7 наурыз күні «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» тақырыбында өткен іс-шара өтті. » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 наурыз күні «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» тақырыбында өткен іс-шара өтті.
13
июль
2023

7 наурыз күні «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» тақырыбында өткен іс-шара өтті.

7 наурыз күні «Бәрі де, ана, бір өзіңнен  басталады» тақырыбында  өткен іс-шара өтті.


            Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

           Безендірілуі: гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, интерактивті тақта.(Сахна сыртынан «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» әні етіліп тұрады. Музыка бәсеңдеп, ортаға жүргізушілер шығады.

             Әр көктемнің шырайына шырай беретін, барлық жерлер түрленетін, бір ғажайып күйге енетін, аналарымыз мейірлене, әжелеріміз күлім қағып, қыздарымыз, аруларымыз сұлуланып көктемнің бүкіл дүниежүзі бойынша тойланатын көктемнің ең алғашқы ауқымды мерекесі ол әрине — 8 наурыз, «Халықаралық әйелдер» күні. Тіпті қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналар, әжелер, кішкентай қыздар, бүлдіршіндер барлығы да дерлік бір-бірлерін, жақындарын осы атаулы мерекемен құттықтап, сыйлықтарын ұсынып жатады.

            Мектебімізде «Бәрі де, ана, бір өзіңнен  басталады» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.        

Ана деген жан екен,
 
Ана деген ән екен.
 
                                 Ұстаз - ана, әжелер,
                                 Үстем болсын мерейің,- деп концерт басталды.
  Концертке   мектептің  ұлдары  қатысып, ән, би, хор, момнолог, тақпақтар қойылды.

                 Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!


  

            Қорыта келе:  Осымен бүгінгі «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!