«Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен 1 – Наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты атқарылған жұмыстар » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен 1 – Наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты атқарылған жұмыстар
01
март
2022

«Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен 1 – Наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты атқарылған жұмыстар

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен

 1 – Наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты атқарылған жұмыстардың қортынды


Анықтама


              Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымының (АҚХҰ) тоғызыншы               Бас Ассамблеясының шешімі бойынша жыл сайын әлем елдері бойынша             1- наурыз Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні болып саналады. Осыған орай «Қ.Орымбетов атындағы орта мектепте Азаматтық қорғаныс күнін өткізу іс - шаралар» жоспарына сәйкес 01.03.2022 жылы, 10.35 те дабыл соғылып  жер сілкінісі, өрт қауіпсіздігі, су тасқыны және тағы басқа табиғи техногендік аппаттардың алдын алу мақсатында  сейсможаттығу болып өтті. Жаттығуға мектеп оқушылары мен мұғалімдер толығымен қатысты. Дабыл қағылған сәтте оқушылардың қауіпсіздігі толыққанды қамтамасыз етіліп, әр топ командирлерінің басқаруымен қауіпті ғимараттағы адамдар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Ешқандай дене жарақаттары мен зақымдалулар орын алған жоқ. Мұғалімдер оқушыларды тізім бойынша түгелдеп, Азаматтық қорғаныс Штабының бастығының орынбасарына баяндалды.Мектептің алғашқы  әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Балтешов  және әр топ командирлері  жұмыстарын өз деңгейінде атқарды.

Мектебіміздің Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі мектеп оқушыларына «Апатты жағдайлар және олардан сақтану жолдары» тақырыбында 1 – 11 сынып оқушыларының арасында мектеп залында түсіндірме сабақ  өткізілді, сабақтың барысында төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстырылды, сондайақ  су тасқыны, селжер сілкіну, дауыл, құйын жайлы оқушылар қысқаша мәлімет беріп өтті.

«Алғашқы медициналық көмек», «Өрт сөндірудің алғашқы құралдары  және олардың қолдану қағидалары»,  «Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету» бейнероликтері көрсетілді.

Сурет көрмесі көрсетілді, сомен қатар мектеп оқушылары азаматтық қорғаныс жайлы эссе,шығарма жазды.



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:              А.Баймахан


Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі :                  Б.Балтешов  



Мұғалімдер оқушыларды тізім бойынша түгелдеп, Азаматтық қорғаныс Штабының бастығына баяндау сәті.





Сейсможаттығу 

Азаматтық қорғаныс туралы, өрт қауіпсіздігі, су тасқыны туралы бейне ролик көру сәті