«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021 – 2022 оқу жылында 2 – 4 сыныптар бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың есебі. Қыркүйек – қазан айлары » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021 – 2022 оқу жылында 2 – 4 сыныптар бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың есебі. Қыркүйек – қазан айлары
15
сентябрь
2021

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021 – 2022 оқу жылында 2 – 4 сыныптар бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың есебі. Қыркүйек – қазан айлары

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ 2021 – 2022 оқу жылында

2 – 4 сыныптар бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың есебі. Қыркүйек – қазан айлары

   Мақсаты: Оқушыларды балаларға арналған шығармалармен, шығарма авторларымен таныстыру. Әр шығарма желісі бойынша жұмыстар ұйымдастыру.


Міндеті: 

  • Шығарма оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
  • Ой өрісін дамыту
  • Шығарма желісі бойынша сұрақтар құрастыру, тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру


 2 – сыныптар бойынша атқарылған жұмыс: 

«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында мектеп директорымен бекітілген  жоспар құрылды. Осы жоспар негізінде төмендегідей жұмыстар атқарылды.

 1-тоқсан қыркүйек айының бірінші аптасында Ыбырай Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесін оқыдық. Ыбырай Алтынсаринның өмірбаянымен, еңбек жолымен  танысты.Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Екінші аптада балалар әңгіменің мазмұнын айтты. Үшінші аптада осы әңгіме желісі бойынша түсірілген мультфильм тамашалады. Төртінші аптада аталған әңгімені   сахналап көрсетті.


Қазан айында жоспарға сүйене отырып, Мұхтар Әуезовтың «Жетім» шығармасы оқылды. Шығарма авторының өмірбаяны мен еңбек жолы, өзге де балаларға арналған шығармаларымен таныстырылды. Оқушылар шығарманың мазмұнын баяндады. Әңгіме желісі бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, тест тапсырмаларын орындады. Қайырымдылық акциясы туралы түсінік берілді.


Мақсаты: Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру.Азаматтық,рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

  1. Міндеттері:
  2. Оқушыларға оқу-білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбекқорлық қасиеті туралы түсінік беру
  3. Оқушыларды оқуға, білім алуға дағдыландыра отырып, табандылық қасиетіне баулу
  4. Оқушыларды табандылыққа, еңбекқорлыққа, қанағатшылдыққа тәрбиелеу.

3 – сыныптар бойынша атқарылған жұмыс: 

Қыркүйек айының 6 –шы жұлдызында Сапарғали Бегалиннің « Есеннің кірпісі» әңгімесін оқыдық.Сапарғали Бегалиннің өмірбаянымен танысты.Әңгімені мәнерлеп,  табиғат суреттелген жолдарды тауып оқыды.Сапарғали Бегалиннің әңгімесінде   табиғатты суреттеуі, оқушылардың жақсы мінездерімен қоса жаман әдеттен арылу керектігі жайлы шығармада  айтылғанын түсінуге болады.

Қыркүйектің 13-ші жұлдызында оқушылар әңгіменің мазмұнын айтты.

Қыркүйектің 20-шы жұлдызында оқушылар топқа бөлініп сұрақтарға жауап берді.Әңгімеден  тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындап, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтірді.

Қыркүйектің  27-ші жұлдызында әңгімені рөлге бөліп оқыды.

Қазан айының 4-ші жұлдызында Иван Крыловтың « Шегіртке мен құмырсқа»шығармасымен танысты.Шығарманы аударған Абай Құнанбаевтың басқада аударған шығармалары жайлы ,Иван Крыловтың балаларға арналған қазақ тіліне аударылған мысалдарымен таныстырылды


Қазан айының 11 –ші жұлдызында Мысалды сахналап көрсетті. Оқушылар бекер босқа уақыт өткізбеу, өмірде шегіткеге ұқсас адамдар болатынын түсінді. 

Қазан айының 18-ші жұлдызында  әңгіме желісі бойынша сурет салды Ұқсастығы мен айырмашылықтары  айтылды..Салған кейіпкерлеріне мінездеме берді.

Мысалдағы жәндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйренді

Мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе білу дағдылары дамып,

оқушылардың шығармашылық қуаттары шыңдалады.


4 – сыныптар бойынша атқарылған жұмыс: Қыркүйек айында оқушылармен «Республика рәміздері» тақырыбында жұмыстар жүргізілді. Бұл тақырып бойынша оқушылар Республика   рәміздері  туралы білімдерін шыңдай түсті.  Елтаңба, гимн және туға сипаттама беріп, сұрақ- жауап арқылы әңгімелеу жүргізді. Оқушылар Тұманбай Молдағалиевтің «Әнұран», «Елтаңба», «Біздің ту» өлеңдерін, сонымен қатар Кәкімбек Салықовтың «Ең сұлу қала әлемде», Күләш Ахметованың «Қазағым менің» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Оқушылар осы аталған өлеңдерді қалауы бойынша жатқа айтты. 

Қазан айында  оқушылар   «Ырыс сыр» аңызымен танысты. Аңызды мәнерлеп оқуға машықтанды. Оқушылардың  мазмұнын айта отырып,  сөздік қоры кеңейіп, ойын еркін жеткізуге, дұрыс сөйлеуге үйренді. Келесі сабақтарда оқушылар осы тақырып бойынша бір – біріне сұрақ қоя отырып, дұрыс сұрақты құрастыруға, сұраққа нақты  жауап беруге   дағдыланды.  Мәтін мазмұны бойынша  мазмұндама жазды. 


ДТЖО         Бизакова Г.О.