«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылындағы «Мектеп формасы» ережесі туралы 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген жиналыс туралы мәлімет » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылындағы «Мектеп формасы» ережесі туралы 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген жиналыс туралы мәлімет
08
октябрь
2021

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылындағы «Мектеп формасы» ережесі туралы 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген жиналыс туралы мәлімет

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ

2021-2022 оқу жылындағы «Мектеп формасы» ережесі туралы                               5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген жиналыс туралы мәлімет


Мектеп формасының өскелең ұрпақтың жүріс-тұрысына, денсаулығына, жалпы дамуына тигізетін оң ықпалы зор болғандықтан, мектеп формасын киюге ғана емес, сол мектеп формасының өзіне де тиісті талаптар көзделген. Мұндай талап жас ұрпақтың мүддесі тұрғысынан әбден зерделеніп, елеп-екшеп барып қойылып отыр. Сол себепті мектебімізде «Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» тақырыбында  5-11 сынып   оқушылар арасында жиналысы өтті. Форма бұл бір жағынан оқушының мектеп өміріндегі ең қызықты кезеңі дер едік. Ал қазір де бірыңғай мектеп формасын қажет деп есептейміз.

                 ҚР Білім және Ғылым министрлігі шығарған мектеп формасының үлгісін қоғамдық кеңестер, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі бірлесе қарап, өз ұсыныстарын айтуға болатындығы көрсетілген. Сондықтан да мектептің барлығында бір үлгідегі мектеп формасы болса деген ұсыныс білдіреміз.  

Мектеп оқушыларына   «міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы ереже таныстырылды.  Ұсынылған мектеп формасының үлгісі көрсетіліп, діни сипаттағы тыйым салынған киімдер тұтынуға болмайтындығы туралы айтылды. Оқушылар тарапынан қарсы пікір болған жоқ. Осыған дейінде мемлекет ұсынған мектеп формасы сақталып келді, жаңа оқу жылында да оқу жылының ерекшелігіне қарамастан, оқушылар классикалық формамен келуге келісті.

                                         ДТЖО                А.Баймахан

               Педагог  ұйымдастырушы                А.Рысдаулетова