«Ұл балалардың жеке бас гигиенасын сақтау жолдары» тақырыбында ұлдарға медбикемен кеңес өткізілді. » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұл балалардың жеке бас гигиенасын сақтау жолдары» тақырыбында ұлдарға медбикемен кеңес өткізілді.
13
июль
2023

«Ұл балалардың жеке бас гигиенасын сақтау жолдары» тақырыбында ұлдарға медбикемен кеңес өткізілді.

«Ұл балалардың   жеке бас гигиенасын сақтау жолдары»   тақырыбында  ұлдарға медбикемен   кеңес өткізілді.


             Мақсаты:  Оқушыларға  адам   денсаулығының  қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,  басты  байлық екенін ұғындыру. Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

             Мектебімізде медбике Р.Саманбетова сөз бастады кейбіреулерге ер адамның гигиенасы дегеннің ешбір мәні жоқ сияқты көрінеді. Тіпті, көзі ашық деген адамдардың өздері кейде ер адамдар сақтауға міндетті қарапайым гигиеналық ережелерден бейхабар екендігін дәрігерлік тәжірибелерден көруге болады.   Ұлдардың бәріне қозғалу, дене еңбегімен айналысу керек. Су процедуралары – душ, сумен құйыну, ысқылану ағзаны шынықтырып, сергітеді, терінің гигиеналық жақсы күйін сақтауға көмектеседі. Міндетті түрде күн сайын аяқты жуып, шұлық ауыстырып тұру қажет. Дымқыл тері эпидермофитонның – тері мен тырнақтың грибокты ауруының қоздырғыштары өніп-өсуіне қолайлы орта болып табылады. Бұл көбінесе артық тершеңдікке бейім және гигиена ережелерін сақтамайтын адамдардан дамиды.

            Күнде кешке  душ қабылдауды естен шығармаңыздар. Бұл теріні тазартып қана қоймайды, сонымен бірге тердің иісін, шаршағандықты қолмен сылағандай жояды. 

           Ұлдардың  киіміне деген гигиеналық талаптар онша  күрделі емес. Естеріңізге сала кетелік: синтетикалық маталардан тігілген көйлектерді күн сайын, тіпті болмағанда күнара жуған дұрыс.

            Әдетте 16 – 17 жастағы бозбаланың беттерінде, үстіңгі ерні мен иегінде селдір және жұмсақ түк шыға бастайды. Егер бұларды жүйелі түрде қыратын болса, мұның өзі сақал-мұрттың өсуін тездетіп, түктің қатқылдануына ықпалын тигізеді. Шамамен 19 – 20 жастан қырынған жөн.Қорытынды: Гигиена, денсаулық, сұлулық – сабақтас түсініктер. Ұлдар үшін осы айтылған ұғымдардың мәні тазалықтың, салауаттылықтың, жинақтылықтың тығыз ұштасуында. Ал сыртқы сипаттармен әрқашан ішкі ұстамдылық, күштілік, батылдық қатар жүреді деп медбике кеңесін айтып аяқтап, С.Исматов сол себептен ұлдар жеке бас гигиенасын күнделікті ұстанған жөн  деп  сөзін аяқтап, оқушылар тарасты.