«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылы ақпан айында « Әдеп – ең қымбат мирас» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің мәліметі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылы ақпан айында « Әдеп – ең қымбат мирас» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің мәліметі
22
февраль
2022

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылы ақпан айында « Әдеп – ең қымбат мирас» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің мәліметі

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

2021-2022  оқу жылы ақпан айында « Әдеп – ең қымбат мирас»  тақырыбында

 өткен дөңгелек   үстелдің мәліметі


Мақсаты: Оқушыларды сыпайы сөйлеуге, адамдармен әдепті қарым-қатынас жасай білуге, инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттерінің негізгі арқауы екендігін үйрету;

–   Оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау қабілеттерін дамыту;

–   Ұлттық салт-дәстүр, ырыммен таныстыру, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, жолдастық сыйласымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;

              Мектепбімізде  мектеп психологтары, тәлімгермен, өзін- өзі тану мұғалімімен «Әдеп – ең қымбат мирас»  тақырыбында   дөңгелек үстел   5-7 сынып оқушылар арасында өтті. Оқушы  болғаннан кейін мектеп ережелерін яғни өзін-өзі қалай ұстау керек екенін, үлкенді сыйлап, кішіге көмек беру керек екендігін білулерің қажет. Ендеше бүгінгі дөңгелек  үстелімізде  осы әдет, әдеп жөнінде айтамыз.
        - үлкен адамдар жақсы тілектерін айтып жатады. Мысалы “бақытты бол”, “көп жаса”, “өркенің өссін” т.б.
       - сәлемдесу де әдіптіліктің белгісі, үлкен адамға сәлем беру, кіші адамның міндеті. 
       -қазақта “Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді” деген әдеп бар. 
       -әдепті болу тек сәлемдесу емес, ата-ана, ұстаз, бір-біріңді, бауырыңды сыйлау, ретсіз сөйлемеу, күлмеу, дастархан басында әдепті отыру, дұрыс киіну, жүру-тұру да әдіптілікті талап етеді.

            Оқушыларды   “Тәртіптілер”,“Алғырлар”“Ұқыптылар” деп 3 топқа бөлініп, тапсырмалар берілді.