«Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі » Е.Орымбетов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі
24
май
2024

«Білім.Өнер.Еңбек» бірлестігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жылдық есебі

тиісті емес,   оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәләу керек» е Ы.Алтынсарин

Ең алдымен ұстаздық шеберлікке жету үшін әр маман өз ісін,жұмысын сүю керек деп ойлаймын. Жалпы мұғалімдік мақсатым-құзырлы шәкірт тәрбиелеу. Қазіргі күнде еңбек өтілім-10 жыл, педагог-сарапшымын. 2023-2024 оқу жылында 8,9,10,11 сынып оқушыларымен жұмыс жүргіздім. Жыл бойын аталған сыныптармен ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтатын болсам:  

- «Үздік сабақ» байқауында тәжірибе алмасу мақсатында «Қаңқаның құрылысы мен қызметі» тақырыбында 8 «г» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткіздім. (3-орын)

-«Атадан-аптаға» іс- бойынша 8 «ә» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді.

-онкүндік барысында 10 «ә» сынып оқушыларымен «Жыныспен тіркесіп тұқымқуалайтын аурулар» тақырыбында ашық сабақ

-онкүндік аясында 10 «а» сынып оқушыларымен «Ой мен ойын» атты сабақтан тыс сабақ. 

Сонымен қатар өзара тәжірибе алмасу мақсатында жас мамандар онкүндігінде ұйымдастырылған семинарда оқу-практикалық ақпарат алмастық.

-Биология-химия мұғалімдеріне арналған аудандық тәжірибе алмасу семинарында биология пән мұғалімдерімен қиын тақырыптарды талдау және зертханалық жұмыстарды жүргізу талаптары бойынша іс-тәжірибе алмасу болды.

Сонымен құатар білім жетілдіру курстары бойынша ,яғни пәндік құзіреттілік бойынша «Биология пәні бойынша қиын тақырыптар» тақырыбындағы курстан өттім.

2023-2024 оқу жылында оқушылар да биология пәнінен олимпиадаларға , онлайн форматтағы сайыстарға қатысты. Нәтиже бойынша:

-11 «а» сынып оқушысы Жумакан Тәңірлан аудандық пән олимпиадасында 3-орын

-- «Зияткер» республикалық ғылыми-әдістемелік
 орталығының қаңтар айы олимпиадасы 3-орын,
 (жетекшіге алғыс хат)
 11 «А» сынып оқушысы Мұратбаева Аяулым

2023-2024 оқу жылындағы білім сапасы:


8 «ә»

8 «г»

9 «а»

9 «ә»

9 «б»

10 «а»

10 «ә»

10 «б»

11 «а»

11 «ә»

Сапа 

58%

57,7%

51,12%

58%

50,9%

56,5%

65,5%

54%

78%

71%

үлгерім

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%


Аталған жұмыс нәтижелеріның қатары келесі оқу жылында да толықтырыла түседі деп мақсат қойып отырмын. Қорыта келе, таңдаған педагогикалық әдіс-тәсілдерім, технологияларым нәтижелі, өйткені баланың жеке тұлға болып дамуы мен қалыптасуына бағытталған. Қызметімнің ең негізгі объектісі-бойындағы бар қасиеттерімен, қабілеттері,өзіндік мәселелері бар оқушы. Өмірдің талабына сай құрылған сабақ оқушыны білім алушы субъект ретінде мүмкіндігінше өз бетімен ізденуге жағдай жасау арқылы, оның шығармашылық қабілеттерін ашып, білім алуға бағыт беру. Меніңше, бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы-оқушы мен ұстаздың қарым-қатынас стилі өзгеруінсіз мүмкін емес. Демек, қызықтыру,көмектесу, белсендендіру,демеу арқылы істі өз орнынан қозғауға болады.

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ- сінің химия пәнінің мұғалімі Ноканова Даметкен Нуроллановнаның 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмысына есебі.

2023-2024 оқу жылында  химия пәнін оқытудың интерактивті тақтаны қолдана отырып платформалар бойынша тапсырма орындату,  оқушылардың үй тапсырмасын орындап, ауызша жауап қайтаратындай   әдіс-тәсілдер қолдана отырып сабақтарымды өткіздім. Биылғы оқу жылында 7 сыныптан екеу,  8 сыныптан алтау,  10 сыныптан төрт сынып комплектісіне сабақ бердім. Апталық жүктемем 24 сағат болды. Үй тапсырмасын орындап келген оқушыларда жоғарғы ҚБ алуға мүмкіндік болғандықтан, оқушылар үй тапсырмасын орындап келетіндей жағдайға қол жеткіздім деп айта алам.  Білім алушылардың арасында жауапкершілікпен қарап тапсырманы тиянақты орындап келектін оқушылар көптеп табылды, арасында тапсырманы орындамаған білім алушылар да болды. Өз бетінше бүкіл сыныпқа  оқу мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының әдістемелік жиынтығын қолдана отырып өзім де топқа және жұпта орындайтын тапсырмалар, химиялық диктант, тест тапсырмаларын алып оқушылардың білімін тексеріп отырдым. Күнделікті сабаққа қатысқан оқушылардан сабақ сұралып, қатысқан оқушылар білімін бағалап отырдым. 

  Оқу жылы бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасы төменгі кестедегідей болды. Жалпы білім сапасы төмен сыныптар жоқ. 

сыныптар

Пәні 

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

1

7 «Ә»

Химия 

100

80

2

7 «Б»

Химия 

100

73

3

8 «А»

Химия 

100

59

4

8 «Ә»

Химия 

100

58

5

8 «Б»

Химия 

100

59

6

8 «В»

Химия 

100

58

7

8 «Г»

Химия 

100

57

8

8 «Д»

Химия 

100

61

9

10 «А»

Химия 

100

64

10

10 «Ә»

Химия 

100

76

11

10 «Б»

Химия 

100

54

12

10 «В»

Химия 

100

100


орташа


100

66.58


Оқу үлгерімі 100%  білім сапасы  66.58% құрап отыр. 

Дарынды оқушылармен жұмыс  оқу жылы бойы жүргізілді. Оқушылар мектепішілік олимпиадаға қатыстырылды. Аудандық олимпиадада Өмірхан Нұрай бірінші орын алып, облыстық олимпиададан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 




Оқушының аты –жөні

Сыныбы

пәні

Бағыты

1

Аязбек Алуа

8 «А»

Химия 

Олимпиада

2

Дауытбай Алдияр

8 «А»

Химия 

Интеллектуалдық сайыс

3

Манасқызы Әсем

8 «А»

Химия 

Ғылыми жоба

4

Төлен Сағыныш

8 «А»

Химия

Интеллектуалдық сайыс

5

Сәбит Әсет

8 «Б»

Химия

Олимпиада

6

Кенжебай Мерей

8 «Б»

химия

Олимпиада 

7

Садуваккасова Дариха

8 «Г»

химия

Интеллектуалдық сайыс

8

Әсенқызы Меруерт

10 «А»

Химия 

ҰБТ

9

Хабит Томерис

10 «А»

Химия

ҰБТ

10

Есимова Ақбота

10 «Ә»

Химия

Интеллектуалдық сайыс

11

Өмірхан Нұрай

10 «Ә»

химия

ҰБТ


«Білім, еңбек, өнер» бірлестігінің онкүндігінде  10 «А» сыныбымен «ІІ (2)- топ элементтерінің  қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Ашық сабақта барлық оқушы бағаланды, химиялық  қасиеттері бойынша зертханалық тәжірибе көрсетілді, реакция теңдеулерін жазып, жұптық және топтық жұмыс жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.   10 сынып оқушылары арасында «Ғажайып химия» тақырыбында сыныптан тыс сабақ интерактивті платформаларды қолданып өткізілді. Оқушыларға ақшалар сертификаттар берілді. Білім адамды    жетістікке  жеткізетінін көрсетіп, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттырғым келді. 

   Оқу жылында  оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары жақсы. Зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстар өз деңгейінде өткізілді. Реактивтер мен құрал- жабдықтар барлығы көрсетілді.

«Қ.Орымбетов  атындағы орта мектеп» КММ 

«Білім.Өнер.Еңбек» пән  бірлестігінің

05.02-15.02 аралығындағы онкүндік жоспары