, шығу тарихын таныстырады, 4 кезең: «Қонақ күте білеміз бе?» тағам дайындау, 5 кезең:Шығармашылық сайыс. сән үлгісін көрсету.


Сайысқа түскен қыздар арасында Бас жүлдеге 5 «г» сынып оқушысы Орынбаева Ханшайым  ие болды,  1 орын  5 «д» сынып оқушысы Карамаддин Ақмөлдір,   2 орын  5 «ә» сынып оқушысы Құрманхан Інжу мен 5 «б» сынып оқушысы Таңжарық Құралай,  3 орын 5 «а» сынып оқушысы Бауыржанқызы Анеля, 5 «в» сынып оқушысы Әсетқызы Сезім мен 5 «е» сынып оқушысы Әділбек Алима ие болды және 5 «е» сынып оқушылары Идрисова Тасмина «Инабатты ару»  мен Орынтай Балнур «Бұрымды»  ару номинациялар бойынша  марапатталды.Бас жүлдеге  6 «г» сынып оқушысы Муратбай Нурдана ие болды,  1 орын  6 «ә» сынып оқушысы Қаржау Фатима мен 6 «а» сынып оқушысы Эркинбай Жансая,   2 орын  7   «б» сынып оқушысы Қайратқызы   Назира мен 6 «в» сынып оқушысы Рахат Қымбат,  3 орын  7 «д» сынып оқушысы Мухаметжанова Алина,  6 «б» сынып оқушысы Нажмадин Аяла мен 6 «д» сынып оқушысы Лазгиева Наиля  марапатталды

                Сайысқа түскен қыздар арасында.  Бас жүлдеге 8  «в» сынып оқушысы Нұржанқызы Маржан  ие болды,  1 орын  10 «а» сынып оқушысы Тұрмаханова Нұрдана мен 9 «а» сынып оқушысы  Имангелді Аяулым,   2 орын  9  «д» сынып оқушысы Асратова  Эсмина, 9 «ә» сынып оқушысы Әдешбай Аяулым мен 9 «г» сынып оқушысы Эшмұхан  Аяулым,  3 орын   8 «д» сынып оқушысы Османова  Севиль  және  8 «г» сынып оқушысы  Иванова  Жадыра   «Инабатты ару»  мен Азизова  Назира   «Көрікті»  ару номинациялар бойынша  марапатталды.

              Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен,естелік сыйлықтарымен марапатталды.   Байқау барысында ару қыздар сымбаттылығын, сыпайлығын,  біліктілігін және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді. Бойжеткен арулар қыз сынынан сүрінбей өтіп, дипломдар мен  сыйлықтармен марапатталды.

«Жомарт» ұлдар ұйымы   5 - 11сыныптар ұлдарымен жиналыс және кездесулер өткізіліп тұрылады.