Ұл балалалармен жиналыс өткізілді. » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұл балалалармен жиналыс өткізілді.
13
июль
2023

Ұл балалалармен жиналыс өткізілді.

Ұл балалалармен жиналыс өткізілді.                                                                          

Күн тәртібінде:

  1. 2022-2023 оқу жылына мектеп ұлдар ұйымының төрайымын сайлау.
  2. Ұйымның іс –шаралар жоспарын талқылау
  3. Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру,мектеп формасын сақтау туралы

Тыңдалды:

1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2022 - 2023 жаңа оқу жылында ұлдар ұйымының төрайымын сайлау керектігі жөнінде айтып оған мектептен лайықты оқушыны таңдау керектігін айтып өтті.

2, Ұйымның іс –шаралар жоспарын талқылатып, бір жылдық жоспар туралы айтылып өтілді. Іс –шаралардың  жоғарғы деңгейде өтуін төрағасы мен жауапты мұғалімдер қадағалау керектігі айтылды.

3. Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Мектеп формасын сақтау туралы түсінік берілді. 5 сыныпқа жаңадан қабылданған ұлдарға мектеп тәртібі туралы айтылды.

Шешімі: 

  1. Мектептің ұлдар ұйымының төрайымы болып Н.Серіков тағайындалсын.
  2. Ұлдар жиналысының бір жылдық жоспары құрылып бекітілсін
  3. Мектеп ұлдарының  сабақтан қалмауын, тәртібін, ұлдардың  жүріс – тұрысын, жеке бас гигиенасын қадағалауы ұлдар  ұйымының төрағасы  Н. Серіковқа    жүктелсін.

    Мектебімізде күнделікті таңғы жаттығулардан көрініс. 

             Оқушыларымыз мектепшілік, мәдениет үйіндегі  спорттық үйірмелерге қатысады. Оқушыларымыз  мектепшілік, аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алды. 

    Жер ананы жасыл етіп сақтайық  сынып сағатты өтті. 

    .

    Мақсаты: оқушыларға   табиғаттың  адам  өміріндегі зор  маңыздылығын   насихаттай  отырып ,  оны   аялауға,  сақтап  қорғауға   өз  үлестерін  қосуға   жұмылдыру;  мейірбандыққа  баулу,   экологиялық  білімдерін  молайту:

    Көрнекіліктер: мақал – мәтелдер,  фотомонтаж,   экологиялық  ахуал  туралы   соңғы  жаңа  деректер.

     Ұйымдастыру

    Миға шабуыл   «Сен  табиғатты  қалай   түсінесің?»

    Әр  оқушының  жеке   пікірі  тыңдалады.

             

             Халқымыздың   қажырлы  да  қайсар,   батыл  да  батыр  ұлдарының   бірі  батыр  атамыз Бауыржан Момышұлы:  «Сұлулық   дегеннің  тамыры  табиғаттану   дегенде жатыр». Мысалы,  гүлді  алайық.   Сол  гүлдерге  сұлу  
  4. емессің  деп  айта   алмаймыз.  Ол табиғаттың  сұлулығы. Аңдардың ішінде  де   сұлулары  аз  емес. Құстардың  ішінде де   қаншама сұлулар  бар? Сол  себепті де   қарағым,  сұлулық  деген   нәрсенің   өзі   табиғаттың   көркі...Осы  күнде  ғалымбыз   деп  жүрміз,  бірақ   табиғатқа  қарсылық  ету-күнә   деп  табиғат  сұлулығын   сезіне  білу және  оны   аялау  қажеттігін  ескерткен.

             Мұғалім сөзі: Қазіргі  таңда  бүкіл   адамзат  баласын  экология мәселесі ойландырып  отыр. (Арал – Балқаш, Семей  полигоны   және т.б.  өзекті  экопроблемалар  туралы   оқушылар  өз ойларын  ортаға   салады,  медицина  материалдарын   шолу – әр  түрлі (омырау, бауыр,  бүйрек)  аурулары, суицидү  дүниеге   келген  ұсқынсыз  сәбилер   туралы  материалдар  оқылып,   әңгімеленеді.


    1-оқушы:

             Арғы  күннен   арманын  тосқан әлі,

             Арал – Балқаш – қазақтың  қос  жанары.

             Бірі   кетсе...орындай  аққан   көздің,

             Үңірейіп  біреуі   бос  қалды.

    2-оқушы:

             Халық  даналығында   халқымыздың  табиғатқа  деген   жанашырлық  қасиетін  аңғартатын   аңыз-әңгімелер  де  көптеп   кездеседі.  Соның бірі  асқан   ақыл  иесі  Төле би   атамызға  байланысты  айтылады. (Аңыз әңгімеленеді)

    3-оқушы:

             Бұл  аңыз   жайында көрнекті  ақын Сырбай  Мәуленов   «Қарлығаш би» деген  жыр  жолдарын   арнаған:

             Жалбарынар  жайым жоқ   жау  алдында

             Балапандар  қанша бар   қарауымда

             Сол  жетімдер   ұшуға  жарағанша

             Сыртқа шықпай  тұрамын  қарауылда

             Қарылғаш би  атандым  сол   үшін де

             Батыр болсаң  жайратып  жүре   бер  сен

             Жалғыз  шалды   кездескен  жол  үстінде.

             Бұл аңызда әрбір  азаматқа  өнеге   боларлық ұлағатты  тағылым  мен   өрелі  тәрбие  бар   екені  айқын  кқрініп   тұр.

    4-оқушы:

             Баланың  жас  кезінен  жүрегіне   ұялаған  осындай  аяушылық, мейірімділік  сезімдер   оның  тұла  бойында   өмір  бойы  сақталуы тиіс.

             Ұя  бұзба,   жұмыртқаға  тиме! – деп,

             Ұрысушы еді  менің  анам   күйгелек.

             «Жас  шыбықты   сындырма», -  деп  ұрысатын,

             Шыққанымда  «тұлпарымды»   жетектеп.

             «Ұя бұзба! Бұзба!» - деймін  балама,

             Өсиетің  қандай   ғажап,  жан  ана!

             Тал – теректі  тамырымен  қиятын,

             Тас  жүректер   әлі  деп  арада.

             -Бұзба!-дейді  аспан   түгел,  жер  түгел!

             Сол   өтініш   анамды  еске  келтірер

             Анам  болып Ұлы   Отаным  сөйлейді

             Бұзылмасын дүниеге,   жер  түгел!

             Табиғат  туралы   мақала – мәтелдермен  жұмыс  жүргізіледі.

    5-оқушы:

             Қорқыт атамыздың  артында  қалған өсиет   сөздеріне  «қара  тауларың   құламасын,  саялы  ағаш   сынбасын,  қанаттарың   қырқылмасын»   деген   ұғымдарын  айналадағы   аялай  біл  деген   аталы  сөздер.

    6-оқушы:

             Қашаған  ақын   орманың  адам  үшін   маңызына  ерекше  тоқталған:

                       Жаның  сая   табатын,

                       Орман  болған   бүл  ағаш.

                       Қорыққанда жалғызға,

                       Қорған  болған   бұл  ағаш.

                       Нәсіп  болған   бұл  ағаш.

                       Бесік  болған   бұл ағаш.

                       Найзасына  батырдың,

                       Сап та  болған  бұл   ағаш.

                       Қаріппенен  қасірге,

                       Қуат  болған   бұл  ағаш.

    7-оқушы:

             ХІХ  ғасырдың алғашқы  жартысында   өмір  сүрген,  өз   заманының білімді  әрі  шешен   азаматы Сегіз  Сері Шақшақұлының   мұраларында  табиғаттың   көркі,  оның  орны   бір-бірімен  тікелей байланысты  сөз  болады: «сулы – нулы  болмаса,   көлдің  көркі  болама?   Қаз – үйрегі болмаса,  көлдің  көркі   болар  ма? Дуадағы  болмаса,   шөлдің  көркі  болар   ма?  Орман  тауы   болмаса,  жердің  көркі   болар  ма?  Көк   шалғында  болмаса,  өлкенің   көркі  болар ма? Жайқалмаса  жапырақ,   талдың  көркі  болар ма?   Жайлымы  болмаса,  малдың   көркі  болар ма?»

    Қорытынды. Халқымыздың  мақтанышы болған  ақын Мағжан Жұмабаев  жырларында   да туған  жерге  деген   ыстық  сезім  мен зор   сүйіспеншілік  айрықша  айтылған:

                       Жаратылдым  топырағыңнан   сен – түбім,

                     Жалғаны   жоқ ,  бәрі  сенен   жан-тәнім

                     Сенен   басқа  жерде  маған   қараңғы,

                     Жарық   болар  Шолпан,  Айым,   сен –күнім

                     Тәтті   суың  ауызымнан  еш кетпес,

                     Қалың   нуың,  қар суына  жер   жетпес,

                     Кең   далаңда  ойын  ойнап   қалсамшы

                     Жазу   болып  адамзатқа  ер   жетпес. 


               Тәрбие сағатын аяқтап, 7 «ә» сынып оқушылары   шие бағының  көшетерін мектеп ауласына отырғызды.  



    Қараша айында   «Ұл балалардың  жеке бас гигиенасын сақтау жолдары»  тақырыбында  медбикемен өткен  кеңестің мәліметі. 


                 Мақсаты:  Оқушыларға  адам   денсаулығының  қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,  басты  байлық екенін ұғындыру. Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.  Мектебімізде медбике Р.Саманбетова сөз бастады кейбіреулерге ер адамның гигиенасы дегеннің ешбір мәні жоқ сияқты көрінеді. Тіпті, көзі ашық деген адамдардың өздері кейде ер адамдар сақтауға міндетті қарапайым гигиеналық ережелерден бейхабар екендігін дәрігерлік тәжірибелерден көруге болады.  Ұлдардың бәріне қозғалу, дене еңбегімен айналысу керек. Су процедуралары – душ, сумен құйыну, ысқылану ағзаны шынықтырып, сергітеді, терінің гигиеналық жақсы күйін сақтауға көмектеседі. Міндетті түрде күн сайын аяқты жуып, шұлық ауыстырып тұру қажет. Дымқыл тері эпидермофитонның – тері мен тырнақтың грибокты ауруының қоздырғыштары өніп-өсуіне қолайлы орта болып табылады. Бұл көбінесе артық тершеңдікке бейім және гигиена ережелерін сақтамайтын адамдардан дамиды.

                Күнде кешке  душ қабылдауды естен шығармаңыздар. Бұл теріні тазартып қана қоймайды, сонымен бірге тердің иісін, шаршағандықты қолмен сылағандай жояды. 

     

               Ұлдардың  киіміне деген гигиеналық талаптар онша  күрделі емес. Естеріңізге сала кетелік: синтетикалық маталардан тігілген көйлектерді күн сайын, тіпті болмағанда күнара жуған дұрыс.

                Әдетте 16 – 17 жастағы бозбаланың беттерінде, үстіңгі ерні мен иегінде селдір және жұмсақ түк шыға бастайды. Егер бұларды жүйелі түрде қыратын болса, мұның өзі сақал-мұрттың өсуін тездетіп, түктің қатқылдануына ықпалын тигізеді. Шамамен 19 – 20 жастан қырынған жөн.Қорытынды: Гигиена, денсаулық, сұлулық – сабақтас түсініктер. Ұлдар үшін осы айтылған ұғымдардың мәні тазалықтың, салауаттылықтың, жинақтылықтың тығыз ұштасуында. Ал сыртқы сипаттармен әрқашан ішкі ұстамдылық, күштілік, батылдық қатар жүреді деп медбике кеңесін айтып аяқтап, С.Исматов сол себептен ұлдар жеке бас гигиенасын күнделікті ұстанған жөн  деп  сөзін аяқтап, оқушылар тарасты.