22 Наурыз мерекесіне өткізілген «Қош келдің әз наурыз» атты мерекелік іс –шара өтті. » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 22 Наурыз мерекесіне өткізілген «Қош келдің әз наурыз» атты мерекелік іс –шара өтті.
22
март
2022

22 Наурыз мерекесіне өткізілген «Қош келдің әз наурыз» атты мерекелік іс –шара өтті.

22 Наурыз   мерекесіне  өткізілген  «Қош келдің әз наурыз» атты  мерекелік іс –шара өтті. 

         Мақсаты: Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік, т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.

22 наурызда күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Қар ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселіп, Қаракемер ауылында үлкен іс – шара өткізілді.

            Наурыз мейрамын ауыл әкімі Ахметов Дархан  Бекетұлы наурыз мейрамдарымен құттықтады.


Қаракемер ауылының ақсақалы бата беріп, апаларымыз тілек айтты. 

Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. 7 санға байланысты  әдет-ғұрыптар бар. Наурыз мерекесін тойлау кезінде, ақсақалға наурыз көжеге толы жеті кесе ұсынылады. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне 7 қонақты шақырып, өзі де 7 үйге жолығады.


Міне дәстүрді ұстана отырып наурыз мерекесінде аталып өтілді. Әр сыныпта                          "Қош келдің , Әз Наурыз!", "Наурыз жыл басы" т.с.с. тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді. 




Тәрбие сағаттарында ұлттық ойындар насихатталып , наурыз көже ішуден жарыс өткізді. Наурыз мейрамымен оқушылардың да көптен күткен көктемгі демалысы келіп жетті. Осылайша ІІІ тоқсанды аяқтадық.